Ұлттық экономиканың мемлекеттік реттеу және экономикалық қауіпсіздік . Әлемдік экономика қызмет етуінің экономикалық негіздері
Автор: KKarakat • Сентябрь 1, 2021 • Контрольная работа • 1,939 Слов (8 Страниц) • 594 Просмотры
Тақырыбы №15. Ұлттық экономиканың мемлекеттік реттеу және экономикалық қауіпсіздік . Әлемдік экономика қызмет етуінің экономикалық негіздері.
«Әлемдегі соңғы жылдары болып жатқан әлеуметтік- экономикалық үлкен өзгерістер, мемлекеттің жалпы атқаратын қызметіне өзгерістер енгізді. Ол өзгерістер қазіргі экономиканың нарықтық қатынас жағдайындағы еркін кәсіпкерлік іс- әрекеттің, бәсекеңін, өзін- өзі реттеудің иәтижесінде дамуына байланысты. Сондықтан, мемлекетгің экономикаға тікелей араласуына белгілі дәрежеде шек қойылады.
Мемлекеттін экономикалық қызметін төмендегі келтіріліп отырған топтарға (блоктарға) біріктіруге болады:
- Экономикалык саясатты қалыптастыру;
- Нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойынына алады:
Стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық әлеуметтік, демографиялык болжау мен жоспарлауды.
Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады;
- Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі: коғамға кажет мемлекеттік кәсіпорын (қоғамдык пен шаруашылық есептегі) мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар. Олар: темір жол мен жалпы ұлттық автокөлік жолдары, көпір, су каналдары, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер.
- Нарыктық жүйенің қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, тиім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықтық экономикада монополизмге қарсы күрес жүргізу, ол үшін белгілі қүқықтық база жасау және баға саясатын жүргізу.
- Мемлекет экономиканы тұрақтандыру саясатының бағдарламасын жасап, оны іске асыру шараларын жүргізеді. Сонымен қатар, жұмыссыздыққа, инфляцияға қарсы шараларды іске асырады.
- Мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын іске асырады.
- Мемлекет сыртқы экономикалық қатынастарды реттейді.»
Мемлекет аталған қызметтерді реттеу үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолданады.
«Нарықты реттеу тәсілдері- бұл мемлекет пен кәсіпорындардың ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықтық механизм қызметіне қалыпты жағдайды қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеулін мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан соң, мемлекеттің экономиканы реттеуі өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды.
Нарықтың құрылуы жаңа өндірістік қатынастары көшуді байқатады: халық шаруашылығын басқарудың вертикальды құрылымынан бас тарту, оны горизонтальды құрылыммен ауыстыру. Нарық мемлекетпен, кәсіпорын (фирма), тауар өндірушілермен де реттелуі мүмкін. Осыған байланысты реттеуші субъектілеріне байланысты реттсу тәсілін шартты түрде былай классификациялауға болады: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықтық тепе-теңдікке әсер ету әдісіне қарай тікелей және жанама.»
«Мемлекеттің тікелей араласуы — ол, нарықтық қатынастың барлық элементтерін дамыту, үйлесімді жүргізу үшін құқықтық актілер қабылдайды. Мысалы, Салық кодексі, Азаматтық кодексі, монополияға қарсы заң т.с.с.
Мемлекеттің жанама араласуы. Реттеудің жанама тәсілі негізінен мекен-жайсыз болғанмен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар экономикалык қызметтің жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады. Тікелей және жанама тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар араласып кеткен және меншік түрі мен объектілеріне әсер етуіне байланысты жіктелген күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады. »
«- Фискалдық саясат. Ол мемлекеттік бюджеттен байланысты қаржыны
реттеуді қамтиды.
— Бюджеттік реттеу- мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджетті әртүрлі бағыттар бойынша жұмсайды реттейді.
-Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу.
— Баға арқылы реттеу.
— Ақша-несие арқылы реттеу салық жүйесін қоса алғанда, мұны мемлекеттің фискалды саясаты деп аталады, осы арқылы ақша айналысына ықпал ету.
— Әлеуметтік саясат өзіне табысты индексациялау, төменгі өмір сүру деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады.
...