Тауар өндірісінің пайда болуы және дамуы
Автор: Albina.25 • Октябрь 16, 2018 • Реферат • 605 Слов (3 Страниц) • 2,120 Просмотры
«Тауар өндірісінің пайда болуы және дамуы»
Жоспар:
- Тауар өндірісінің пайда болуы.
- Тауар өндірісінің түрлері және олардың ерекшеліктері.
- Тауар өндірісінің дамуы.
Тауар – назар аудару, илену, пайдалану және тұтыну үшін нарыққа шыққан мұқтаждық пен тұтынысты қанағаттандыруға арналған барлық ұсыныстар.
Тауарлы өндіріс – бұл нарыққа шығаруға адамдардың айырбасқа немесе жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін өнім. Тауарлы өндірісінің пайда болу және даму шарттарының себептері – бұл өндірушілердің экономикалық тәуелділігі және қоғамдық еңбек бөлінісі.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихи үш кезеңі болды:
Бірінші кезеңінде мал шаруашылығы егін шаруашылығынан бөлініп шықты, мұның өзі тайпалар арасында тұрақты айырбастың болуына жағдайлар туғызды.
Екінші кезеңінде қол өнеркәсібі егіншіліктен бөлініп шықты, бұл тауар өндірісінің өмірге келуінің бастауы болды.
Үшінші кезеңінде сауда өндірістен оқшауланды және көпес, саудагерлер өмірге келді. Осы кезден бастап тұрақты, нарықты байланыстар орнады.Тауар өндірісінің пайда болуының тағы бір себептеріне меншік қатынастары арқылы өндірушілердің бір бірінен экономикалық жағынан өзара оқшаулануы болып табылады. Ол жеке меншік орнағаннан соң пайда болды. Нарықтың төмендегідей типтері бар: Дамымаған; Еркін; Реттелетін; Бұзылған.Осы аталған нарық типтеріне сәйкес, тауар өндірісінің ерекше үлгілері қалыптасады:
1.Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі;
2.Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі;
3.Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісі;
4.Бұзылған нарыққа негізделген тауар өндірісі;
Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) - қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндірісі құрал жабдықтарына, жеке меншікке, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауар өндірісі кезінде жасалған өнімнің бір бөлігі ғана нарыққа шығарылады. Сондықтанда ол бүкіл экономиканы қамтымайды.
Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі (нарықтық экономика) - өзіне тән ерекше белгілері бар. Оған жататындар: а) адамның жұмыс күші тауарға айналады және өндірушінің өз еңбегін жалдамалы еңбекке алмастырады; б) қоғамда өндірілген өнімнің басым бөлігі жекелей тұтыну үшін емес, нарыққа, сатуға арналады.Бұл кездегі тауар өндірісі еркін бәсекеге негізделеді, сондықтан да оны еркін бәсеке дәуіріндегі капитализм немесе “еркін экономика ” деп атайды .Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруда нарықтар мен баға жүйесін кеңінен пайдаланатын тауар өндірісінің мұндай түрін нарықтық экономика деп атайды.
Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісі – экономикада екі сектордың болуымен, яғни: елдегі материалдық игіліктер мен бүкіл ресурстарды өндіруде, бөлуде,айырбастау мен тұтынуда мемлекеттік және жеке сектор үлестерінің жоғары болуымен ерекшеленеді.Мемлекет нарықтық экономикаға белсенді түрде араласады, дегенмен оның реттеушілік рөлін, оның “көрінбейтін қолы” принципін сақтайды. Реттелетін нарық экономиканы монополияландыру барысында қалыптасады, бұл кезде үкіметтің алдында бір ғана мәселе- монополияны тежеу міндеті тұрады.Мемлекеттік реттеудің негізгі формалары - заңдар шығару, салық салу, басқаруды қаржы арқылы жүзеге асыру.Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісінің бірнеше үлгілері бар:
...