Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалықактілерінеасыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгі
Автор: Aiman Saduakasova • Февраль 15, 2023 • Реферат • 1,826 Слов (8 Страниц) • 194 Просмотры
№ исх: 2-3-6/20565 от: 15.08.2018 № вх: 18407//2-3-6/20565 от: 15.08.2018 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалықактілерінеасыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1. Заң жобасының атауы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы).
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама институты» мемлекеттік мекемесі «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мониторинг жүргізу барысында анықтаған қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды және кемшіліктерді жоюды қарастырады, сондай-ақ реттелетін салада жаңғырту және цифрлау бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы малдарымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізу және терминдерді біріздендіруге бағытталған, шаралар туралы Еуразиялық экономикалық одақ Келісім шеңберінде осы әзірленген Тұжырымдамаға сәйкес қарастырылады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қолданыстағы заңнамалардағы олқылықтар, кемшіліктер және қарама-қайшылықтарды жою
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде (бұдан әрі - ЕАЭО) ауыл шаруашылығы жануарларының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарын сәйкестендіруге бағытталған белсенді жұмыстарды ескеріп, «асыл тұқымдық өнім», «ауыл шаруашылығы малы», «таза тұқымды мал» және т.б терминдерін қайта қарауға және нақтылауға қажеттілік бар.
Мәселен, Заңда жазылған: ауыл шаруашылығы малы – адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;асыл тұқымдық өнім (материал) – асыл тұқымды мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары және бал ара пакеттері.
Сол мезетте, ЕАЭОшеңберіндеауыл шаруашылығы жануарларының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарын сәйкестендіруге даярланғанТұжырымдамаға сәйкес, аталған терминдер келесі редакцияда жазылған: «ауыл шаруашылығы малы» - мал шаруашылығы және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін алу мақсатында өсірілетін, малдар және «асыл тұқымдық өнім» - асыл тұқымды мал, оның ұрығы, эмбриондар, уылдырық,бал ара пакеттері.
Осыған орай, ЕАЭО шеңберінде келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясатты жүргізу және ауыл шаруашылығы жануарларының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарын реттеу мақсатында аталған терминдерді жоғарыда айтылғанТұжырымдамаға сәйкестендіруге қажеттілік бар.
Заң сондай-ақ республикалық палатаның құрылымы мен өкілеттіктерін реттейді, ол асыл тұқымды малдарды өсiрудi және (немесе) өсімін молайтуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін iске асыру және қорғау үшiн құрылатын және жұмыс істейтін, коммерциялық емес, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады. Атап айтқанда, қолданыстағы Заңда, асыл тұқымдық өнімге (материалға) асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар және асыл тұқымдық репродукторлар берген асыл тұқымдық куәліктер республикалық палата осындай асыл тұқымдық өнімге (материалға) мәртебе бергенге дейін өз күшін сақтайды деп қарастырылған. Алайда, асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар және асыл тұқымдық репродукторлар қызметінің негізгі бағыттарын реттейтін баптар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2015 жылғы 27 қарашадағы № 424-V Заңымен алынып тасталғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, аталған заңды тұлғалар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер болып табылмайды, олардың тізбесі қолданыстағы Заңда анықталған.
...