Сөздік құрам мен сөздік қордың айырмашылығы
Автор: 87027479018 • Февраль 26, 2019 • Курсовая работа • 9,968 Слов (40 Страниц) • 2,732 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
І тарау. Сөздік қор және оның басты белгілері
1.1. Қазақтың төл лексикасы, ғылыми тұжырымдамасы
1.2. Тілдің сөздік құрамы, негізгі сипаты
ІІ тарау. Кірме сөздер
2.1. Сөздік құрам мен сөздік қордың айырмашылығы
2.2. Түркі тілдеріне ортақ сөздер. Араб, Иран, Моңғол, Орыс тілдерінен енген сөздер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса,негізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы, сөздік қордың сан мөлшері сөздік құрамға қарағанда шағын болады, сөздік құрамның толығу жолдары: төл сөздер арқылы жəне кірме сөздер арқылы жүзеге асады.
Зерттеудің мақсаты: Сөздік қор мен құрамның ара жігін ажыратып, ғылыми тұжырымдар негізінде сараптамаларын жасақтау. Кірме сөздердің қазақ тіліне енген кезеңдерінеорай топтастырып, тарихи фактілердің тіл тағдырына әсерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- Сөздік қор мен құрамның ғылыми анықтамаларына сипаттама беру;
- Сөздік қор мен құрамның ерекшеліктеріне тоқталу;
- Кірме сөздердің тіл құрамына ену барысын талқылып, басқа тілдердің әсер еткен кезеңдеріне ғылыми шолу жасау;
- Сөздік қор мен құрамның жалпы мағыналық жағын айқындап, өзара тұтастығын ажырыату.
Зерттеудің әдістері: Жинақтау, салыстырмалы түрде зерттеу, талдау, сұрыптау, қорытындылау, тұжырым шығару әдістері қолданылды.
Зерттеудің болжамы: Сөздік қор мен құрамның тілдің бір ұлттың өмір сүру жағдайындағы маңызыдылығындағы рөлін айқындап, ұлт болмысының аясында сөз құдіретінің биігін айқындау. Кірме сөздердің енуі тарихпен тікелей байланыстылығын жан жақты дәлелдеу.
Зерттеудің құрылымы: Кіріспеден, негізгі 3 тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ахмет Байтұрсынов: «Түркі жұртының 90 пайызы баяғыдан бері араб әрпін пайдаланып келді» - дегеніндей араб-парсы сөздері тілімізге дендеп еніп, әдет-ғұрып, салт-санамыздан берік орын алып, кейбірі төл сөз есебінде болып кетті.
М. Қашқари парсы тілінің енуіне қарсы болды. Бірақ, заман ағымына байланысты араб - парсы тілі өзінің дегеніне жетті.
Кірме сөздерді Х. Досмұхаметов «жат сөздер» - деп атаған да мынандай сөздерден мысал келтірген: қала, молда, шілде, амал, айып, әділ, әлім, илаж, өмір, ар, құрбан, әкім, аспан, дұспан, заңғар, құн, береке, патса, дастарқан, сабын, бедек, Асан, Үсен, Сәмеке, Шайбақ, Сидақ, Мәмбет, Мәделі, әзіл, масқара, дәулет, апат, есеп, шынжыр, несібе, серт, әсет, ақырап, жеді, дүйсенбі.
Сол сияқты Х.Досмұхамедұлы «Тілімізге жат сөздер екі жақтан кіріп жатыр. Бірі - араб сөзі, парсы сөздері, ордаға оқығандар арқылы» - деп, жат сөздердің көптен енуіне қарсы болды. Сол сияқты қазақ тілінің сингармонизм заңына байланысты өзгерген сөздерді атап өтеді. Мысалы, Мәделі деген сөз Махмудали дегеннен, бейсенбі деген деген сөз пажшанбе дегеннен, Абдолла деген сөз Ғабдолла деген сөздерден шыққандығын көрсетеді. Ал, «жапатармағай» деген сөз арабтың (жамхан - туран - мағжан бәрі бірге ұмытылу) деген мағынаны білдіреді де бірнеше жай сөздің бірігуінен жасалған қазақ сингармонизміне бейімделген сөз екендігін жазады. Л.З.Рустемов араб - парсы сөздерінің қазақ тіліне ену кезендерін шартты түрде екіге бөледі. а) ХV ғасырға дейін ә) ХV ғасырдан бастап. Ұлы Октябрь Социалистік революциясына дейінгі кезең (79-80 беттер). Бұл орайда кітабында келтірген 10237 сөзі бар текстегі (мәтіндегі - автор) араб-парсы сөздерінің саны 1517. яғни 14,9 (пайыз-автор) екенін көрсетеді. Араб-парсы сөздеріне қатысты Н.Оңдасыновтың «Арабша - қазақша сөздігін» де атап өткен орынды деп есептейміз. Осындай құнды еңбек тілдің тарихи кезеңін жүру барысында көрсететін бірден - бір дерек көзі болып табылады. Араб-парсы сөздерінің қазақ тілі заңдылығына бейімделіп, бейімделмей-ақ сіңіп, еніп кеткендігі соншалықты қазірлер арнаулы сөздіксіз ажырату мүмкін болмай қалды.
...