Сөйлеу мен ойлаудың өзара байланысы
Автор: kueke.ss • Февраль 23, 2020 • Реферат • 973 Слов (4 Страниц) • 1,370 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті: «География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы: «Жерге орналастыру»
СОӨЖ
(Сөйлеу мен ойлаудың байланысы)
Орындаған: Тексерген: Айдосова Ж.К
Алматы, 2020жыл
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Сөйлеу мен ойлаудың өзара байланысы
3. Қорытынды
1. Сөйлеу мен ойлауды психологиялық тұрғыда зерттеу тарихы барысында олардың арасындағы байланыс мәселесі өзіне үлкен назар аудартты. оларды шешу жолдары әр түрлі болып келді - ойлау мен сөйлеуді толықтай бөліп, бір-біріне тәуелсіз қызметтер ретінде немесе сөзсіз біріктіру арқылы абсолютті түрде теңестіріп қарастыру болды.
Дегенмен, ойлау мен сөйлеудің әр түрлі генетикалық негіздері бар. Бастапқыда олар әр түрлі қызмет атқарып, жекелей дамып отырған.
2.1Сөйлеудің бастапқы функциясы қарым-қатынастық қызмет болған. Сөйлеудің өзі қарым-қатынас құралы ретінде адамдардың ортақ еңбегі үдерісіндегі іс-әрекеттерімен бөлу қажеттелігімен пайда болған. Бұған қоса, қарым-қатынаста сөйлеумен берілетін мазмұн болмыстың белгілі бір анықталынған тобына жатып, олардың жалпылай кескінін болжайды.
Бұл мәселені шешуге елеулі үлес қосқан Л. С. Выготский болып табылады. Сөз - ойлауға да, сөйлеуге де қатысты деп жазды ол. Жалпы ол сөйлеу ойлауының негізгі қасиеттерін ең қарапайым түрде иеленетін тірі жасушаны білдіреді. Сөз - жеке затқа индивидуалды есім ретінде жабыстырылған "жарылғы" емес. Ол өзімен таңбаланатын затты немесе болмысты үнемі жалпылай сипаттайды, осыған сәйкес ол ойлау актісі ретінде көрініс табады.
...