Қазақстан Республикасындағы жастардың саяси белсенділігін арттыру жолдары
Автор: Камшат Асилова • Февраль 16, 2022 • Эссе • 546 Слов (3 Страниц) • 1,204 Просмотры
Қазақстан Республикасындағы жастардың саяси белсенділігін арттыру жолдары
Эпиграф
Жастары белсенді елдің ертеңі де жарқын
Болашағынан көп үміт күтетін мемлекет алдымен қоғам жастарының мәселесіне көп көңіл бөледі . Айтарлық, жастар кез келген қоғамның қозғаушы күші демей ма. Жастар мықты да, белсенді де, нағыз патриот болса мемлекет әлдеқайда дамыған болар еді. Дегенменде қазірде жақсы ұмтылыстар мен айқын мақсаттар, нәтижелі жұмыстар бар!!
Жалпы туған елдің өрістеп дамуы ел белсенділеріне тікелей байналысты яғни жастарға. Негізінде басты қарастырылып отырған сұрақ, Қазақ жастарының саяси белсенділігін аттыру жолдары қандай? бұл сұрақ неліктен туындайды, егер жастар белсенді болғанда, туындамас едіғой деген де ой келеді! Бұл сауалдың туындау себебі, жастардың қазірде саяси белсенділігі төмен деңгеде болуы немесе енді ғана өріс алып келуі, бірақ жаппай айтуға да болмайды, арасында саясатқа шын берілгендері де бар. Дегенменде басым жастар әлеуметтік желілерде белсенді болғанменде, саяси белсенділік жағынан төмен деңгейде екендігі белгілі.
Ал ендігі кезекте қазақстандағы жастардың саяси белсінділін арттыру жолдарын айтпас бұрын жалпы саяси белсенділік жайында білген жөн болар деп ойлаймын. Меніңше саяси белсенділік бұл адамдардың мемлекеттегі белгілі бір мәселерді шешуге деген іс-әрекет қабілеттілігі. Біз көбінше саяси белсенділік деген сөзді, сайлау науқаны кезінде теледидардан, радиолардан журналистердің бізге жеткізген ақпараттарынан білеміз. Бірақ саяси белсенділік деген не? Деген сауал көп адамды қызықтырмайды және де назар аудармайды.Бір сәттік айтылым және қойылым.
Негізінде саяси белсенділікті ойға алған кезде мен өткен 1986 жылдағы қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы, бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған іс-қимылдарын еске аламын. Оларды көре отырып жастардың үлкен қоғамдық саяси күш екендігін аңғарамын.
Ал қазіргі жастардың саяси белсенділігі жайында айтар болсам олар енді ғана дамып жетіліп келеді деп ойлаймын. Бүгінде саяси белсендікпен айналсу үшін ең алдымен жастарда саяси сауаттылық болуы қажет деп білемін.Сауаттылық бар жерде дұрыс жолда, дұрыс бағдар да болады. Көбіміз білетіндей өткен ғасырдың саяси белсендісі болған М. Дулатов қазақтарға «Оян Қазақ» деп ұран тастаған . Сол сөздің ішінде қаншама мағыналы сөз жатқаны баршамызға белгілі. Одан бөлек Мағжан Жұмабаевта «Мен жастарға сенемін» деп жастарға зор үмітпен қарағанын айтуға да болады.Олар жастардың қолынан көп нәрсе келетінін, оянып жетіле алатынын , елде саяси белсенділі болуға үгіттейді . Осы Мағжан мен Міржақыптай тұлғалардан жастар , яғни, біз үлгі алсақ болады.
...