М.Хайдагер онтологиясының негізгі ұғымдары
Автор: nurshat04 • Апрель 6, 2024 • Реферат • 972 Слов (4 Страниц) • 160 Просмотры
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
[pic 1]
БӨЖ №3
Тақырыбы: «М.Хайдагер онтологиясының негізгі ұғымдары»
Дайындаған:Мергенбаева Нұршат
Тексерген:Табылдиева Орынгүл
Ақтау 2024ж
Мартин Хайдеггер- неміс ойшылы, қазіргі заман батыс философиясында ең ықпалды философтардың бірі, экзистенциализм, Феноменология, деконструкция, герменевтика, постмодернизм, саясаттанутеориясы, психология және теологиясалаларына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама.Мартин Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары. Хайдеггер өзінің ұстазы Эдмунд Гуссерльдің идеяларын дамытып, феноменология ойлау теориясын ұсынды. Феноменология негізінен адам санасының ішкі мазмұнын сипаттады. Ал Хайдеггер өмір сүрудің мазмұнын сипаттамақ боп шешті. Ол болмыстың адамнан мұқият жасырылған құпия үдерістерінің тереңіне бойлады. Хайдеггер еңбектерінің мәтіні түсініксіз әрі қиын еді. Оның тілін кәсіби философтарға арналған тілге жатқызады.
Онтология – болмыстың мәні мен оның негізгі категориялары туралы сұрақтарды зерттейтін философия саласы. Мартин Хайдеггер – 20 ғасырдағы неміс философы, оның философиясы онтологияның негізгі концепцияларына негізделген және өзіндік онтологиялық жүйесін қалыптастырады. Мартин Хайдеггердің онтологиясы болмыстың табиғаты мен болмыстың мәні туралы сұрақтарды зерттейтін философиялық пән.
Ежелгі философтардың арасында «болмыс деген не?» деген сауал жүріп, барлық ғалымдар дал болып жүрді. Хайдеггердің айтуынша, біз оған жауап бере алмайтынымыз тұрмақ, біз тіпті ондай сұрақ та қоя алмаймыз, себебі оның не екендігін білмейміз дейді. Болмыс – бар нәрсенің жай ғана бар болуы емес. Болмыс – заттардың өмір сүріп отырғанының дерегі, олардың бар екенін негіздейді. Бірақ біз «болмыс деген не?» деген сұраққа ешқашан толыққанды жауап таба алмаймыз. Болмыс деген сөзге Мартин Хайдеггер тағыда бір терминді жатқызады. Ол - «Dasein». Ол ешқандай басқа тілге аударылмайтын термин. «Dasein» - біздің қамаудағы халіміз. Хайдеггердің айтуынша,біздің әр-қайсысымыз әлеуметтік ортаға қамалғанбыз. Dasein жансыз зат сияқты өмір сүрмейді. Dasein – ол «болмыстың болуын қажет ететін бар дүние». Dasein болмысқа апарады және оны зерттеп, зерделейді. Ал біз зерттеп, зерделеу керек нәрсе ол – біздің дүниедегі болмысымыз. Біздің дүниедегі болмысымыз жай белсенді емес. Бұл дүние бізді өзіне икемдейді және біз оған бейімделеміз. Бітпейтін тірліктер тек оқиғаларға жабылған жасанды жамылғы, біздің болмысқа ашықтығымызды әлсіретіп, мүмкіндіктерімізді азайтып,бізді керек-жарақпен теңестіреді. Dasein өз мүмкіндіктерін толық ашық көрсеткенде ғана нағыз өзі бола алады. Бізді әрқашан бір нәрсе алаңдатады. Ол – уақыт. «Бізде тіпті ойлануға бір минут та жоқ және бұл өзімізге ұнайтын секілді» дейді Хайдеггер. Шынында да болмысымызды ұмытыпч тіршілікке қашамыз. Уақыт өткеннен кейін өмірімізге,өзімізге қарап «Мен кіммін? Қайда барамын? Не үшін?» деген сұрақтарды қойып,жауабың таппай азаптанамыз. Барлық объектілер уақытта өмір сүреді және уақыт оларды басқарады. Біз уақыт өте келе жансыз техникаға ұқсай бастадық. Функциялармен ғана жұмыс істейміз. Шынайы болмысымызды ұмытып, қу-тіршіліктің артынан жүгірудеміз. Хайдеггердің пайымдауынша біз - «техникаға ұқсаған адамбыз». «Ғылым ойланбайды»,- деп атап көрсеткен Хайдеггер. Ғылым нақты бар дүниеге бағытталуы керек. Ол болмысты ұғынумен және түсіндірумен айналыспау керек. Болмысты бар болу ретінде зерттейтін сала ол – метафизика. Болмыс жасырын және өзін осы объектілер, бар нәрсе арқылы көрсетеді. Біз метафизикадан тысқары шыққанда, өз ойларымызды адам табиғатын түсінуге бағыттағанда, болмыс біз үшін өзінің барлық құпиясын ашады.
...