Козының өсуі және дамуы
Автор: Aminaraim • Апрель 19, 2018 • Реферат • 3,876 Слов (16 Страниц) • 772 Просмотры
2. Негізгі бөлім
Етті-майлы еділбай қойларына жүргізілген селекция жұмыстарында келесі параметрлер алынды: қозының өсуі және дамуы, 4-6 айлық жас қошқарлардың еттілік қасиеттері, өніруші қошқарлардың, саулықтар мен тоқтылардың жүн өнімділігі, жүннің физикалық-техникалық қасиеттері, аналықтың өндіргіштік қасиеттері, аналықтың терісінің гистологиялық құрылымы, тоқтының басты селекциялық белгілері.
Зерттелетін малдың өнімділік және биологиялық ерекшеліктерін зоотехникалық зерттеудің барлығына белгілі әдістермен қарастырылды.
Саулықтарды қолдан ұрықтандыру кезінде барлығына белгілі әдістермен «қойларды қолдан ұрықтандыру нұсқаулығы» -на сүйене отырып жүргізілді.
Қозының өсуі және дамуы олардың туғандағы және 4-6 айлық кезіндегі өлшемдерімен, ал дене бітімінің ерекшеліктері осы жастағы тоқтылар мен қошқарлардың зоотехникалық өлшемдермен анықталды.
Сонымен қатар әрбір мал бойынша салыстырмалы салмақ қосуы Е.Броди формуласы бойынша есептелінді.
Ет өнімділіктері ВИЖ әдісі бойынша 4-6 айлық кезіндегі әр топтан 3бастан алынып, тексеру үшін сойыс нәтижелерімен анықтауда.
Қойларды бонитировкалау етті-майлы тұқым қойларын бонитировкалау нұсқаулығымен сәйкестендіріліп, минимальді өнімділік көрсеткіштері бойынша жүргізілді.
Барлық алынған сандық көрсеткіштер .
Зерттеуге 400-450 басты құрайтын екі аналық отары алынды. Бір отарда зерттеу ата аналарының тірілей салмағы бойынша екінші отарда жүн сапалығы бойынша жүргізілді.
Ата аналарының тірілей салмағы бойынша зерттеу жүргізу үшін толық жасты аналықтар үш топқа бөлінді: I- тірілей салмағы 61-65 кг шамасында (ұсақ) , 66 кг -нан 70 кг - ға дейін ( орташа ), 71 кг - нан жоғары (ірі).(1кесте)
Топ | Өндіруші-қошқарлардың тірілей салмағы | Саулықтардың тірілей салмағы |
Бірінші | 95-100 | 61-65 |
Екінші | 95-100 | 66-70 |
Үшінші | 95-100 | 71 – ден жоғары |
Төртінші | 101-110 және одан жоғары | 61-65 |
Бесінші | 101-110 және одан жоғары | 66-70 |
Алтыншы | 101-1 10 және одан жоғары | 71 – ден жоғары |
Әр топтағы аналықтарға екі топтың қошқарлары қолданылды: I топ (n=3), тірілей салмағы 95-100 кг (орташа) және II топ (n=3) 101 кг-нан 110 кг-ға дейін (ірі) нәтижесінде 6 топ қозы лынды. Біртекті және де әртекті іріктеу бойынша келесі үлгідегі ( қошқар х аналық) : I- орташа х ұсақ, II- орташа х орташа, III-орташа х ірі, IV- ірі х ұсақ, V- ірі х орташа, VI- ірі х ірі.
(1,2 кесте).
Топ | Қошқарлардың жүнін зерттеу бойынша сорты | Аналықтардың жүндерінің сорты |
Бірінші | II | I |
Екінші | II | II |
Үшінші | II | III |
Төртінші | III | I |
Бесінші | III | II |
Алтыншы | III | III |
Зерттеу нысаны ретінде жоғарыда көрсетілген шағылыстыру нәтижелерінен алынған қозылар алынды. Тәжірибе жүргізілген аналықтар және олардан алынған қозылар бірдей жағдайдағы күтімде және азықтандыруда болды. Жайылымда үстеп қоректендіруде құнарландырылған азықтар берілді.
Бірдей жағдайларда ұсталып, зерттеу жүргізілген еділбай тұқымы қойларының биологиялық және өнімділік қасиеттерін салыстырмалы зерттеу нәтижесінде қозылардың өсуі және дамуы, өнімділік қасиеттері анықталды.
...