Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қылмыстық іс жүргізу дегеніміз

Автор:   •  Апрель 12, 2018  •  Реферат  •  1,096 Слов (5 Страниц)  •  1,460 Просмотры

Страница 1 из 5

Қылмыстық іс жүргізу дегеніміз – қылмыстық істің іс жүргізу заңына сәйкес бір сатыдан екіншіге өтуі, іс бойынша өндірістің өзі десе де болады. Қылмыстық іс жүргізу шеңберінде алдын ала тергеу елеулі орын алады және маңызды рӛл атқарады. Алдын ала тергеу дегеніміз – тергеушінің тапқан іздері бойынша ӛтіп кеткен қылмыс оқиғасын қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылатын бағытты процесс.

Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртетін болсақ, барлық демократиялық қағидаға негізделген мемлекеттік заң жүйесінің ажырамас тетігі ретінде адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қарастырылады. Міне сондықтан 1995 ж. Қазақстан Республикасының даму тарихындағы жаңалық ретінде құқықтар мен бостандықтарға кепілдік беру институты енгізілді. Конституцияға сәйкес бұл функцияны арнайы өкілдік берілген органдар жүзеге асырады, олардың қатарына құқық қорғау органдары жүйесінің ажырамас тетігі ретінде алдын-ала тергеу органдарында жатқызуға болады. Өйткені бұл органның негізгі міндеті қоғам мүшелерін құқық бұзушылықтардан қорғау болып табылады, ал бұл адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің бірден бір кепілі болып табылады. Ал бұл қызметтің жемісті жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін тергеушілердің жеке жеке басының ерекшеліктері үлкен рөл атқарады, атап айтар болсақ тергеушінің идеялық көзқарастарының жүйелілігі, тұтастығы, реттілігі оның қызметінің нәтижесіне әсер ететіні сөзсіз. Терегеуші өз қызметі барысында басқа тұлғалармен араласады, тіптен оларға тәрбиелік әсер етуді жүзеге асырады десе де болады, ал осы қызмет барысында ол ұстанатын моральдық-саяси қағидалар тәрбие құралына айналады. Тәрбиеші бірінші кезекте өзі тәрбиелі болу керек емес пе, ал идеялық-саяси шынығу сананы тәрбиелеудің бір формасы, жеке тұлғаның рухани негізі десе де болады. Қылмыстық іс жүргізу және соттық этика ғылымдарының рухани негізін салуда үлкен үлес қосқан В.Ф. Кони өз еңбегінің бірінде әр заңгер ӛз мамандығының рухани негіздерін игеруі міндетті деп кӛрсетті. Тергеушінің маралдық сипатына құқықтық сана кіреді, ол қоғамдық нормаларды іс-жүзінде пайдалануда шешуші роль атқарады. Құқықтық идеалогия ретінде құқықтық сана дегеніміз – құқықтық білім, көзқарастар, идеялар жүйесі, ал құқықтық психологиялық тұрғыдан құқық әсерімен байланысты уайым, әдет сияқты саналық сезімдер жиынтығы. Құқықтық психология құқықтық құбылыстардың адам санасындағы барлық көрініс түрлерін, оның сол құбылыстарға деген пікірлерін зерттейтін ,ылым саласы. Тергеуші қызметінің бұл саламен байланыстылығы оның қызмет ерекшеліктеріне байланысты, атап айтар болсақ ол бӛгде кей реттерде заңға қайшы ықпалдарға ұшырап отырады, мүдделі жақтардың әсерлеріне төтеп беруі тиіс, өз қызметін қауіпті нәтижелер болуы мүмкін деген үрейде атқаруы тиіс және т.б. Сондықтан тергеушінің психикалық қалыптасуында еріктік қасиеттер үлкен рӛл атқарады. Тергеушінің моральдық-еріктік түр сипатында қағидашылық қасиеті маңызды белгілердің бірі, яғни адамның нақты бір идеяға нық сенімділігі және сол мақсатқа жету жолында кедергілер мен қауіп қатерлерге қарамастан белсенділік танытуы. Осыған орай Л.Н.Толстой «Адам өз арының талаптарын қалай орындаса қоғамды жақсартуға сол дәрежеде қызмет етеді», деген. Бұл қасиет сыртқы теріс әсерлерге тӛтеп беруге кӛмектеседі. Жеке және қоғамдық мүдде қайшылықтарын қоғам мүддесіне шешуге жағдай жасайды. Күрделі даулы жағдайда тергеуші ӛз сезімі мен ұмтылыстарының иесі болуы керек және рухани қағидаларды ұстануы тиіс. Биліктік ӛкілеттілік, тергеушілердің тәуелсіздігі, тергеу құпиялылығы тергеу қателіктерінің болу мүмкіндіктерін туындатады. Тергеу қызметіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз еті, тергеушінің өз қызметіне көзбен қарауына байланысты. Бұл қасиетті қалыптастыру үшін моральдық-саяси тәрбие беру, кәсіби біліктілікті арттыру кезінде тергеуші ӛз шешімдері мен әрекеттеріне объективтік баға беруге, оларды сын кӛзбен талдауға үйретілуі керек, өйткені тергеушінің қателесуге құқығы жоқ, оның шешімі адам тағдырын шешуде маңызды. Тергеу қызметі еңбекқорлықты, жоғары жұмыс қабілеттілігін, қажырлы еңбекті және шыдамдылықты талап етеді. Кей тергеушілер тергеудің бірінші сатысында жедел қимылдап, күн-түн демей бірнеше тәулік бойына өз қызметін қызығушылықпен атқара келе, іс бойынша ұзақ әдістемелік жұмыс басталған кезде іске деген қызығушылығын жоғалтып алып, істі соңына дейін әзер жеткізеді. Бұл жағдайда тергеушілерге шыдамдылық пен сабырлылық қажет қасиеттер.

...

Скачать:   txt (15.9 Kb)   pdf (182.7 Kb)   docx (14.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club