Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандық теннисшілер француздық беделді жарыстарына жолдама ұтып алды

Автор:   •  Февраль 3, 2019  •  Творческая работа  •  439 Слов (2 Страниц)  •  356 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазақстандық тениисшілер француздық беделді жарысына жолдама ұтып алды.

Les Petits As (фр. Кішкентай чемпиондар) атты беделді, ауқымды жарыстарға 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатыса алады. Осы жас категориясына сәйкес, бұл жарыстардың Әлем чемпионаты деген дәрежесі бар. Ол Француз елінде жабық корттарда жыл сайын өткізіліп тұрады. Қазақстан осы жарыстарға бірден 2 жолдама жеңе алды.

Айта кететін болсақ, Les Petits As жарыстарына, Қазақстан үшін бірінші іріктеу жарыстары Азия плей – офф қарсанында 19 қазанда Табро қаласында өткен болатын.

Индия құрамасы осы жарыстарда ең мықты көрсеткіштер көрсетті. Ол Les Petits As финалына бірден 4 ұлдарын жіберетін болды. Ал, Индияның қыздар құрамысына келсек, Сингх 3 орын иеленіп, өзін финалға жолдамамен қамтамасыз етті. Жалпы алғанда, Франция елінде өтетін жарыстарда, Индия 5 спортшыларымен көрінетін болады.

Ал, Қазақстан құрамасына келетін болсақ, қыздар арасында біздің Сандуғаш Кенжебаева финалға жетіп, Тайбэй елінен 3:6, 2:6 есебімен жеңіліп, өзін Франция елінде өтетін жарыстарға жолдамамен қамтамасыз етті. Ал, ұлдар жарыстарына келетін болсақ, біздің отандасымыз Ерасыл Ерділдә үшінші орын үшін таласта үндістандық теннисшісін 4:6, 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, жолдама ұтып алды.

Жалпылай келе, Азия делегациясы Les Petits As жарыстарына 9 спортшы жібермек. Айта кететін жағдай, осы ойындар келе жатқан 2019 жылдың 17 – 27 қаңтар аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы осы жарыстарда Азия намысын қорғайды.

Осы Азия плей – офф жарыстарынан кейін, спортшыларымыздың жақсы нәтиже көрсете алатынын көріп отырмыз. Ал ендеше, спортшыларымызға келе жатқан жарыстарда тек жеңіс тілейміз!

...

Скачать:   txt (5.8 Kb)   pdf (33.4 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club