Этнопедагогика мен этнопедагогиканың, халықтық психология мен этноспихологияның өзара байланысы
Автор: zha.aripzhan • Сентябрь 12, 2020 • Эссе • 980 Слов (4 Страниц) • 962 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
АҒЫЛШЫН ТІЛІ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Тақырыбы: Этнопедагогика мен этнопедагогиканың, халықтық психология мен этноспихологияның өзара байланысы.
Қабылдаған: Нурунбетова С.Е Орындаған: Арипжан Ж
ФАТ-812 тобының 3-курс студенті
Түркістан – 2020
1. Этнопедагогика этнопсихологияның бір саласы ретіндегі міндеттерін жазыңыз.
2. Этнос ұғымын кітапта қарастырылған түрде жазыңыз.
3. Этнопедагогиканың ең негізгі категориясын жазыңыз.
Этнопедагогика белгілі бір халықтың , тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Этнопедагогика - халықтың тарихи өмір тәжірибелерін жүйелеп тұжырымдаған ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылым, этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:
Халықтың ауыз әдебиеті мен салт – дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті. Қазақ этнопедагогикасының қайнар бұлағы, біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Қазақтың жазу мәдениеті арқылы белгілі болған ұлттық педагогикалық ойлардың тарихы ертедегі тас жазулардан (Күлтегін, білге қаған т.б.) басталады. Жалпы Этнопедагогика дегеніміз – ұлттар мен ұлыстардың атадан балаға мирас болған тәлім – тәрбиелік тәжірибе жүйесін зерттейтін ғылым.
Этнопсихология грек тілінен аударғанда (ethnos -ру, ел) деген мағына береді. Этнопсихология ғылыми-теориялық пән. Оның пәні – этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспектілері. ХІХ ғасырда этнопсихологиялық идеялар «халықтар психологиясы» ағымында дамыды. Олардың өкілдері М.Лацарус, Х. Штейнталь, В. Вунд болған.
Этнопсихологияның негізгі мақсаты ғылым ретінде белгілі бір этнос өкілдерінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және нақты этностық топқа, жеке тұлғаға қатысты мәселелерді қалыптастырады. Зерттеу мақсаты мәселелерді талдаудың екі аспектісін: теориялық және қолданбалы жағын қарастырады. Этнопсихология міндеттері: әртүрлі халықтар мен мәдениеттер өкілдерінің психикалық ерекшеліктерін, ұлттық дүниетаным ерекшеліктерінің мәселелерін, ұлттық арақатынас ерекшеліктерінің мәселелерін, ұлттық мінез мәселелерін зерттейді. Қазіргі кезеңде этнопсихологияның дамуының теориялық міндеттері:
...