Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі

Автор:   •  Март 28, 2018  •  Курсовая работа  •  14,511 Слов (59 Страниц)  •  1,378 Просмотры

Страница 1 из 59

МАЗМҰНЫ

Кіріспе .............................................................................................................3

1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі.......................7

1.1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы мәселелері ………………………...................................................................7

1.2. Кәмелетке толмағандарға тағылатын жаза түрлері .............................21

1.3. Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау......................................... 24

      2. Қылмыс және жауапкершілік....................................................................30

2.1. Кәмелетке толмағандарды жауаптылықтан, жазадан босату және оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану.....................30

2.2. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату. Соттылық және оның жойылуы .........................................48

Қорытынды ...................................................................................................55

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................62

КІРІСПЕ

 Кезінде нарық заманының нар белін қайыстырған қиыншылықтарына кезіктік, уақыт өзгеріп, ұрпақ ауысты дедік, әйтеуір еліміздің ертеңгі болашағынан саналынатын жастар тәрбиесін уыстан шығарып алғанымызды күні бүгіндері кеш аңғарып отырмыз. Қазір сол одақ тұсындағы қуатты жастар қозғаласын қанша жерден қалпына келтіреміз деп талпынғанмызбен ісіміз ілгерілемей шатқаяқтап келеді. Жастар мен жасөспірімдердің  құқығын қорғау, оларға тәлім тәрбие беру жөнінде бірнеше заң қабылданғанымен күнделікті тәжірибеде олардың да тетіктері толық іске қосылмай,бір кездері өзара сабақтасып жатқан мектеп пен отбасы және қоғамдық ұйымдар арасындағы байланыстың әлсіреп, аққудың көкке шортанның көлге тартқанындай берекесіздіктің үстемдік құрып тұрған жағдайы бар. Сонымен соңғы жылдары

Патриотизм мен отан сүйгіштік рухынан айырылып қалған жастар қауымы арасында қылмыстың қаулап өсуі үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Әрине оның түпкі себебін бір ауыз сөзбенен түсіндіріп беру қиын мәселе.

            Қалың жұртқа белгілісі еліміздегі әлеуметтік жағдайлардың төмендігі, тұрмыстық ахуал мен күнкөрістің жүдеулігі, ертеңгі күнге деген сенімнің жоқтығы секілді тағы да басқа толып жатқан объективті, субъективті себептердің қамқорлық пен тәлім тәрбиеден тыс қалған жастар қауымын түзу жолдан тайдырып, теріс әрекеттерге баруына тікелей әсерін тигізіп жатқан дығы ғана. Соның салдарынан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық отбасы, ошақ қасындағы тентектіктен асып түсіп, кісі өлтіру, әйел зорлау, денеге ауыр жарақат салу, ашықтан ашық адам тонау, есірткі заттарын сақтау тәрізді кәнігі қылмыскерлермен жасалынатын ауыр қылмыстарға ұласып отыр.

Егер ресми мәліметтерге жүгінсек, бір ғана Алматы қаласының өзінде ғана әртүрлі құқық бұзған 1612 бала есепке алынып, 114 көкөрім жастың есірткіге бейімділігі анықталған екен. Осының өзі-ақ оңтүстік астанадағы ахуалдың дабыл қағарлықтай дәрежеде екендігін аңғартып тұрғандай. Бүгінгі жастар мәселесі жөнінде ой сабақтаған ішкі істер бас басқармасы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімдер қызметкерлерінің сөзімен айтқанда тәртіп бұзып, шалыс басқан жас ұрпақтың бүгінгі қиын тағдырымен тек құқық қорғау органдары ғана бетпе бет қалып отырған көрінеді.

             Қалай десеңізде білім ошақтары тәртібі “ қиын “ деп шетке шығарып тастаған мінез құлқы әртүрлі кәмелетке жасы толмағандармен қоян-қолтық жұмыс жүргізу оңай емес. Миллионннан аса тұрғыны бар қаладағы балаларға қатысты қыруар іспен бар болғаны 66 инспектор айналысады дегенге сенесіз бе? Алайда ақиқат шындық осындай. Заң бойынша бір инспектор өз аймағындағы 4000 баламен жұмыс жүргізуі тиіс болса, бұл көрсеткіш көп жағдайда негізгі мүмкіндіктен асып түсіп, 5000-6000 мыңнан айналып кетеді екен.

...

Скачать:   txt (185.5 Kb)   pdf (439.3 Kb)   docx (68 Kb)  
Продолжить читать еще 58 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club