Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Электронды қылмыстық істердің заманауи үстемділігі

Автор:   •  Февраль 20, 2019  •  Статья  •  1,518 Слов (7 Страниц)  •  510 Просмотры

Страница 1 из 7

Еліміздің ғалымдары мен зерттеушілері дамыған мемлекеттің бүгіндегі жағдайын ақпараттық қоғамның қалыптасуы деп тұжырымдайды. Біздің еліміздің де ақпараттық қоғам мəртебесіне ие болатынына еш күмəн жоқ. Ғылыми технологиялардың дамуы адамның әртүрлі қызметінің салаларына кіргенімен қоса, ХХ ғасырдың ІІ жартысына қарай күнделікті қолданыстағы «ақпарат» ұғымы ерекше сипаттағы маңыздылықты иеленді. Бұл маңыздылыққа ие болуының басты себебі заманауи компьютерлік технологиялардың революциялық өнертабасы. Ал, осы өнертабыстың нәтижесінде – ақпараттық қарым-қатынастар қалыптасты. Бүгінде қолданыстағы компьютерлік технологиялардың көмегімен «ақпарат» мемлекеттегі аса маңызды қажеттілікке ие болды.

Қазіргі таңда «ақпарат» ұғымы тек философия, әлеуметтану, физика, математика ғылымдарында ғана емес, сондай-ақ құқықтық ғылымдардың да негізгі түсініктерін қамтиды. Ақпараттың маңыздылығын компьютерлердің пайда болуынан бастап, одан кейін жергілілікті, соңында әлем мойындаған ғаламтормен байланыстырамыз. Ғаламтордың қарқынды белес алуы адамзат қызметінің ақпарат шеңберіндегі орасан зор үлес қосқан себептерінің маңыздысы екендігі мәлім. Ақпаратттық қоғамдағы қалыптасып үлгерген қажеттілік немесе ақпараттық қызмет көрсетуге бағытталған шаралар еліміздің қылмыстық құқығын айналып өткен жоқ. Бұл орайда, қылмыстық құқықтағы белсенді қалыптасу кезеңінде біршама қиындықтар болғанында ескере кету қажет. Дегенмен, біздің мемлекетіміздің байлығы халық болғандықтан, сол қиыншылықтармен күресу белсенді жүргізілуде, ең алдымен халықтың құқықтары мен бостандықтары алғашқы орында.

Жоғарыда айтылғанға дәлел ретінде, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Құқық қорғау қызметі негіздерін жаңғырту туралы» күшіне енген заң негізінде жүзеге асырылып отырған электрондық қылмыстық істерді атап өткен жөн. Сонымен, жоғарыда аталған кезеңнен бастап қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жаңа форматы, бастысы: «электрондық қылмыстық істер» болып табылаты анық. Оның негізгі бағыттарының бірі қылмыстық процесте адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін арттыру болып табылады.

Қылмыстық процесті электрондық жүйеге ауыстыру қағаз бастылықтан құтылуға, сөйтіп қылмыстық іске қажетті анықтамаларды кеңседен шықпай, электрондық құжат түрінде қол жеткізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар қылмыстық іс материалдарын жоғалтып алу мен оны бұрмалауды болдырмайды.

Ең бастысы – қылмыстық процестегі адам құқығын қорғауды күшейтеді және бүкіл процесс алақандағыдай айқын болады. Прокурорлық бақылау артуымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі. Электрондық ақпаратпен қамтамасыз етілген жүйе тергеушінің, прокурор мен судьяның жұмысын анағұрлым жеңілдетені анық.

Қылмыстық іс жүргізу саласындағы азаматтардың құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етудің маңызды аспектілерінің бірі - ақылға қонымды уақыт ішінде қылмыстық істерді тергеуді ұйымдастыру. Мысалы, сот-психиатриялық сараптама жүргізген сәтте қылмыстық іс сол мекемеде ұзақ уақыт бойы болуы мүмкін; тергеушінің немесе анықтаушының іс-әрекеттеріне қатысты шағымды қараған кезде немесе басқа да мәселелер бойынша прокуратура немесе сотта, басқа да себептермен ІІД тергеу немесе анықтау басқармаларында болғанда қылмыстық іс ұзақ уақыт аралығында жоқ болуы мүмкін. Әдетте, осы кезең ішінде тергеуші немесе анықтаушы, қылмыстық іс материалдарының болмауына байланысты тергеу әрекеттерін жүргізбейді. Бұл қылмыстық істерді тергеу уақытын негізсіз, жиі ұзартады.

Зерттеулер көрсеткендей, қазіргі кезде тергеушілер немесе анықтаушылар барлық процедуралық құжаттарды электронды түрде қалыптастырады, содан кейін оларды басып шығарады, қағаз құжатына айналдырады, оларды қол қою үшін тараптарға ұсынады және өзі қол қойып құжаттарға заңды түрде мәртебе береді. Бұл жағдайда, әдетте, файлдар әр

...

Скачать:   txt (23.8 Kb)   pdf (56.8 Kb)   docx (14.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club