Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дидактикалык ойын аркылы жалпы сөйлеу тiлi дамымаfан балалардын сөздік қорын дамыту

Автор:   •  Ноябрь 10, 2020  •  Статья  •  1,379 Слов (6 Страниц)  •  374 Просмотры

Страница 1 из 6

УДК 376.42

Бекембетова Люция Игіліковна

психология магистрі, аға оқытушы

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

Тараз қ.

Педагогикалық ғылымдар

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ

Түйін. Мақалада авторлар сөйлеу тілінде жалпы бұзылыстары бар балалардың сөздік қорын дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану ерекшеліктерін, сөздік қордың дамуы мен баланың жеке тұлғасының қалыптасуы арасындағы байланысты қарастырған.

Кілт сөздер сөйлеу тілінің жалпы бұзылыстары, жеке тұлға, пассивті сөздік қор, белсенді сөздік қор, дидактикалық ойын, дамыту, түзету, танымдық іс-әрекет, логопедиялық жұмыс.

РАЗВИТИЕ СЛОВАРНОГО ЗАПАСА ДЕТЕЙ С ОБЩИМ НЕДОРАЗВИТИЕМ РЕЧИ ЧЕРЕЗ ДИДАКТИЧЕСКУЮ ИГРУ

Резюме. В статье авторы рассматривают особенности использования дидактических игр в формировании и развитии словарного запаса детей с общими нарушениями речи, взаимосвязь между процессами развития словарного запаса и становления личности ребенка.

Ключевые слова: общее недоразвитие речи, личность, пассивный словарный запас, активный словарный запас, дидактическая игра, развитие, коррекция, познавательный процесс, деятельность, логопедическая работа.

Сөз - тілдің негізгі бірлігі және де баланың сөздік қорын кеңейтусіз сөйлеу тілін жетілдіру мүмкін емес. Сөздікті байыту, ең алдымен, жалпы қолданылатын лексика арқылы жүреді. Балаларда сөз барлық жағдайда пән туралы елестердің, білімдердің болуымен байланысты емес. Жиі балалар заттардың нақты атауын да білмейді. Осыған байланысты балаларда оларға таныс сөздердің түсінуін тереңдетіп, сөздерді нақты мазмұнмен толықтыру қажет. Маңыздысы - жаңа сөздің белсенді сөздікке енуі. Бұл процесс бала сөздің мағынасын түсініп, сөйлеуде қолданғанда ғана іске асырылады. Жаңа сөз баланың сөздігіне басқа сөзбен біріктіріліп, қажетті жағдайда қолдануы арқылы кіріктірілуі тиіс. Сөздердің мағынасын ажыратуды антоним сөздерді және мағынасы жағынан жақын сөздерді салыстыру, сондай-ақ, сөздердің түрлі мәндік сипаттамалары, сөзтіркестерін тәжірибеде қолдандыру негізінде жүргізу керек [1, 25 б.].

Сөздік қор – баланың сөйлеу тілі дамуының бір компоненті. Сөздік қорды меңгеру – баланың тілдік дамуының маңызды шарты. Сөздік қорды меңгеру елестерді жинақтау мен нақтылау, түсініктерді қалыптастыру, ойлаудың мағыналық жағын дамыту міндеттерін шешеді. Осы уақытта ойлаудың операционалдық жағының да дамуы іске асады, өйткені лексикалық мағынаны меңгеру талдау, синтездеу, жалпылау негізінде орындалады. Сөздік қордың кедейлігі толыққанды қарым-қатынасқа түсуге кедергі болады, яғни, баланың жалпы дамуына да. Сөздік қордың мол болуы сөйлеу тілінің жақсы дамуының көрсеткіші және интеллектуалды даму деңгейінің жоғары болуының себепшісі. Сөздік қордың уақытылы дамуы – мектепте оқуға дайындықтың маңызды факторларының бірі.

Сөйлеу тілінде жалпы дамымаушылығы бар мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілінің дамуы мәселесі Н.C. Жукoва, P.И. Лaлaeва, Т.Б. Филичeва, Г.В. Чиpкина және басқалардың еңбектерінде қарастырылған. Балалардың сөйлеу тілінің дамуын зерттеу мәселелеріне үлкен назар аударылған, бірақ жүйелі бағыттылық жақын арада ғана іске асырыла бастады. Сөздік қордың дамуы, бір жағынан, ойлаудың және басқа психикалық процестердің дамуымен, ал екінші жағынан, сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің дамуымен, сөйлеу тілінің фонетикалық-фонематикалық және грамматикалық құрылымымен тығыз байланыста.

Балалардың сөздік қорын мақсатты қалыптастыру сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалармен логопедиялық жұмыстың жалпы жүйесінде маңызды мәнге ие. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды

...

Скачать:   txt (19.9 Kb)   pdf (56.2 Kb)   docx (13.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club