Макарон өндірісінің даму тарихы
Автор: innnabat07 • Октябрь 15, 2022 • Реферат • 998 Слов (4 Страниц) • 245 Просмотры
[pic 1]
ОБӨЖ
Тақырыбы:Макарон өндірісінің даму тарихы
Орындаған:Сиражова И.Т
Тобы:ТХ20-12
Тексерген: Искакова Г.К
№1 ОБӨЖ
Макарон өндірісінің даму тарихы
1913 жылы бұрыңғы патшалық Ресейде тек 39 макарон шығаратын мекемелер болатын. Олардың өзі де тек бұрандалы немесе гидравликалық сумен қозғалатын престермен жабдықталған. Макарон өнімдерін сәкіге қойылған рамаларға салып кептірген, ал жазда рамаға салып немесе бағандарға іліп кептіретін болған. Ал, 1923 жылдары олардың саны 37ге жетіп, онда істейтін адамның саны 1264ке жеткен. 1928 жылы 47 мың тонна макарон өнімдері шығарылып, 1913 жылмен салыстырғанда 2 есе өскен.
1940 жылы, 1913 жылмен салыстырғанда, макарон өнімдерін шығарудың көлемі 14 есе өскен. Оны 1 кестеден көруге болады.
1 кесте 1940 жылға макарон фабрикаларының өркендеуі
Жылдар | Мекеменің саны | Мекеменің өнімділігі, мың тонна | Мекемелердің жылдық орташа өнімділігі мың т\ж | Макарон өнімдерінің көлемі, мың т/ж | Еңбек өнімділігі, т/жыл | Бір адамға шаққанда, кг/жыл |
1913 | 39 | 30 | 0,8 | 24 | 16 | - |
1923 | 37 | - | - | - | - | - |
1925 | - | - | - | 32 | - | - |
1928 | - | - | - | 47 | - | 0,8 |
1932 | - | - | - | 197 | - | - |
1940 | 113 | 430 | 3,8 | 324 | 35,4 | 1,7 |
1945 | - | - | - | 243 | - | - |
1950 | 189 | 590 | 3,1 | 440 | - | - |
1955 | 324 | 1050 | 3,1 | 958 | 47 | - |
1960 | 266 | 1290 | 5 | 1007 | 54 | - |
1965 | 255 | 1417 | 5,5 | 1251 | 61 | 5,4 |
1970 | 226 | 1422 | 6,3 | 1165 | 69 | - |
1972 | 214 | 1440 | 6,7 | 1317 | 70 | 5,5 |
1975 | 200 | 1440 | 7,6 | 1331 | - | 5,2 |
1980 | - | - | - | 1400 | - | - |
Осы жаңа салынған және қайта жабдықталған фабрикаларда жаңа жабдықтар бураттар, өздігінше тасымалдау жүйелері, шнектер, ХТУ қамыр илегіші, күшті патронваликті су престері, кеспе кескіштер, кассетадағы макарондарды және қысқа кесілген өнімдерді кептіретін калориферлі кептіргіштер қойылған.
1952 жылдан бастап макарон жасайтын мекемелерге ВИС 2 үзіліссіз жұмыс істейтін шахталы кептіргіш енгізіле бастады. Оны Шебекин машина жасау зауытында шығара бастады.
Үлкен орын алмайтын престер және ВМС 2 кептіргіш шығарылған соң, макарон өнімдері шағын кәсіпорында да шығарыла бастады. Міне осы престер және үзіліссіз жұмыс істейтін кептіргіш қондырғылар шығарылған соң, 1950-1955 жылдары Қазақстанда және басқа Орта Азия республикаларында ондағы нан зауыттарында, аудан орталықтарында, қаладағы тамақ өнеркәсібі комбинаттарында шағын макарон фабрикалары, цехтары салына бастады. Соның арқасында 5 жыл ішінде олардың саны 189-дан 324-ке дейін өсіп, орташа мекеме өнімділігін өсірмей ақ, макарон щығару мөлшерін 440-тан 958 мың тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік берді.
...