Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Балық өнімдерінің технологиясы

Автор:   •  Июнь 12, 2018  •  Реферат  •  1,755 Слов (8 Страниц)  •  2,844 Просмотры

Страница 1 из 8

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Алматы Технологиялық Университеті

Тағам өндірістері факультеті

Реферат

Тақырыбы: Балық өнімдерінің технологиясы

                                                     Орындаған: Кудайбергенова А.Б.

                     Топ: БТ 16-16      

           Курс: ІІ

                                              Тексерген: Жапаркулова Н.И.

Алматы 2018 жыл     

         Жұмыстың мақсаты: Балық өнімдерінің технологиясы мен танысу. Тағам өнімдерінің қазіргі заманауи индустриясы мен таныстыру. Балық өнімдері маңызы, құрамы, қасиеттерін терең меңгеру. Шикізатты қабылдау, дайындау және сапасын бағалауды меңгеру.

Жұмыстың әдістемелік принципі:  Зерттеу кезінде студент орындалған жұмыстың сапасын талқылап, нәтижесін жазуы керек.

Студент СӨЖ-ді реферат түрінде, слайд түрінде дайындап, оны қорғайды немесе дәптерге конспект жазып, берілген тақырыптың СӨЖ не сұрағына жауап ретінде тапсыра алады.

Жоспар:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

    а) Балық етінің химиялық құрамы

    ә) Балық етінің минералдық құрамы

    б) Балықтың химиялық құрамына әсер етуші факторлар

    в) Балық етінің азықтық және биологиялық құндылығы

ІІІ.Қорытынды

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

        

Тағам өнімдерінің қазіргі заманауи индустриясы – механизацияланған,

автоматизацияланған, компьютеризацияланған ғылыми негізделген жоғары технологиялы өндірістің қуатты саласы. Азық-түлік өнімдерін өндіру салаларының технологияларын зерттеу тағам өнімдерінің мөлшерін, құрамын, сапасын жəне қауіпсіздік талаптарын анықтауға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары шикізат жəне тағам өнімдерінің сақталуында, технологиялық өңдеу барысында өтетін физика-химиялық, биохимиялық, микробиологиялық үрдістері жөнінде жəне тағамдық құндылығы мен кауіпсіздігіне мəнді əсер ететін ғылыми ұсыныстар кеңінен таралуда. Тағам өнімдері мен шикізат сапасына қойылатын гигиеналық талаптар өзгерді. Өнімнің сапасын айтарлықтай жоғарылату, ресурсты-энергосақтаушы жəне

жаңа технологияны еңгізу алдыңғы қатарлы мақсаттар болып табылады.

Сондықтан қойылған мақсаттарды орындау үшін өнім сапасын көтеру, ресурсты-экономикалық тиімді жаңа технологияларды енгізу өте маңызды. Осыған байланысты, жоғары оқу орындары ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерінің нарықтық экономикамен байланысу мəселесін ұтымды шеше алатын азық-түлік өнімдерін өндіру технологиясы мен техникасы бойынша жоғары білімді мамандар дайындайды. «Азық-түлік өнімдерін өндіру салаларының технологиялары» пəнін меңгерудің мақсаты: кең ассортиментте жоғары сапалы ет,сүт, консерві, тағамдық концентраттар мен дайын аспаздық өнімдердің технологиясын; дəстүрлі жартылай өнімдерді жоғары дəрежеде дайындау жəне жіберу; түсетін шикізаттың сапасын, технологиялық процестерінің шарттарын сақтай отырып тағамдарды, аспаздық жəне кондитерлік бұйымдарды дайындауды үйрену; шикізат жəне қалдықтардың нормаларын сақтау; шикізатты, құрал-жабдықты рационалды колдану; тағамдарды, диеталық, аспаздық бұйымдарды жəне сусындарды берілген шикізатпен дайындау; спортсмендердің, оқу жасындағы балалардың тамақтануын ұйымдастыру жəне өнім ассортиментін жақсарту; тағам өнімдерін өндіру мен өңдеу əдістерімен таныстыру болып табылады.

Оқулықтың негізгі бөлімі азық-түлік өнімдерін өндіру салаларының технологиялық үрдісінің жалпы сипаттамаларын, өнімнің жіктелуін, шикізаттың, дайын өнімнің құрамы мен қасиетінің жəне сапасының, олардың технологиялық режимдеріне, əдістеріне немесе өндеудің түрімен сақталу жағдайларына байланысты өзгерулерін игеруге арналған. Сонымен қатар, оқу құралы тұтынушыларды тағам өндірісіндегі бірқатар өнімдердің технологиясының ғылыми-теориялық негіздерімен таныстырады.

Балық еті

Еліміздің тамақ балансында балық өнімдері көрнекті орын алады. Балық еті 20-дан 40 пайызға дейін белок, май, минералды тұздар, т.б пайдалы қоспалардан тұрады. Бұл өнімнің адам денсаулығы үшін маңызы өте зор. Балық етінің тағамдық қасиеті, мал, құс етінен кем емес. Мал етімен салыстырғанда, балықта минералдық заттармен дəрумендер мол келеді. Балықты пісірген кезде, оның дəмділігі арта түседі. Балықтан өңделіп өндірілген өнімдердің ассортименттері бүгінгі күні артып келеді. Соның ішінде жартылай фабрикаттар, балық консервілері, балық уылдырығы, т.б. өнімдер.

...

Скачать:   txt (25 Kb)   pdf (181.9 Kb)   docx (21.2 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club