Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері
Автор: Айгерим Нургамзинова • Июнь 23, 2018 • Реферат • 1,150 Слов (5 Страниц) • 3,817 Просмотры
Жоспар:
I.Кіріспе..............................................................................................................2
II.Негезгі бөлім...................................................................................................3-5
2.1 Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері...............................3-5
2.2 Өскемен қаласындағы жер заңдарын бұзушылық және шешу жолдары 5-6
III.Қорытынды…................................................................................................7
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................
Кіріспе
Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік дегніміз – мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын мәжбүрлеу шарасы. Басты мақсаты: 1) Әлеуметтік-әділеттілікті қалпына келтіру; 2) Құқық бұзушы тұлғаны түзеу; 3) Заң нормаларының талаптарын сақтауға итермелеу; болып табылады.
Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершіліктің түрлері: 1) Жер заңдарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік; 2) Жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік; 3) Жер заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік; 4) Жер заңдарын бұзғаны үшін азаматтық (материалдық) жауапкершілік.
2.1 Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік түрлерін жеке қарастырып көрейік.
Жер құқығын бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілік -
Қазақстан Республикасының жер заңдары жер туралы заңнаманың нормаларын, талаптарын орындамаумен немесе бұзумен байланысты тәртіптік әрекеттердің тізімін қарастырмайды. Онда тек жер заңдарының бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіпте жауапты болады деп атап өтілген.
Жұмысшыға еңбек тәртібін бұзғаны үшін жаза қолданудың негіздері болып мыналар табылады:
1) жұмысшы мен жұмыс берушінің еңбек шартымен, бұйрығымен және т.б. рәсімделген еңбек байланысы; 2) жұмысшы еңбек процесінде тиісті тәртіпте орындауға міндетті еңбек міндеттемелерінің ресми түрде жіктелуі; 3) егер еңбек тәртібін бұзу орын алса, ол заңмен белгіленген мерзім ішінде қарастырылуы тиіс. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни, жұмысшының өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған немесе тиісті түрде орындалмағаны үшін жұмыс беруші тәртіптік жазаның келесі түрлерін қолдана алады:
- ескерту;
- сөгіс;
- жеке еңбек шартын бұзу.
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жеке еңбек шартын тоқтату үшін, заңдардың талаптарына сәйкес, осы әрекет бірнеше рет орын алуы тиіс және еңбек міндеттерін өрескел түрде бұзу сипатында болуы тиіс.
Тәртіптік жазаларды қолдану үшін мыналар қажет:
- жұмысшыдан жазбаша түсіндірме талап етілуі тиіс;
- тәртіптік жаза құқық бұзушылық анықталған күннен бастап бір айдың ішінде тағайындалады және құқық бұзушылық жасалған күннен бастап алты ай уақыт өткен соң таайындалмайды;
- әрбір құқық бұзушылық үшін тек бір әкімшілік жаза тағайындалады;
- тәртіптік жаза тағайындау туралы бұйрық жазаға тартылған жұмысшыға қол қою арқылы жарияланады;
- тәртіптік жаза тағайындау кезінде жұмыс беруші жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығын, оны жасау жағдайларын, жұмысшының оған дейінгі жүріс-тұрысын, оның еңбекке деген қатынасын, сонымен қатар, тәртіптік жазаның жасалған құқық бұзушылыққа сәйкестігін ескеруі тиіс.
Қылмыстық жауаптылық жауаптылықтың мейлінше ауыр нысаны болып табылады және ол әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа қарағанда соттың кінәлі тұлғаға қоғамдық қауіптің жоғары деңгейін білдіретін әректеті үшін қолданылатынмен ерекшеленеді. Қылмыстық жауаптылықтың жалғыз негізі болып қылмысты, ҚР Қылмыстық кодексімен көзделген қылмыс құрамының барлық белгілеріне ие әрекетті немесе әрекетсіздік жасау табылады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Сол себепті, жер заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық ҚР Қылмыстық кодексінің қылмысты жаузалаушы нормаларына сәйкес жер құқығы қатынастары саласындағы қылмыстық жазаланатын қылмыстық әрекеттер үшін туындайды. ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы шаруашылық және өзге де қызметке қатысты экологиялық талаптар саласындағы қылмыстарды қарастырады. Табиғи ресурстарды пайдалану, кәсіпорындарды және пайдалану объектілерінің басқа да түрлерін, өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялық объектілерді жобалау, орналастыру, салу, елді мекендер құрылысы кезінде, сонымен қатар, әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери және ғарыштық қызметке қатысты экологиялық талаптарды орындау үшін жауапты тұлғалар бұзған жағдайда, егер бұл қоршаған ортаның елеулі ластануына, адам денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің жаппай қырылуына және өзге де ауыр салдарға әкеп тіресе – белгілі бір лауазымды иелену не белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге дейін айыра отырып не бұларсыз 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.
...