Тағам және қайта өңдеу өнімдерінің технологиясы
Автор: Gena0000 • Сентябрь 26, 2021 • Реферат • 1,687 Слов (7 Страниц) • 578 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚЫ МИНИСТІРЛІГІ [pic 1]
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Агротехнологиялық»институты
«Тағам және қайта өңдеу өнімдерінің технологиясы»
жоғары мектебі
Баяндама
Орындаған: Тпр-41:Айтбаев Геннадий
Тексерген: магистрант Габдулхали И
ОРАЛ- 2021
Технологиялық сызба бойынша, астықты-бидайды сұрыпты ұн тартуға дайындау үш кезеңдерден тұрады: бірінші – қоспалардан тазарту; екінші – гидротермиялық өңдеу; үшінші – тарту қоспасын құрап дəннің бетін өңдеу жəне ақырғы рет тазалау. Бірінші кезеңде – астықты өлшейді, қыс кездерінде жылытады, қоспалардан тазарту үшін сепаратор-лар, триерлер, тас бөлгіштер жəне т.б. машиналардан өткізеді. Осы жабдықтардан өткенде астық массасынан бөліп алынатын қоспалар мөлшері, % (кем емес):
Шөп-шалаң, барлығы – – – – – – – – – – –– ..85 Оның құрамында:
Жеңілдері – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – 90 Ұзындары – – – – – – – – – – – – – –– – – – – – – – – 70 Қысқасы – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – ..80 Майдасы – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – – ..70 Минералды заттар – – – – – – – – – – – – – – – – – ..95 Астық тектес қоспалар, барлығы – – – – – – – – – ..30
Дайындау бөлімінде жүргізілетін технологиялық процессті 2 кезеңге бөлуге болады:
1. Астық массасын қалдықтардан тазарту
2. ГТӨ
Жарма дақылдарын қайта өңдеуде дайындау. Қалдықтардан тазарту және қолданылатын машиналар
Жарма дақылдарының құрамындағы қалдықтарды шартты 4 топ бойынша іріктейді:
1. Ірі, ұсақ, жеңіл
2. Минерал қалдықтар
3. Ұзын және қысқа қалдықтар
4. Магнитті қалдықтар
Астық массасын қоспалардан тазалау үшін мына технологиялық жабдықтар қолданылады:
- Ауалы-електі сепаратор – астықтан қалыңдығы, ені жəне аэродинамикалық қасиеттері бойынша айырмашылығы бар қоспаларды бөледі;
- Триерлер – негізгі дақылдан ұзындығы бойынша айырмашылығы бар қоспаларды;
- Тас бөлгіш машиналар – негізгі астық массасынан тығыздығы мен үйкелу коэффициенті бойынша айырмашылығы бар қоспалар;
- Магнитті қалқа (колонка) – металды-магнитті қоспаларды
бөледі.
Астықты тазалау үшін сепараторда мына металды штампталған електер қолданылады:
қабылдау – саңылауының өлшемі Ø 20мм немесе сопақша саңылауының өлшемі 18х18мм елек қойылған, онда ірі кездейсоқ қоспалар (арқанның үзіндісі, мата бөлігі жəне т.б.) бөлінеді.
сұрыптау – домалақ саңылауының Ø 10-16мм елек орнатылған, онда сырғымамен ірі қоспаларды алады.
жинақтағыш (подсевные) – домалақ саңылауының Ø 1-1,4 мм не-месе сопақша саңылауының өлшемі 1,0х10 мм жəне 1,2х12 мм, онда електен өткен ұсақ құм, жабайы өсімдіктің ұсақ тұқымы бөлінеді.
Тазалау тиімді деп саналады, егер машинадан кейін елек жəне ауа арқылы тазаланған астықтан 65% кем емес қоспа бөлінсе, ал қалдықта жарамды дəн мөлшері 2% аспаса.
Ұншықты шикізатты тазалау. Кебек, ұншық, сөкті (сеч-ка) мөлшерлеу тізбегіне жібермес бұрын тазалайды. Ұншықты өнімдердің қоспасын тазалау үшін құрама жем өндірісінде бу-рат, елеуіш машиналар ДПМ, електі сепараторлар, рассевтер қолданылады. Електер металды штампталған Ø 10мм немесе сым саңылауы 8х8 мм болады. 3.1-суретте ДПМ елеуіш машинасының технологиялық сызбасы көрсетілген.
...