Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлы даланын улы есiмдерi: Тәжібаева Патшайым Тәжібайқызы

Автор:   •  Май 6, 2019  •  Статья  •  1,977 Слов (8 Страниц)  •  984 Просмотры

Страница 1 из 8

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ:

 Тәжібаева Патшайым Тәжібайқызы

Қойшы Е.Б.

Абай атындағы ҚазҰПУ

«Тарих» мамандығының 2 курс магистранты

(Алматы қ.)

1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясының ашылуы республикадағы ұлттық ғылыми-педагогикалық интеллигенцияның дайындалуының мықты факторы болды. Диссертациялық кеңестер саны ұлғайып, аспирантура мен докторантураға қабылдау көбейді, ғылыми басылымдар саны айтарлықтай өсті. 1960 жылдардың соңына қарай Қазақстанның ұлттық-педагогикалық интеллигенциясының қалыптасуы аяқталды деуге болады [1, 97 б.]. Осы жылдарда елімізде қалыптасқан ғылыми интеллигенцияның біраз бөлігін әйелдер құрады. Егер ҚазКСР Ғылым Академиясының құрылған кезінде 420 ғылыми қызметкер әйел жұмыс істесе, 1975 жылы 1507 ғалым әйел еңбек еткен. Оның 468-і қазақ әйелдері [1, 98 б.]. Сондай-ақ, 1975 жылы республикада ғылым докторы атағын алған әйелдер саны - 117, ал ғылым кандидаттары - 3 мыңға жуық болған [2, 113 б.].

Медицина, филология, педагогика сынды ғылымдармен қатар қазақ әйелдері тау-кен ісі, геология, гидрогеология, гидрофизика сияқты көбіне ер адамдар айналысатын ауыр ғылымдарға да еркін араласа бастады. Бұл салада Шығыс әйелдері арасынан шыққан тұңғыш геология-минерология ғылымдарының докторы Патшайым Тәжібайқызының сіңірген еңбегі айтарлықтай.

Геология ғылымының да басқа табиғи ғылымдар сияқты ондаған өзекті салалары бар: минерагия, металлогения, геохимия, петрография, литология, минералогия, геотектоника, геофизика т.б. [3, 29 б.]. Соның ішінде, литология жалпылай петрография саласының бір бөлігіне жатады. Батыс елдерінде литологияны «седиментология» деп атайды. Литология ғылымы шөгінді тау жыныстарының қалай жаралуы, құрылысы, құрамы, олардың геологиялық, минерологиялық, литологиялық, геохимиялық ерекшеліктерін зерттейді. Жер қойнауындағы қазба байлықтардың 60-70 пайызы осы шөгінді тау жыныстарымен тығыз байланысты, кен орындары солардың арқасында қалыптасады [3, 30 б.].

Осы литология ғылымының Республикада алғаш іргесін қалаған, оны терең дамытқан ғалым – Патшайым Тәжібайқызы. Өзінің сүйікті ұстазы Қ.И. Сәтпаевтың жетекшілігімен ол Сарыарқа жеріндегі Ұлытау – Жезқазған аймағындағы негізгі кендер – мыс, темір, алюминий, асбест т.б. қазбалардың шөгінді жыныстармен тығыз байланыста екенінін зерттеп, олардың геологиялық, минералды-геохимиялық ерекшеліктерін толығымен көрсетті. Одақтар көлемінде бірінші болып шөгінді жыныстарда көптеп тараған майда дисперсті саз минералдардың ерекшелігін зерттеу үшін рентген электронды микроскоптарды қолданды. Ғалым Ұлытау – Жезқазған аймағынан кейін Сарыарқаның көптеген өлкелерінде перм дәуіріндегі шөгінді жыныстарды және тотыққан қабықшаның (кора выветривания) литологиясы мен минералогиясын зерттеп бірнеше еңбектер жазып, олардың арасында қазба байлықтардың (никель, алюминий т.б.) бар екенін дәлелдеді [3, 30 б.].

Тәжібаева Патшайым Тәжібайқызы 1920 жылы Шымкент облысы, Ленгер ауданында, Қарақия ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесінен жастай жетім қалған болашақ ғалым 1931 жылы анасымен бірге Алматыға көшіп келіп, тәжірибелі-көрсеткіш мектебі жанындағы интернатқа оқуға қабылданады. 1 сыныпты аяқтағаннан кейін оны интернаттың Қапалдағы бөлімшесіне ауыстырады. 1933 жылы мектептің жабылуына байланысты Талдықорған қаласындағы колхоз жастары мектебінде білімін жалғастырады. 1936 жылы жеті жылдық интернатты аяқтағаннан кейін, Алматы педагогикалық техникумына оқуға түседі. 1939 ж. техникумды бітірген соң, В.И. Ленин атындағы Орта Азия Мемлекеттік университетінің геолого-географиялық факультетіне оқуға қабылданады. 1942 жылы университетті аяқтағаннан кейін Ташкент қаласындағы Орта Азия индустриальды институтының  тау-кен факультетіне аспирантураға қалады. 1943 жылдың бас кезінде КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының аспирантурасына, яғни Алматы қаласына ауысады. 1944 жылы Мәскеу қаласындағы КСРО Ғылым Академиясының аспирантурасына жолдама алып, 1947 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап бітіріп шығады [4, 1 п.].

...

Скачать:   txt (28.6 Kb)   pdf (152.7 Kb)   docx (16.9 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club