Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен білетін үздік менеджер

Автор:   •  Сентябрь 18, 2018  •  Реферат  •  619 Слов (3 Страниц)  •  1,511 Просмотры

Страница 1 из 3

                                           Мен білетін үздік менеджер

Менеджер (ағылшынша manager – басқарушы) – жалдамалы басқарушы, өндірісті ұйымдастырушы маман.

Ол негізінен кәсіпорындағы  немесе фирмадағы барлық жұмысты ұйымдастыруүйлестірубасқару мәселелерімен айналысады, ұйым алдындағы міндеттердің орындалуына тікелей жауап береді.

Менеджер жан-жақты сауатты болып, ішкі және сыртқы рынокты жақсы білуі керек. Ол үшін рынокқа қандай тауар қажет, көпшілік сұранымына сәйкес қандай өнімдер керек, қай жерде қандай тауарлар өтімді, тауарлар мен өнімді сатып алушы клиенттердің мүмкіндігі мен қаржы жағдайы қандай деген мәселелерді анықтап отырады. Мен өзімнің жасаған жұмысымда америкалық менеджер Николас Вудманды қарастыратын боламын

Мен білетін үздік менеджер Николас Д. «Ник»  Вудман. Николас Вудман 1975жылы 24 июнь де Америка Құрама

Штаттарында дүниеге келген.Ол американдық кәсіпкер және GoPro компаниясының негізін қалаушы тұлға болып табылады . Вудман Калифорния штатының Атерон дейтін шағын қалашығында дүниеге келген. Ол мектеп қабырғасында оқып жүргенде спортқа қызығушылығы жоғары болды. Кейіннен ол серфингпен кәсіби түрде айналыса бастады. Осы қызығушылығының арқасында Вудман Сан-Диегоға жақын Калифорния университетін таңдады. Бұл университетті таңдауының басты себебі Сандиего теңізге жақын болатын, және оның серфингпен айналысуына ыңғайлы болды. Университетті аяқтағаннан кейін Вудман өзінің жеке кәсібін ашуға шешім қабылдап,1990 жылдардың аяғында электроникалық онлайн магазин ашуды көздеді жцне оны EmpowerAll деп атады, бірақ оның бұл жоспары жүзеге аспай  жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.1999 жылы Николас Вудман Funbug компаниясын құрды.Бұл сайт, адамдардың ескі ойындарды ойнауына көптеген ескі бағдарламаларды көруге мүмкіндік берді.Және осы сайттан адамдар ақша табуға мүмкіндіктері болды.Вудманға бұл сайттан 4млн доллар табыс алып келген болатын. Кейіннен бұл сайт белгілі бір себептермен жабылып қалды. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Ник Австралияда өтіп жатқан серф-турға қатысуға барады. Және ол Австралияда жүргенде сапалы сүреттерді тек кәсіби спортшылармен атақты адамдар қана түсіріп жүргенін көрді. Олар өздерімен арнайы адамдар жалдау арқылы сүретке түсіп жүрген болатын. Осы жағдайдан кейін Вудман ұзақ ойланып суретке түсіретін камера ойлап табуды көздейді.Және ол осы камераны қарапайым адамдар мен спортшыларға тиімді қылып жасау жолдарын іздейді. Бірнеше жылдар өткеннен кейін ол алғаш рет камераға арналған кейсін құрап шығарады.Және Вудман осы жұмысына қомақты қаржы салды.  Осы жұмысы әбден пісіп жетілген кезде ол бұл жүмысты өзі бітіре алмайтынын сезіп Қытайлық Hotax дейтін компаниямен келіссөздер жүргізіп, өзінің жүмысын қытайға жіберді. Және сол жақтан камераның дайын үлгісін алады.Бірақ бұл жобадан табыс табу үшін алғашында Вудманға қиындық туғызды. Және ол 2001 жылы өзінің алдына мақсат қойып осы жоба 4 жылда  бірнеше мың доллар табыс алып келмесе кәсіпкерлікпен айналысуды тоқтатуға бел буды. Ол Gopro компаниясы –өзінің алғашы жобасы сияқты жойылып кетпесін деп күндіз түні жұмыс істеді. Және өзінің ақшасын үнемдеу үшін өзінің ата-анасының үйінде тұруға тура келді. Ол көптеген дүкендерге өзінің камерасын ұсынып көрді. Және көп ұзамай жапониялық компаниядан алғашқы ұсыныстар түсе бастады.Сонымен Вудманның кәсібі біртіндеп дами береді. Ең алғашқы Камераны Вудман GoPro деп атайды. Және осы камера ең алғаш 2004 жылы Action Sports Retailer Show дейтін кәсіби спорт шоуында көрсетілімге шығады.Вудман осы жерден өзінің алғашқы үлкен көлемді сатылымын жасайды. Осы сәттен кейін оның тауарының сатылым көрсеткіші үлкен жылдамдықпен дами түседі. 2012 жылы осы GoPro камерасың 2.3 млн данасы сатылды. Ал компанияның табысы осы жылы 521 млн долларды құрады. Осы кезде компанияның 45 пайызы Вудманның атында болды. Компанияның акциясы 1.3 млрд долларды құрады. Осы жылы тайваньдық кәсіпкер Foxonn компанияға 8.8 пайыз акциясын қосты. Және осы оқиғадан кейін GoPro компаниясының акциясы 2.5 млрд құрады. Кейіннен келе Бұл камераға көптеген өзгерістер жасады. Және ол 2016 жылы камераға видео түсіру жүйесін енгізді. Осы кезде камераға қызығушылық екі есе артты және әлемдегі ең үлкен компаниялар қызығушылық танытты.  Және GoPRO  компаниясы қазіргі күнге дейін үлкен сұраныста. Вудман өзінің кәсібін аяғына дейін жасау үшін үлкен табандылық танытты Егер Вудман өзінің ата-анасын тыңдап серфингті тастағанда GoPro жобасын ешқашан жасап шығара алмаушы еді. Вудман өзінің алға қойған мақсатына жету үшін қолдан келгеннің барын жасады. Қазіргі таңда көптеген адамдар өзінің алға қойған мақсаттарын жарты жолда тастап кетіп жатады. Николас Вудманның өмір тарихы көптеген адамдарға үлгі болып алға жетелейді.

...

Скачать:   txt (8.2 Kb)   pdf (94.3 Kb)   docx (12.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club