Қазақ мектебі оқушыларының сөздік қорын байыту жүйесі (5-6 сыныптар)
Автор: Дәулет Дәулет • Апрель 10, 2022 • Курсовая работа • 20,008 Слов (81 Страниц) • 316 Просмотры
Қазақ мектебі оқушыларының сөздік қорын байыту жүйесі (5-6 сыныптар)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..........................................................................................................3-10
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І бөлім .Оқыту үдерісіндегі сөйлесу икемділіктері мен дағдысын қалыптастырудың жүйесі мен әдіс-тәсілдері.
- Сөйлесу әрекетін дамыта оқыту мен айтуға жаттықтырудың
әдіс-тәсілдері....................................................................................................11-38
1.2. Сөйлесу әрекетін дамытудағы көрнекілік және пайдалану жолдары.............................................................................................................39-50
ІІ бөлім
2.1 Сөйлесімге (диалог) дағдыландырудың әдіс – тәсілдері ......................51-63
2.2 Монологті сөйлесуге жаттықтыру әдістемесі.........................................64-68
Қорытынды.......................................................................................................69-74
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» болып танылуы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» қабылдануы , Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы қабылдануы ана тіліміздің өркендеп, қанат жаюына жол ашты.Қазіргі таңда қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты, елімізде қазақ тілін оқыту мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.?Әсіресе өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін меңгерту мәселесі қолға алына бастады.Өзекті болуының себебі қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың негізгі мақсаты басқа тілді оқушылардың қазақша дұрыс сөйлеу мен сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектепте қазақ тілін оқитын оқушы өзіне таныс емес тілдің дыбыстық құрамын , дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарды оның грамматикалық құрылысын игеруге,ойын еркін жеткізуге, басқаның ауызекі сөйлеуін түсініп, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеріп,қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға жаттықтырылады.Оқушыны мұндай дәрежеге жеткізу үшін оқытудың өзіндік жүйесі, тәсілдері мен амалдары ,жолдары ойластырылады.Қазақ тілін оқыту әдістемесі басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін олардың ана тілінің ерекшелігін ескере отырып, үйретудің түрлі тиімді жолдарын белгілейді.
Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту әдістемесінің ғылыми тұрғыдан зерттелу тарихы ұзақ емес.Бұл салада зерттеулер А.Байтұрсыновтан басталып,Т.Шонанов,Ш.Х.Сарыбаев,С.Жиенбаев,Ғ.Бегалиев, Б.Құлмағанбетова, Ф.Оразбаева, Н.Оралбаева, К.Сариева, Қ.Жақсылықова, Б.Адамбаева, Ә.Жүнісбеков, Қ,Қадашева,Р.Шаханова т.б. ғалымдардың еңбектерінде қазақ тілін басқа ұлттарға үйрету мәселесі дұрыс қарастырылды. Бұл жұмыстардың бірқатары орыстілді студенттер мен ересектерге арналды. Ал қазақ тілін орыс тілінде оқитын мектептерге оқушыларды ауызекі сөйлесуге үйретудің әдістемесі арнайы зерттеу нысанына алынбады. Сондықтан Н.Оралбаева, Қ.Жақсылықованың «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» еңбегінде : «Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің барлық мәселелері жүйелі түрде жан-жақты зерттеуді қажет етеді»,- делінген. Демек, ғылымның бұл түрінің ғылыми – теориялық негізін тиянақты құру – бүгінгі өмір талабынан туындап отырған күрделі және қажетті мәселе болып отыр.Орыстілді мектепте қазақ тілін жан-жақты зерттеу,оның теориялық негізін құру, келешектің ісі болғанымен, мектепте қазақ тілін оқыту – қазіргі таңда жүргізіліп жатқан әрекет.Оы жүзеге асыру үшін алдымен жаңа мазмұндаңы мектеп оқулықтары мен бағдарламалары қажет, яғни , білім мазмұнын анықтау жаңа ағымдар тұрғысынан қаратырыла бастады.Оның негізгі бағыттары көп деңгейлі, интеграцияланған және дамыта оқыту жүйесі қағидаларына сәйкестендірілген.
...