Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сөздік мақала

Автор:   •  Сентябрь 27, 2021  •  Контрольная работа  •  709 Слов (3 Страниц)  •  784 Просмотры

Страница 1 из 3

СЕМИНАР – 2

  1. Сөздік мақала дегеніміз не?

     Сөздік мақала (словарная статья, entry) – нысаны тілдік бірліктің сипаттамасы болып табылатын, семантикалық түсіндірмеден,  лексика - семантикалық белгісөздерден, дәйектеме материалдан, т.б. сілтеме түсініктеме, анықтамалардан құралатын шартты дербес бөлік.

  1. Сөздік мақала құрылымы қандай?

     Сөздік мақала – сөздіктердің негізгі сапасын айқындайтын басты көрсеткіш деп танылады. Сөздік мақалада атау сөзге жан-жақты сипаттама беру, оның қолданыс аясын, контекстік байланыстарын ашу, парадигматикалық және синтагматикалық қатынастарын анықтау, сөздік ұясын көрсету, фразеологиялық бірліктерге тән коннатациялық мағынаны ашу, т.б. сипаттар болуға тиісті.

    Жалпы тіл біліміндегі зерттеу еңбектерде (В.П. Берков, Н.Ю. Шведова, Н.И. Фельдман т.б.) сөздік мақаланың құрылымын былайша саралап көрсетеді:

  • Лексикалық мағына;
  • Сөздің грамматикалық параметрі;
  • Сөздің стилистикалық параметрі;
  • Сөздің бағамдық параметрі;
  • Сөздің жиілік параметрі;
  • Сөздің ареальдық параметрі;
  • Сөздің ассоциативті параметрі;
  • Сөз мағынасының мәдени компоненті.

Сөздік мақаланың лексикалық мағыналық параметрі – екі тілдік сөздіктердегі сөздік мақалада көп мағыналы сөздерге түсініктеме беріледі. Оның өзіндік бірнеше жолы бар: бірінші, сөздің түсіндірме сөздікте қолданылатын мағыналарын түгел келтіру; екінші, сөз мағыналарын екінші тілдегі эквиваленттерінің мағыналарына қарап анықтау. Бұл жөнінде пікір айтқан ғалым Н.И. Фельдман сөздік мағынасын ашу дегеніміз тек қана оны механикалық тұрғыдан аудара салу емес, оның мағыналық құрылымын айқындау екенін жазады.

Сөздіктің жиілік параметрлері – сөздік мақалаларда айқындала бермейді. Зерттеуші ғалымдардың негізгі мақсаты атаудың қолданыс жиілігін айқындау болмағандықтан, олардың қаншалықты жиі қолданылатыны туралы айғақ көрсетілмейді. Дегенмен, сөздіктерді оқып отырғанда кейде «жиі, сирек» қолданылатын сөздер деген анықтауларды аңғаруға болады.

Сөздіктік ең басты бағыты – олардың мәдени танымнан хабар беруінде деп есептеуге болады. Әрбір сөздік мақалада қазақ халқының сол кезеңдегі тұрмысы, тіршілігі, әдеті, дәстүрі туралы біраз пайымдаулар жасауға болады. В.В. Радлов жасаған зерттеу еңбегінің де, ондағы сөздіктердің де ғылыми құндылығы ерекше. Радлов сөздігінде төрт түлік малға қатысты, құс атаулары мен шөп атауларына қатысты, сондай-ақ, әртүрлі мақал-мәтелдердің берілу сипаты өзінше үлкен зерттеулерді қажет ететіні анық. Бұл туралы біз К.Ш. Құсайыновтың «В.В. Радлов и казахский язык» атты зерттеуінен біле аламыз.

3. Сөздіктен «сөздік мақала» құрылымына талдау жасап, 5 сөздің құрылымын сипатта

Сөздік мақала құрылымы:

  1. Бағлан – жетілген семіз қозы; марқа;
  • Көне сөз. Бай баласы. Байдың баласын мырза немесе б а ғ л а н деп атайды
  • Кітаби сөз.
  • Кәсіби сөз. Бағлан – өзендер мен көлдерде балықты қорек ететін құс.
  • Диалектілік ерекшелік жоқ.
  • Термин сөз емес.
  • Тура мағына. Марқа
  • Ауыспалы мағына. Таңдаулы азамат, игі жақсы;
  • Синоним. Қозы, марқа
  • Антоним жоқ.
  • Фразеологиялық мағынасы жоқ.
  • Стильдік ерекшелік
  • Көркем әдебиеттен мысалдар:

«Қазаққа аты шыққан мәшһүріңмін, Мен болдым саған ғашық жас күнімнен. Көгенде сен бір жатқан бағлан қозы, Аңдыған қараңғыда қасқырыңмын» (Жанкел мен Ұлбике айтысы).

  1. Байланыс – қарым-қатынас, аралас.
  • Көне сөз емес;
  • Кітаби сөз;
  • Кәсіби сөз емес;
  • Диалектілік ерекшелік жоқ.
  • Термин. Байланыс – екі қала арасындағы телефон, телеграф қатынасы.
  • Тура мағына.
  • Ауыспалы мағына. Жөнсіз ұстаса кету, тиісу;
  • Синоним. Хабарласу, тілдесу
  • Антоним жоқ
  • Фразеологиялық мағына.
  • Көркем әдебиеттен мысалдар;

«Қақпақтарын ашады,

Нүктелерін басады.

Ар жақтағы адамды,

Байланысқа қосады». (Мира Сембайқызы)

  • Стильдік ерекшелік;

  1. Дала – кең-байтақ жазық өңір,құла тұз. Сусыз шөл дала.
  • Көне сөз.
  • Кітаби сөз.
  • Кәсіби сөз. Дала қосы – науқан кезіндегі уақытша баспана.
  • Диалектілік ерекшелік жоқ.
  • Термин. Дала поштасы – әскери бөлімнің далаң жердегі поштасы.
  • Тура мағына.
  • Ауыспалы мағына.
  • Синоним. Есік алды, тыс.
  • Антонимі жоқ.
  • Фразеологиялық мағына. Даланы басына көтерді – қатты сөйлеп даурықты. Далада қалды – ешкімге де қажеті болмады. Далаға тастады – қараусыз қалдырды.
  • Стильдік ерекшелік.
  • Көркем әдебиеттен мысалдар:

«Дала, дала, қай дала?

Бүгінгі дала - кең дала.

Бүгінгі дала - өр дала.

Далаға шығам, таңданам» (Әбділдә Тәжібаев)

  1. Ел – жұрт, халық, қауым.
  • Көне сөз емес.
  • Кітаби сөз.
  • Кәсіби сөз.
  • Диалектілік ерекшелік жоқ.
  • Термин емес.
  • Тура мағына. Отан, туыс өскен жер.
  • Ауыспалы мағына. Туыс, дос-жаран.
  • Синоним. Жұрт, халық, қауым.
  • Антонимі жоқ
  • Фразеологиялық мағына. Ел аузына қақпақ бола алмайсың – көпшілік тілегіне тыйым сала алмайсың. Ел аузына ілікті – атағы жер жарды. Ел аяғы басылды – қараңғы түсті.
  • Стильдік ерекшелік
  • Көркем әдебиеттен мысалдар:

Тұз болмаса, ет бұзылады, Дін болмаса, ниет бұзылады. Ел — ермен көркем, Жер — көгімен көркем. (Күдеріқожа)

...

Скачать:   txt (9.8 Kb)   pdf (99.8 Kb)   docx (13.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club