Өндірістік және азаматтық кешендердің инженерлік құрылымдары
Автор: Назерке Толеген • Октябрь 14, 2020 • Лекция • 3,348 Слов (14 Страниц) • 517 Просмотры
Дәріс №13. Тақырыбы: Өндірістік және азаматтық кешендердің инженерлік құрылымдары. Цилиндрлі резервуарлар. Тік төртбұрышты резервуарлар. Су мұнаралары. Бункерлер мен силостар. Тірек қабырғалары. Туннельдер мен каналдар.
Цилиндрлі резервуарлар. Тік төртбұрышты резервуарлар. Жалпы мәліметтер.
Суға арналған резервуарлар wилиндрлік және призматикалық (жоспарда тікбұрышты) формаларда, тереңдетілген (жер деңгейіне қатысты) және жер үсті, жабық (жабындысы бар) және ашық болады. Резервуарлар монолитті, құрастырмалы және құрастырмалы-монолитті орындалуы мүмкін.
Конструктивтік шешімдер.
Құйма темірбетон резервуар жоғарғы жағында капительдері және төменгі жағында кері капительдері бар колонналармен тірелген тегіс арқалықсыз жабыннан, цилиндрлік формадағы тегіс қабырғадан, жалпақ қабырғасыз тбаннан тұрады. Құйма темірбетон дөңгелек резервуарлардың басқа да конструктивтік шешімдері қолданылды: 6x6 м және одан да көп қадаммен бағаналар бойынша, қабырғаларға бекітілген күмбезді жабындар, қабырғалардан ішке, резервуардың ортасына қарай еңісі бар табанды және т.б. Бірқатар себептер бойынша олар типтік конструкцияларға орын берді.
[pic 1] | 1-сурет. Арқалықсыз жабынды цилиндрлі құйма темірбетон резервуар. 1 – қабырға; 2 - люк; 3 - арқалықсыз жабын; 4 - колонналар; 5 – капительдер; 6 – табан; 7 – ойық. |
[pic 2] | 2-сурет. Цилиндрлі резервуардың құрама жабынының схемасы. 1- цилиндрлі қабырға; 2 – колонналар; 3 – сақиналы арқалықтар; 4 – дөңгелек жазық тақта; 5 – периметрі бойынша қырлары бар трапеция тәрізді тақталар. |
Резервуарларда алдын ала кернеулі горизонталь жұмыс арматурасын қабырғалардың сыртқы беті бойынша орналастырады. Қабырғалық панельдер екі жақты тормен арматураланады, оның стерженьдерінің қимасы конструктивтік түрде тағайындалады. Көрші қабырға панельдерінің арматураларық шығымдары өзара дәнекерленеді, сол арқылы панельдердің жобалық орынына бекітілуі және алдын ала керілетін арматурамен қабырғаларды қысқанға дейін отыру және температуралық жарықшақтарды болдырмау қамтамасыз етіледі.
Құрама қабырға панельдерінің вертикаль арматурасын дайындау, тасымалдау және монтаждау кезеңінде олардың беріктігі мен жарықшаққа төзімділігі шарттары бойынша қабылдайды. Панельдердің төменгі бөлігінде қабырғаның түбімен өзара әрекеттесуі салдарынан пайда болатын иілу моменттерін (вертикаль бағытта әрекет ететін) қабылдау үшін қажетті қосымша стерженьдер көзделеді.
Құрама қабырға панельдерінің табанмен қосылуы қабырғаның радиалды орын ауыстыруын және табанның сақиналы қуысында бұрыштық бұрылуды болдырмайтын қатаң және осы орын ауыстыруларға жол беретін жылжымалы болуы мүмкін. Панельдер мен табан арасындағы саңылау бірінші жағдайда ұсақ қиыршық тасты берік бетонмен, екінші жағдайда — суық битум мастикасымен толтырылады. Қабырға панельдерінің табанға қатаң бітелу тереңдігін есептеу арқылы анықтайды, бірақ қабырға қалыңдығынан 1,5есе кем емес шамада қабылданады.
Есептеу.
Резервуардағы сұйықтық оның қабырғаларына тереңдіктің ұлғаюымен сызықтық байланыста өсетін гидростатикалық қысым көрсетеді. Бұл қысымның сұйықтық деңгейінен (l—х) тереңдіктегі нормативтік мәні . Олардың өзара әсерінің салдарынан иіюші момент және көлденең күш пайда болады. Олардың мәндері олардың түйісу сызығы бойынша екі конструктивтік бөліктердің шеттерінің бұрыштық орын ауыстыруының бірлігінен анықталады.[pic 3]
[pic 4]
мұнда ρ – сұйық тығыздығы (су үшін ρ=1); 1,1 – жүктеу бойынша сенімділік коэффициенті.
Гидростатикалық қысым қабырғада сақиналы созушы күш тудырады. Табаннан бөлінген қабырғада сақиналы күштердің эпюрасы сызықтық кескінде болады (3в-сурет). Сақиналы күштердің әсерінен қабырға периметрі ұзарады және қабырғаның өзі радиалды бағытта қозғалады. Осы қозғалыстардың эпюрасы W N эпюрасының сызығы бойымен қайталанады.[pic 5]
Қабырға табанмен қатаң түйіскен кезде табан деңгейіндегі радиалды орын ауыстырулар табанның өз жазықтығында аз деформациялануы салдарынан нөлге тең. Осыған байланысты қабырғаның вертикаль түзушісі қисаяды, онда түзуші бойымен әсер ететін Мх июші моменттер және оларға тең-жауап беретін көлденең күштер Qx пайда болады.
...