Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саясаттанудың қызметі

Автор:   •  Сентябрь 28, 2021  •  Лекция  •  863 Слов (4 Страниц)  •  303 Просмотры

Страница 1 из 4

—әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану ғылымдары зерттеу обьектісі, пәні

“Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның societas-қоғам және гректің logos –сөз,түсінік, ілім дегенсөздерінен. Демек,этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану пәнін қандайда бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. әлеуметтік шынайылық –қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі. Қоғам адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшклкнген зерделеу объектісі бар. Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес ,оның қандай да бір жағы немесе көрінісі.

Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнер і, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері:

  1. саяси теория;
  2. саяси институттар;
  3. саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;
  4. халықаралық қатынастар.

Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады

Мәдениеттану — мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. «Мәдениеттану» пәнінің орны, мақсаты және нысанасы адам мәдениетінің мәнін тану қажеттілігімен, яғни тарихи-мәдени тәжірибені игерумен және мәдениеттің даму болашағын болжаумен байланысты. Ондай зерттеулердің негізгі мақсатына өндіріс тәсілдерін талдау және айқындау, тарату және қүндылықтарда, өлшемдерде, институттарда, тәжірибелерде көрінетін мәдениеттің мағыналарын меңгеру болып саналады; мәдениеттің артефактілерін оқып білу; әлеуметтік тұрмыс тәсілдерін және әртүрлі мәдениеттілі түрлердің өзара әрекеттестіктерін, тәжірибелердің астарын зерттеу жатады.

— осы ғылымдардың өзара байланысы

Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі- әлеуметтану. Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мәселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.

...

Скачать:   txt (13.4 Kb)   pdf (146 Kb)   docx (12.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club