Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саясаттану, салыстырмалы саясаттану

Автор:   •  Март 16, 2024  •  Реферат  •  1,459 Слов (6 Страниц)  •  23 Просмотры

Страница 1 из 6

                             

ЖОСПАР:

І. Кіріспе

Саясаттану, салыстырмалы саясаттану

ІІ. Негізгі бөлім

1. Саясаттану парадигмалары

2. Оның түрлері

3. Салыстыру

ІІІ. Қорытынды

                         

                                            Саясаттану

Саясаттану сөзі гректің «политика» және «логос» деген сөздерден шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Саясат термині мемлекетпен, өкімет билігі қатынастарымен, адамдар мен қоғамға басшылық ету ғылымдармен байланысты көне заманғы ұғымдарға негізделген. Саясаттану сөзі гректің «политика» және «логос» деген сөздерден шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Саясат термині мемлекетпен, өкімет билігі қатынастарымен, адамдар мен қоғамға басшылық ету ғылымдармен байланысты көне заманғы ұғымдарға негізделген.

ХХ ғасыр 50 жылдар саясаттану ғылым мен оқу пәнінің жеке саласы ретінде қалыптасасты. ЮНЕСКО бастауымен 1948 жылы Саяси ғылымның бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері:

  • Саяси теория
  • Саяси институттар
  • Саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір
  • Халықаралық қатынастар

Саясаттану адамның өміріндегі пайдалы, керекті ғылымдардың бірі болып саналады деген ойламын. Мысалы, саясаттану адам мен қоғамның басқа ғылымдары сияқты, адам білімін қалыптастыруға, Өткенді, бүгінді, болашақты дұрыс түсінуге және орнын анықтауға көмектеседі.

Қазіргі әлемде, оның ішінде түбегейлі демократиялық өзгерістерді жүзеге асыратын елде саясаттан тыс адам жоқ. Сондықтан, әрбір адам өзінің кәсібіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, оған мұқтаж, өйткені ол қоғамда өмір сүреді, басқа адамдармен және мемлекетпен қарым-қатынас жасайды деген қорытындыға келген жөн. Саясат туралы білім алу оның қоғамдағы орны мен рөлін түсінгісі келетін, басқа адамдармен ынтымақтастықтағы қажеттіліктерін жақсырақ қанағаттандырғысы келетін және оларды жүзеге асырудың мақсаттары мен құралдарын таңдауға үлес қосқысы келетін әрбір адамның мүдделеріне сәйкес келеді.ұлттық ауқымда. Ал саясатты дұрыс түсінбеу және оны әдейі елемеу теріс салдарға әкеп соғады, адам өмірінің шектелуіне, ал ең ауыр жағдайларда оның негіздеріне қауіп төндіреді. Әлемдік қоғамдастық пен Қазақстандағы қазіргі тарихи жағдай саяси білім деңгейімен, әр азаматтың белсенді саяси тәжірибеге қатысу деңгейімен анықталады.

Саясаттану пәні қоғамның саяси санасын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыру мен басқаруды, оның құрылымы мен әр түрлі функцияларын зерттейді. Ол адамзаттың қоғамдағы құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, жеке тұлғаның саяси-құқықтық мәртебесі, оның саяси өмірге қатысу жолдары, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастыру жолдары, алуан түрлілігі туралы түсінік береді.қазіргі заманның саяси идеологиялық көзқарастары, саяси сананың дамуы, Әлемдік Дамудың қозғаушы күштері. Ол өткен және қазіргі саяси жүйелерді, адамдардың санасындағы, көзқарастарындағы, мақсаттары мен мүдделеріндегі, мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді зерттейді. Және, бір жағынан, ол жиналған деректерді жинақтайды, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығына сүйене отырып, болашаққа болжам жасайды. Саясаттану пән ретінде посткеңестікте ХХ ғ. 90 ж. бастап оқу бағдармларына енгізілген болатын. Ал, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында Саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады.

Сонымен, саясаттану-бұл саясаттың жалпыланған ғылымы, саясаттың адам мен қоғам арасындағы байланысы. Онда саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтары, оның жұмыс істеуі және мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.

Саясаттану қызметіне келетін болсақ, ол да барлық ғылымдар секілді белгілі бір қызметтерді, яғни функуияларды атқарады. Ең әуелі танымдық қызметі жатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олардың саяси мәнін түсініге жән болашақты болжауға мүмкіндік береді. Ал, келесі қызметі – ол бағалау. Бағалау саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттрде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Яғни, ол азаматтықты, халықтың дмократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.

...

Скачать:   txt (21.6 Kb)   pdf (132.1 Kb)   docx (196.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club