Қазақстандағы кедейлік жағдайына статистикалық көзқарас
Автор: asel998 • Март 29, 2018 • Курсовая работа • 3,095 Слов (13 Страниц) • 1,388 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
I ТАРАУ. БАЙЛЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕЙЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ: ТҮСІНІГІ, ӘЛЕУМЕТТІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚЫРЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ОРНЫ................................................................................5
- Байлық және кедейлік түсінігі және мәнін ең алғашқы зеттеулер..................................................................................................................5
- Байлықтың және кедейліктің әлеуметтік және философиялық қыры.........................................................................................................................8
- Экономикалық психологиядағы байлық және кедейлік түсінігі.....................11
II ТАРАУ. ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНА ПСИХОЛОГИЯНЫН ӘСЕР ЕТУІ: «БАЙЛЫҚ» ЖӘНЕ «КЕДЕЙЛІК» ҰҒЫМДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІ.........................................................................................................................14
2.1 Қазақстандағы байлық пен кедейлік мәселесі..................................................14
2.2 Қазақстандағы кедейлік жағдайына статистикалық көзқарас........................15
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................21
КІРІСПЕ
Байлық және кедейлік — әлеуметтік стратификациямен тығыз байланысты ұғым. Әлеуметтік теңсіздік экономикалық теңсіздікпен байланысты, ал экономикалық теңсіздік қоғамдағы тапшы қор – ақша, билік, білім және халықтық топ немесе әртүрлі страта арасындағы мәртебені біркелкі бөлмеуді сипаттайды.
Теңсіздікті өлшейтін негізі өлшеуіш ол өтемпаз құндылық. Бұл қызметті әдетте – ақша атқарады. Ақша мөлшері жеке тұлғаның немесе жанұяның әлеуметтік стратификациядағы орнын анықтайды. Егер теңсіздікті шкала есебінде елестетсек, онда оның бір полюсінде игілік мөлшерін көп ие ететіндер (байлар), ал екінші полюсінде – игілік мөлшерін аз ие ететіндер (кедейлер) болады. Сонымен, кедейлік – әлеуметтік игілікке шектеулі мүмкіндігі бар және өтемпаз құндылығы минималды мөлшерде болатын адамдардың экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайы.
Байлық – бұл адамда немесе қоғамда материалды және материалды емес құндылықтардың мол болуы, оларға ақша, өндіріс құралы, жылжымайтын мүлік немесе жеке меншік жатады. Байлыққа сонымен бірге денсаулық сақтауға, білімге, мәдениетке жолдың ашық болуын да жатқызуға болады. Әлеуметтануда бай деп – қоғамның басқа мүшесімен салыстырғанда басым құндылықтарға ие адамды айтады.
Біздің елде жеке меншіктің жоғары топ иелері бүкіл халықтың 3% құрайды,олар 90-шы жылдардың аяғында қалыптаса бастады, ол кездері Қазақстан нарықтық қатынасқа, демократияға, батыстық типте ұоғамдық топқа бет алған болатын. Бес жыл ішінде бай топтармен бірге өмір сүру деңгейлері кедейлік шегіндегі қоғамның әлеуметтік төменгі өкілдері де қалыптасты.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қазақстан қазір күрделі өзгерістерді кешуде. Біздің қоғам өміріне кедейлік, қайыршылық проблемалары күннен күнге дамып келеді. КСРО заманына қарағанда қазіргі тәуелсіз еліміздің кедейшілікпен проблемаларының сипаты басқа. Бұл мәселені толық анализ жасамай түсіну мүмкін емес. Сондықтан зерттеу жұмысына келесідей міндеттер қойылған:
- Экономика саласындағы психологияның рөлін анықтау;
- «Байлық» және «кедейлік» сияқты экономикалық терминдердің жан-жақты қарастырып экономикаға әсерін анықтау.
Зерттеу пәні. Ел экономикасына психологияның әсер етуіжәне қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар.
Зерттеу объектісі.Байлық және кедейлік түсінігі.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық, теориялық және іс-тәжірибелік негізі. Психологияның ел экономикасына әсері тақырыбында жазылған ТМД және отандық зерттеушілердің мақалалары, отандық ғалымдардың диссертация жұмыстары мен ғылыми-теориялық конференциялар материалдары, шетелдік ғалымдар зерттеу жұмыстары, ҚР Ұлттық Статистика Агентінің статистикалық мәліметтері,бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, мерзімді басылым мақалалары зерттеудің әдіснамалық, теориялық сондай-ақ іс-тәжірибелік негізін құрайды.
...