Қазақстан Республикасының экономикалық-саяси дамуындағы Кеден Одағы жағдайлары
Автор: Абылай Кен • Апрель 20, 2023 • Реферат • 4,621 Слов (19 Страниц) • 179 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Евразиялық Технологиялық Университет
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы:
«Қазақстан Республикасының экономикалық-саяси дамуындағы Кеден Одағы жағдайлары»
Орындаған: Кеңесбекұлы А.
Топ: ИС-20-3К
Алматы, 2023
Қазақстан Республикасының экономикалық-саяси дамуындағы Кеден Одағы жағдайлары
Қажеттілік - қанағаттандыруды талап ететін және тіршілікті сақтауға, организм дамуына, жеке түлганың дамуына қажетті адамдардың объективті қажеттілігі. Сұраныс ұсынысты тудырады. Осыдан түтынушы және өндіруші туындайды.
Тұтынушы - өнімді, көрсетілетін қызметті алушы, пайдаланушы нарық субъектісі. Өндіруші - өнім немесе көрсетілетін қызметті таратуга шыгаратын нарық субъектісі. Тандау жасау мүмкіндігі нарық және бағамен ассоцияцияланады.
Нарықты шаруашылық субъектілерінің арасындағы, серіктесті еркін таңдау және бәсекелестіктің болуымен ерекшеленетін шаруашылық қатынастардың түрі ретінде қарастырады. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің нарықты реттеуі оның экономикалық функциясы арқылы жүргізіледі. Реттеу өнім өндірушілердің еркін бәсекелестігін қамтамасыз етуі, мемлекеттің әлеуметтікэкономикалық бағдарламаларды жеткілікті түрде жүргізуі, тұрмысы нашар, ауруларды, балаларды т.б. қолдауы, өндірістің өңдеу саласын дамытуды, инновациялық-ғылыми технологияларды қолдауды жолға қояды, бірақ абсолютті еркін нарық болмайды, сонда да мемлекеттің араласуы минималды болуы керек. Іс-әрекеттің кез келген түрі еңбекті бөлуге байланысты. Еңбекті қоғамдық бөлу бар. Еңбек нәтижелерін бірыңғай объектіге жинау тиімді стандарттау бар жерде, стандартталған база негізінде біріктіру мүмкін болады. Стандарттаудың тиімділігі оның негізгі: экономикалық, әлеуметтік және коммуникативтік функциялары арқылы көрсетіледі. Қазақстанда жүмыс жасайтын барлық стандарттарды 2 топқа белуге болады. 1- топ. Өнім сапасына қойылатын нақты талаптары бар және оны жақсарту мақсаты бар стандарттар. 2- топ. Бүйымдарды, агрегаттарды, технологиялық процестерді, терминдерді, т.с.с. өндірістің, басқарудың және қызмет көрсетудің қажеттілігі шамалы және негізделмеген, көптеген материалдық факторларды қысқартуға арналган стандарттар. Экономика саласындағы стандарттау жүмыстары экономикалық тиімділікті бағалауды жүргізу принциптерін тағайындайтын стандарттар қатарын бекітуге мүмкіндік береді.
Бұл құжаттармен стандарттаудың экономикалық тиімділігін анықтау үшін керек деректерді жинау, талдау және өңдеу әдістері, экономикалық тиімділік әдістері, есептеу реті, т.б. тағайындалған. Стандарттау өндіріс дамуының, сауданың, кәсіпкерліктің, қызмет көрсету саласының, т.б. жетілуіне жақсы әсер етеді. Оның экономикалық қиындықтары экономиканың, ғылыми-техникалық прогрестің қүрама бөліктері болып келеді.
Бірақ, түрлі салалар мен қоғамдық өндіріс сфераларында стандарттау жүмыстарын жүргізу салдары бірдей әсер етпейді, немесе қарама-қайшы бағытталған болуы да мүмкін екендігін айта кету керек. Сонымен, қосымша шыгындарга байланысты жеке стандарттарды енгізу өндірушіге пайда келтірмейді, бірақ тұтынушыға пайдалы. Немесе өндіруші өнімді унификаттауды кеңінен қолданып, өзінің шығынын айтарлықтай қысқартуына болады, бірақбұл тұтынушыныңтаңдау аймагын кемітеді.
Стандарттау салдарының күрделі және бірмәнді емес сипаты, оның экономикалық тиімділігінесептеу әдісі менпринципіне едәуір әсер етеді. Әсіресе бүл бүгінгі күні жаһандану процесінің күшейіп келе жатқан кезінде, халықаралық стандарттау мемлекеттердің экономикалық қатынастарын өсіруді, бірақ бір жағынан үлттық өндірістің көптеген түрлерінің жойылуына мүмкіндік береді. Стандарттаудың экономикалық тиімділігін бағалаудың негізгі объективті шарты, өндірушілердің де, түтынушылардың да мүдделері мен түрлі факторлардың максималды санын есепке алу болатын жүйелік кешенді тәсіл.
...