Саяси ғылымдағы саясатты түсіндірудің әдіснамалық жолдары
Автор: Asylzhan Blimbek • Ноябрь 18, 2021 • Реферат • 712 Слов (3 Страниц) • 470 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті «Философия және Саясаттану»
Кафедрасы «Саясаттану және Саяси технологиялар»
СӨЖ
Тақырыбы: Саяси ғылымдағы саясатты түсіндірудің әдіснамалық жолдары
Орындаған:Білімбекұлы Асылжан
Тексерген: Мұсатаев С. Ш.
Алматы 2021
Саяси ғылымдағы саясатты түсіндірудің әдіснамалық жолдары
Бәрімізге белгілі саяси ғылым ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, ХХ ғасырдың ортасына қарай тұрақтандырылған, бірақ саясаттың теориясы көне заманнан бастап өркениет дамуының тарихы барысында дамыған болатын дегенменде оның 20 ғасырлық тарихы бар. Саясаттану сөзі екі сөзден құралған: саясат + логос, саясат туралы ілім дегенді білдіреді ,ол жеке тұлға мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты анықтайды.Ал саясаттану оқу пәні ретінде 100 жылдай бұрын, ХІХ ғасырда әртүрлі елдердің жоғарғы оқу орындарында оқытыла бастағаны бәрімізге аян. Саясаттанудың мазмұны өкімет проблемалары, мемлекет және мемлекетаралық қатынастарды қамтиды. Сондықтан қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән-мағынасын жете меңгеруімізде, ондағы адам құқықтары мен бостандықтарын қажетті деңгейде ұғынуымызда саясаттану пәнінің рөлі зор деп ойлаймын. Әрбір ғылым белгілі бір әдістерге сүйенеді.Сол әдіс-тәсілді қолдану арқылы бір ғылым саласының қыр-сырын,құрылымын,мағынасын,мән-мазмұнын тез әрі жылдам меңгеруге болады.Ал саяси ғылымдағы саясатты түсіндірудің әдіснамалық жолдары қандай және осы әдістерді қалай қолданамыз?
Жалпы саяси ғылымда саясатты түсіндіруде салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік, аксиологиялық тәсілдері қолданылады.
Салыстырмалы әдіс дегеніміз әртүрлі елдердегі саяси жағдайларды зерттеп, соғын салыстырма жасау дегенді білдіреді. Олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін жіктеуге септігін тигізеді. Ондағы саяси тұрақтылық пен оның шешімдерін бағалауға, қажетті тұстарын қабылдауға мүмкіндік жасайды. Саясаттанудың салыстырмалы әдісі туралы ерекше айта кету қажет. Оны саясаттануға тән әдіс деп қарауға болмайды, бірақ ол жалпығылымдық әдіс, өйткені салыстыру барлық ілімдерді тануға апаратын жол. Салыстыру әдісі, әлемді тану сияқты өте көне. Бұл әдіспен 158 грек қалаларын зерттеуге, ондағы басқару формаларын салыстырган Аристотельдің «Саясат» кітабында кеңінен қолданған. Қазргі заманғы батыс саясаттану ғылымында да салыстыру әдісі ең жақсы дамыған бағыт болып есептеледі. Әңгіме саяси жүйелер мен институттардың және т.б. салыстыра отырып зерттелуі туралы. Бұл әдістің өзіміздің Қазақстан Республикасында алатын маңызы зор. Себебі еліміздегі жүріп жатқан саяси реформалардың нәтижелі болуына басқа елдердің озық тәжірибесін пайдаланып, тиімді тұстарына салыстырма жасау арқылы қоғамға енгізу жеңісті шешім болмақ.
...