Қазақстан Республикасының терроризммен күресу жөніндегі заңнаманалар жиынтығы
Автор: aika.naiman • Март 11, 2018 • Реферат • 3,922 Слов (16 Страниц) • 1,777 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе | ||
1 | Терроризм актісіндегі қылмыстық-құқықтық сипаттамасы................ | |
1.1 | Терроризм актісінің объективтік белгілері................................................ | |
1.2 | Терроризм актісінің субъективтік белгілері............................................... | |
1.3 | Терроризмді өзге де ұқсас қылмыстардан ажырату........................... | |
1.4 2. 2.1 | Терроризм актісінде көрсетілген қылмыстары үшін жаза тағайындау мәселелері.................. Қазақстан Республикасының терроризммен күресу жөніндегі заңнаманалар жиынтығы.............................................................................. Жалпы әлемдік терроризммен күресу жолындағы маңызды іс шаралар..................................................................................... | |
Қорытынды | ||
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | ||
Қосымша |
КІРІСПЕ
Тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының бірінші бабына сәйкес – Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – делінген [1]. XXI ғасырда терроризм қаупі жаңа мәнге ие болды. Көптеген ғалымдар, аналитиктер, зерттеушілер бұл жаһандану заманында, ақпараттың өте қарқынды алмасудың уақытында «терроризмнің жаңа толқыны» туындағанын айтады. Терроризм тарихи кішкентай уақыт ішінде маргиналды тәжірибеден саяси стратегияға ұласып, трансұлттық қауіпті төндіруде. Оған себеп терроризмнің тігінен және көлденең ушығуы, жаңа әдіс-тәсілдер көлемінің кеңеюі, қару-жарақ құралдардың көбеюі.
«Терроризм», «террористер», «террористік топ», «террористік акт» ұғымдары латын тілінің «terrore» деген сөзінен шығып, үрей, қорқыту деген мағынаны білдіреді. Алғаш рет террор ұғымы ХІХ ғасырдағы Ұлы француз революциясы кезінде саяси әрекет әдісі ретінде саяси қарсыластарды жою үшін радикалдық революционерлермен қолданылды.
Терроризмнің мемлекет қауіпсіздігіне, айтарлықтай, қаупі үлкен екені, соңғы жылдары айрықша байқалады. Егер де осыдан 10-15 жыл алдын терроризм туралы жаңалықтарды шет елдерде болып жатқанын теледидар, газет- журналдардан ғана көрсек, қазіргі уақытта бұл ахуалдың біздің елімізге жеткеніне куә болып отырмыз. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңында, ұлттық қауіпсіздік түсінігіне осындай анықтама беріледі: Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi (бұдан әрi – ұлттық қауiпсiздiк) – адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйi[2]
Мақсаты. Терроризм актісіндегі қылмыстық құқықтық мәселелер
Міндеті:
- Қазақстан Республикасындағы терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша заңнаманы зерттеу;
- Терроризм актісіндегі қылмыстық-құқықтық сипаттама беру;
- Терроризммен күрес жөніндегі бүкіл әлемдік іс шараларды саралау;
1.2 ТЕРРОРИЗМ АКТІСІНДЕГІ СУБЬЕКТИВТІК БЕЛГІЛЕРІ
Терроризм актісіндегі қылмыстың субъективтік жағы — қоғамға немесе мемлекетке қауіпті зардап келтірген адамның психикалық іс-əрекетінің қылмысты істеуге тікелей байланысты болған қылмыс құрамы белгілерінің жиынтығы[29].
Қылмыстың субъективті жағының мазмұны кінә, ниет және мақсат сияқты белгілердің көмегімен ашып көрсетіледі.
Субъективтік жағынан терроризмнің негізгі белгілері оны жасаудың басты мақсаты- қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету.
...