Сұйық және құрғақ экстракт-концентраттар.Полиэкстрактар. Экстрактар өндірісінің дамуы
Автор: Zhanikoo • Сентябрь 19, 2021 • Реферат • 1,341 Слов (6 Страниц) • 1,097 Просмотры
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Дәрілер технологиясы кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Сұйық және құрғақ экстракт-концентраттар.Полиэкстрактар. Экстрактар өндірісінің дамуы.
Орындаған:Дүйсембек Ж.П.
Тобы:В-ФҚА-01-17
Қабылдаған:Иманалиева С.М.
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
- Экстракт концентраттар
- Сұйық концентраттар алу тәсілдері
- Экстракт-концентраттар және полиэкстрактарды стандарттау
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Экстракттардың ерекше тобы. Стандартты экстракттар – тұнбалар мен қайнатпалар дайындау үшiн қолданылатын бастапқы материалдар.Олар сығындаудың қиын технологиялық операцияларын тез орындалатын операцияларға алмастырады. Экстракт-концентраттардың сұйық және құрғақ түрлерін ажыратады.
Сұйық концентраттар сулы-спирттi сығындылар болып табылады және сұйық экстрактардан айырмашылығы 1:2 қатынасында дайындалады. сұйық концентраттардан тұнбалар мен қайнатпалар дайындағанда рецепте көрсетілген дәрілік шикізат мөлшеріне қарасты концентраттың екі есе мөлшерін алады және оны судың тиісті көлемінде ерітеді.
Негізгі бөлім
Сұйық концентраттар сулы-спирттi сығындылар болып табылады және сұйық экстрактардан айырмашылығы 1:2 қатынасында дайындалады.Яғни, 1салмақтық бөлік бастапқы шикізаттан 2 көлемдік бөлік сұйық концентрат алады.Сондықтан, сұйық концентраттардан тұнбалар мен қайнатпалар дайындағанда рецепте көрсетілген дәрілік шикізат мөлшеріне қарасты концентраттың екі есе мөлшерін алады және оны судың тиісті көлемінде ерітеді.
- Шикiзат пен экстрагенттi дайындау.Экстрагент ретінде 20-40% этанол қолданылады.Экстрагенттің төмен концентрацияларын қолдану экстрактарды құрамы бойынша сулы сығындыларға жақындату үшін керек.Концентрациясы 20%-дан төмен этанол қолдануға болмайды,себебі препараттың антибатериальды тұрақтығын қамтамасыз етпейді.
Сығынды алу (экстракциялау)
- Перколяция
- Қарсы ағымды экстракция
- Қарсы ағымды бөлшекті мацерация тәсілдерінің бірімен жүргізіледі.
Перколяция-шикізат арқылы экстрагенттің үздіксіз ағымы өткізіледі, оның өсімдік материалының қабаты арқылы сүзілу процессі жүреді.
Экстракциялау әртүрлі конструкциялы перколяторлар деп аталатын ыдыстарда жүргізіледі.Олар цилиндрлі және конус тәріздес формалы, бу көйлегімен қапталған немесе онсыз, төңкерілетін немесе өздігінен түсіруші болып келеді,тот баспайтын болаттан, алюминийден, мыстан және басқа да материалдардан жасалынады.
[pic 1]
Жоғарғы жағынан перколяторлар бір немесе бірнеше тесіктері бар қақпақпен жабылады.Бұл тесіктер арқылы экстрагент жіберіледі, бу көйлегінен өңделген бу шығарылады.Төменгі жағында сығындыны құйып алатын краны бекітіледі. Перколяторлардың жалған түбі болады, оған фильтрлеуші материал және шикізат салынады.
Перколяциялау тәсілі: Шикізатты суландыру перколятордан бөлек ыдыста жүргізіледі.Ол үшін шикізатты салмағына тең немесе салмағының жартысына тең экстрагенттің көлемімен суландырып, 4-5 сағатқа араластырусыз қалдырып қояды. Жібіту. Ісінген немесе құрғақ материалды пероляторға тығыздап, арасында ауа неғұрлым аз қалатындай етіп салады.Егер шикізат тапталып қалатын болса онда оны перколяторға қабаттап салады, ал перколяторлардың өздері елеуіш тәрізді арнайы төсемдермен жабдықталады.Өсімдік материалын үстіңгі жағынан матамен жауып, материал қалқып, көтеріліп кетпеу үшін тесік дискімен бастырып қояды. Шикізатқа экстрагентті үстінен немесе астынан үздіксіз ағыммен жібереді, бұл кезде төменгі кран ашық тұруы керек.Экстрагенттің алғашқы тамшылары қабылдағышқа түсе бастаған кезде, кранды жабады, ал экстрагентті экстракторға қайтарып құяды.Осыдан кейін перколяторға таза экстрагентті айна пайда болғанға дейін құяды, шикізатқа ауа кіріп кетпеуіне ықпалын тигізеді.24-48 сағатқа қалдырады-мацерациялық пауза. Перколяциялау- бұл экстрагенттің шикізат қабатынан үздіксіз өтуі және перколятты жинау сатысы. Перколятордың кранын ашады,шикізатқа жоғарыдан үздіксіз, бір қалыпты жылдаимдықпен экстрагент жібереді.Концентрлі сығынды өсімдік материалынан таза экстрагент ағымымен ығыстырылып шығарылады.
...