Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Нығмет Нұрмақов

Автор:   •  Октябрь 22, 2021  •  Реферат  •  1,654 Слов (7 Страниц)  •  375 Просмотры

Страница 1 из 7

               [pic 1]

         

           Реферат

                       

Тақырыбы:Нығмет Нұрмақов

Мақсаты:Нығмет Нұрмақовтың өмірбаяны мен еңбектері туралы мәлімет жинау.

Орындаған:Асқар Марал 1курс.Қаржы

Тексеруші:Саурықова Жанар Сансызбайқызы

Кіріспе.

Қазақ өнерінің көгінде мəңгілік жұлдыздай жарқырап, ел рухын өлмес мұраларымен асқақтатып тұрған күй күмбезі Тəттімбет, асау арынды əнші-сазгер Мəди, күміс көмей əншілер Ғаббас Айтбаев пен Жүсіпбек Елебеков дүниеге келген Балқантау өңірінде дүние есігін ашқан тағы бір танымал тұлға - Нығмет Нұрмақовтың туғанына сəуір айының 25 жұлдызында 110 жыл толады. Сіңірі шыққан кедей Нұрмақ Қу болысының белгілі шонжары Ақайдың Хасенінің жалшысы болған. Алайда көкірек көзі ашық, өз заманының озық ойлы байы Хасен Қарадыр деген жерде алғашқы бастауыш мектеп ашқан, оған сол шақтың зиялы қауымын тартқан. 1906 жылы ашылған осы мектепке Нұрмақ өз үйін босатып беріп, оқу орнын ұстау, түнде күзету тəрізді қара шаруаларын мойнына алады. Зерек те талапты ұлдары Нығметті осы мектепте оқытады. Əңгімеміздің əлқиссасын Нұрмақ атадан өрбіген ұрпақтар жөнінде бастағанымыз дұрыс. Санасы сырлы, қаратабан шаруаның кіндігінен Мапыш, Нығмет, Құрманғалы, Торғай, Мəжкен, Қайша, Жəмел, Шөкен барлығы 8 бала дүниеге келген. Ең алдымен айтар болсақ, Нұрмақтың Нығметінен Тамара атты қызы мен Ноян атты ұлы болған. Өкінішке орай 37-жылдың ойранында екі бала да балалар үйіне өткізіледі. Тамара сонда жүріп қаршадай шағында дүниеден өтеді. Ноян болса жоғары білімді су маманы болады. Ол да 61 жасында Мəскеуде анасы Зүфүнінің қолында қайтыс болады. Онан туған қыздар қазір Ресей елінде. Нығметтің жары Зүфүнін жеңгеміз 94 жасында дүниеден өтті. Ол күш-қуаты бойында бар кезінде Қарқаралыға, Қарағандыға келіп тұрған. 1985 жылы Н.Нұрмақовтың 90 жылдығына байланысты Қарқаралыда өткен салтанатқа қатысты. Нығаңның жұбайы Зүфүн мүқым орта жүзге аты мəшһүр дəулетті адам Ақбайдың Ыбырайының қызы. Ыбы-райдың əкесі Берікқара болысындағы көзі қарақты, еті тірі, дəулетті адамның бірі болған Ақбай Жандеркин. Ол 1905 жылы Ресейдің ұлы мəртебелі Императорына Қарқаралы оязына қарайтын 21 болыстың атынан петиция жолдаған адамдардың бірі. Ақбайдан Ыбырай мен Жақып туған. Жақып казақ халқының тəуелсіздігі жолында өмірінің соңғы сəтіне дейін күр,есіп өткен ғұлама ғалым, əйгілі заңгер. Бұл жөнінде 1997 жылы Алматының «Жеті жарғы» баспасынан жарық көрген «Жақып Ақбаев» атты монографиясында маңызды білім беретін «Болашақ» институтының ректоры, заң ғылымдарының докторы Н.Дулатбеков пен Петропавл университетінің доценті, белгілі ғалым-журналист З.Тайшыбай мынандай дерек келтіреді: «Жақып Ақбаевтың 1903 жылы Петербор университетінің заң факультетін бітіріп, бірінші дəрежелі диплом алғаны рас. Оған дəлел - Омбы архивінен тапқанымыз - Жақып Ақбайұлы Ақбаевтың дипломы. Ескерте кетейік, бірінші дəрежелі диплом дегеніміз - ғылым магистрінің мəртебесі. Бізге мəлім Бақытжан Қаратаев, Райымжан Мəрсеков, Ахмет Бірімжанов екінші дəрежелі диплом алған. Ол - кəдімгі жоғары білім. Бұдан жоғарыда аталған бабаларымыздың абыройы кеміп қалмайды; біздің айтпағымыз - шындық». Бүгінде Нұрмақ балаларынан тараған ұрпақтың көбі Қарағанды, Алматы қалаларында тұрады. Оның ішінде Шөкен 49 жасында дүние салса, жалындап тұрған жас Құрманғалы қазақ кавалериялық полкінде штаб бастығы болып тұрған шағында Алматы қаласында «үштіктің» үкімімен атылып кетеді. Торғайдан туған Ібін Асқаров Мəскеудегі Тимирязев ауыл шаруашылық академиясын бітіріп республиканың бірнеше облыстарында облыстық атқару комитетінің төрағасы, обком хатшысы тəрізді лауазымды қызмет атқарып елжұртының құрметіне бөленген адам. Қазір Алматы қаласында тұрады. Нығаңның Мапыш атты қызынан туған Мұқыш республикаға танымал оташы болды, медицина ғылымдарының кандидаты, өкінішке орай өмірден ерте озып кетті. Оның ағасы Мүқаш Сəбитов ұзақ жылдар Егіндібүлақ ауданында партия, кеңес органдарында, халықтық бақылау комитетінде жемісті еңбек етті, қазір зейнеткер, Қарағанды қаласында тұрады. Құрманғалыдан қалған тұяқ Кəмел Нұрмақов республикаға танымал сəулетші. Үздік сəулет туындылары үшін үш дүркін Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған, Оңтүстік астанада тұрады. Нығаңның Жəмел атты баласы ұзақ, жылдар «Қоянды» кеңшарында механик, машина ауласының меңгерушісі болып тыңмен бірге түлеген кеңшардың экономикалык. өрлеуіне елеулі үлес қосқан адам. Оның баласы Аман Нұрмақов Алматы медициналық институтында дəріс береді, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Бірнеше ғылыми монографиялардың авторы, Нығметтің қарындасы Қайшадан Ркен атты ұл, Тамара, Мəрия, Дəмеш атты қыздар дүниеге келген. Олар да жоғары жəне арнаулы орта білім алып, халық шаруашылығының əр саласында еңбек еткен, бүгінде зейнеткер, үрпақ жайған əулеттердің отаналары. Енді қаузап отырған тақырыбымызға ойыссақ Нығмет Нұрмақов бүкіл өмірін киелі халықтың бөлінбес бөлшегі, оның арманы мен мүңының, тарлан тарихындағы мың өліп, мың тірілген тар жол, тайғақ кешудегі аласапыран шағын бастан бірге кешірген. Сол жолда өзін құрбандыққа шалған белгілі қоғам қайраткері ретінде есімі ел жадында қалған бірегей тұлғалардың бірі. Ол қамшының сабындай келте ғұмырында социалистік жолды қалаған кеңес жұртының əлеуметтік-экономикалық өрлеу кезеңінде іскер ұйымдастырушылық, кемел білімімен өлшеусіз үлес қосты. Білімнің бастау бұлағынан ауылда сусындап, онан кейін оқуды Қарқаралыдағы екі кластық орыс-қазақ училищесінде жалғастырады. Зерек шəкірт 1911 жылы Омбының мүғалімдер семинариясына барып түседі. Осында білікті де білімді ұстаздардан тиянақты дəріс алған Нығмет қатарластары арасынан оқ бойы озып шығып, елге оралғаннан кейін елдің қоғамдық тіршілігіне бірден араласып кетеді.

...

Скачать:   txt (23.9 Kb)   pdf (189.9 Kb)   docx (76.6 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club