Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Республика Президентінің конституциялық-құқықтық жағдайы

Автор:   •  Сентябрь 28, 2021  •  Лекция  •  2,192 Слов (9 Страниц)  •  278 Просмотры

Страница 1 из 9

          Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

            әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                                             

                                           [pic 1]                               

«Заң» факультеті

СЕМИНАР

Тақырыбы: «Республика Президентінің конституциялық-құқықтық жағдайы»

                                         Орындаған: Қуатханова А.Р. (102- группа)

                                         Қабылдаған: Оңдашұлы Е.

                                                  Алматы- 2021

1. Республика Президенті;

2. Қазақстанда Президент институтының құрылуы және дамуы;

3. Президенттің сайлану және қызметіне кірісу тәртiбi;

4. Президенттің өкілеттіктері;

5. Президенттің актілері;

6. Президенттiң қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы;

7. Президентті қызметiнен кетiру. Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босаған немесе кетiрiлген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда оның мiндеттерiн атқару.

  1. Республика Президентi.

Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. Халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi. Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен қадір-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.

  1. Қазақстанда Президент институтының құрылуы және дамуы.

Қазақстанда Президент институты алғаш рет 1990 жылы 24 сәуірде қабылданған «Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкес құрылды. Бұл заңда Қазақстанда Президент қызметін тағайындаудың негізгі себептері ретінде келесілер көрсетілді:

  • елімізде жүзеге асырылып жатқан терең саяси және экономикалық өзгерістердің одан әрі дамытылуын қамтамасыз ету;
  • конституциялық құрылысты нығайту;
  • азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қауіпсіздігін нығайту;
  • Қаз-КСР-ң мемлекеттік өкімет пен басқаруының жоғары органдарының өзара іс-қимылын жақсарту.

ҚазКСР-ң тұңғыш Президенті Қазақстанда Президент қызметі енгізілген күні ҚазКСР Жоғарғы Кеңесімен алты жыл мерзімге сайланды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірінші рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, Президент Республика халқымен бес жыл мерзімге сайланды. 1995 жылы 29 сәуірде Президенттің өкілеттігін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзарту туралы референдум өткізілді. Екінші бүкілхалықтық президенттік сайлау 1999 жылы өтті. Бұл президенттік сайлау алғаш рет баламалық негізде өткен сайлау болды. Онда Республика Конституциясына енгізілген 07.10.1998 жылғы өзгертуге сәйкес Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланды. Келесі кезекті сайлау – 2005 жылы 4 желтоқсанда өткізілді. 2007 жылы 21 мамырда қабылданған «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкес ҚР Президентiнің Республика азаматтарымен бес жыл мерзiмге сайланатындығы және 5 жылдық өкілеттік мерзімі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика Президентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға қолданылатындығы белгіленді. Соңғы сайлау 2019 жылдың 19 наурызында өткізілді.

...

Скачать:   txt (30.6 Kb)   pdf (164.2 Kb)   docx (76.7 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club