Қазақстан Республикасының саяси транзиті
Автор: 1234432156788765 • Октябрь 14, 2021 • Реферат • 4,895 Слов (20 Страниц) • 306 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | 3 |
1ТАРАУ. Қазақстан Республикасының саяси транзиті | 3 |
1.1.Қазақстан Республикасының Саяси жүйесiнiң түсiнiгi, қоғамның саяси ұйымымен арақатынасы | 4 |
1.2. ҚР саяси жүйесiнiң құрылым, элементтерi және функциялары | 6 |
1.3.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, оларды ұйымдастырудың және қызметiнiң құқықтық негiздері | 13 |
ҚОРЫТЫНДЫ | 17 |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ | 18 |
КІРІСПЕ
Мен Жайсанбай Жандос Мейрамбекұлы, 6В03120-«Саясатану» мамандығы бойынша ЮМ-20-5K тобының студенті, 2021 жылғы 31.05-04.06 мамыр-маусым аралығында Шымкент каласы М.Әуезов атындағы ОҚУ-да оқу практикасынан өттім.
Оқу практикасының өндірістегі жетекшісі : Жумабеков М.У.
Оқу практикасының университеттегі жетекшісі : Жумабеков М.У.
Практикадан өту барысында Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы ОҚУ-да кафедра жұмысымен , окытушы - профессорлар кұрамымен,олардың қызметтерімен таныстым. Сонымен қатар , оқытушылардың қызметтегі негізгі бағыттарымен, ережелерімен практикадан өту барысында үйрендім.
Санитарлы талаптарды сақтай отырып Шымкент қаласындағы « Нұр Отан » партиясының қалалық филиалы мен Шымкен қаласының «Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі» басқармасының «Ақпарттық-коммуникациялық оратлығына» топпен бірге экскурсия жасап,олардың басшыларымен және қызметкерлерімен орталықтың құрылысмен, жұмыс барысымен, іс-қағаздарымен етене таныстым.
Оқу праткикасынан өту барысында өзімнің таңдаған мамандығыма қатысты көптеген ақпараттар мен мәліметтер алдым.Ішкі саяси ақпараттарды жинау және талдау дағдыларын игердім.Сонымен қатар, саяси сауатты тұлға мен саяси ортаны қалыптастыруда аталған практиканың маңызы зор екеніне көз жеткіздім.
Айта кететін жайт, кафедраның құрылымымен, ерекшеліктерімен терең және жан-жақты таныстым.
Оқу практикасының мақсаттары мен міндеттерін орындай отырып, өзіме жақын тақырыпты таңдадым. Менің ғылыми жұмысым «Қазақстан Республикасының саяси транзиті» деп аталады. Аталған тақырыпты «Қазақстан Республикасының Саяси жүйесiнiң түсiнiгi, қоғамның саяси ұйымымен арақатынасы» дей отырып қарастырдым.
1.Қазақстан Респуликасының саяси транзиті
1.1 Қазақстан Республикасының саяси жүйесiнiң түсiнiгi, қоғамның саяси ұйымымен арақатынасы
Бүгінгі жаһандану заманында барлығына таныс ұғым- «Саяси жүйе» түсінігі саяси процесстердің қалай реттелетіндігін, саяси биліктің қалай қалыптасатындығын және қызмет ететіндігін көрсетеді. Бұл саяси әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың механизмі. Билік және оған қатынас әртүрлі әлеуметтік институттардың саяси функциясын сипаттайды. Билік, егеменділік, тұлға бостандығы тәріздес қоғам өмірінің аймағы көптеген адамдардың мүддесін қозғайды да, саяси аймаққа айналады. Осы тұста кешенді алынған адамдардың үлкен тобының билікті, егемендікті, тұлға бостандығын қамтамасыз етуді, өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды жеңіп алу, ұстап тұру және пайдалану барысы бойынша қатынасы саяси сипатқа ауысады. [1, 28б.]
Қазақстан Республикасында қоғамның саяси жүйесі мынандай қызмет атқарады:
- қоғам дамуының мақсатын, міндетін және жолдарын анықтау;
- осы мақсат, міндеттерге жету үшін қажетті құралдар мен ресурстарды топтастыру;
- қоғамды жақындастыру, оның құрылымының әртүрлі элементтерінің өзара әрекеттестігі үшін қажетті шарттарды жасау;
- мемлекеттік билікті легитимдендіру, яғни шынайы саяси өмірді ресми саяси және құқықтық нормаларға сәйкестендірудің жоғарғы деңгейіне жеткізу;
- қоғамдық - саяси әрекет режимдерін реттеу.
...