Батыс Еуропада қалалардың пайда болуы және дамуы
Автор: Orazaly Karshybai Ист 20-1 • Апрель 8, 2022 • Доклад • 1,378 Слов (6 Страниц) • 355 Просмотры
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті | [pic 1] | Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі |
ДОКЛАД
Тақырыбы: Батыс Еуропада қалалардың пайда болуы және дамуы
Орындаған: Қаршыбай Оразалы
Оқу тобы: Ист 20-1
Оқытушы: Жолдасұлы Талғат
Қызылорда,2021
Қолөнердің ауылшаруашылығынан бөлінуі. ХІ ғасыр батыс Еуропа тарихында шешуші ғасыр болып табылады. Бұл жүз жылдықта көптеген Еуропа елдерінде феодалдық қатынастар түпкілікті орнығып болды. Кейбір елдерде (Англия, Германия, Скандинавия және батыс славян мемлекеттері) феодалдану баяу жүргенімен, терең қанат жайған еді. Бұл елдерде де феодалдық өндірістік қатынас және жер иеленушілер мен оларға тәуелді басы байлы және жартылай тәуелді шаруалар негізгі қоғамдық топтарға айнала бастады. ХІғ.қолөнер мен сауданың орталығына айналған, жеке меншіктің жаңа түрін қалыптастырған қалалардың пайда болуы еді. Қалалар осы кезеңнен бастап қоғамның дамуында айрықша маңызға ие болды.
Өндіргіш күштердің, әсіресе егін шаруашылығының өсуі ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі мен қолөнер техникасының өсуін тездетті. Сөйтіп, қолөнер шаруашылығы бірте-бірте арнаулы мамандыққа айнала бастап, онымен арнаулы адамдар тобы айналыса бастады. Қолөнерші барлық уақытын қолөнер бұйымдарын жасауға арнады. Қолөнерші деревнямен барлық қатынасын тоқтатып, өндірістің барлық қажеттілігіне жауап беретін жерді тұрақты мекеніне айналдырды. Мұндай жерлер: шикізат көзі мен шығарған тауарын өткізетін, өзінің өмірі мен дүние мүлкіне қауіпсіз, бекіністері бар жерлер еді.
Х-ХІғғ.Еуропадағы қолөнердің ішінде маманданған екі түрі айрықша орын алды. Олар: темірден бұйым жасау, шұға тоқу.Темір құралдарын ауыл шаруашылығында (соқалар, тырмалар, шегелер т.б.),әскери істерде (темір сауыттар, қылыш, найза т.б.) қажет етті.
Шұға тоқу қолөнерінің кең қанат жаюына қолайсыз тері киімдерін шығару себеп болды.
Қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөліну негізінде қол еңбегіне негізделген ұсақ өнеркәсіп өндірісі өркендеп, бірнеше сатыдан өтті.
Бірінші сатысы бұйымды тұтынушының тілегі бойынша өндіру болды. Бұл сатыда шикізат қолөнершінің өзінікі не тілек білдірушінікі болып, еңбек ақы не заттай, не ақшалай түрде төленді.
Қолөнер дамуының екінші сатысында қолөнерші базар үшін жұмыс істеді. Базарға шығаруға өнім өндірген қолөнерші тікелей тауар өндірушіге айналды. Сөйтіп, ауыл шаруашылығынан бөлінген кәсіптің пайда болуы тауар өндірісі мен тауарлық қатынастың, қала мен деревня арасында айырбастың пайда болуына әкелді. Сонымен бірге қоғамдық еңбек бөлінісінің жаңа кезеңіне өтіп, орта ғасырлық қалалардың пайда болуына жағдай жасады.
Орта ғасырлық қалалардың пайда болуы. Еуропада қалалар ХІғ. дейін де болды. Көптеген қалалар бұрынғы Рим дәурінен қалған еді. Италияда, Францияда, Англияда, батыс және Оңтүстік Германияда, Испанияда мұндай қалалар: Рим, Флоренция, Милан, Неаполь Италияда, Париж, Лион, Марсель, Бордо Францияда, Лондон, Винчестр, Иорк Англияда, Ахен, Трир, Майнц, Аугсбург Германияда, Барселона, Сарогосса Испанияда. Себебі мұнда ІХ ғасырдан бастап-ақ Еуропаның басқа аймақтарына қарағанда феодалдық қарым-қатынастардың ертерек өркендеуіне, өндіргіш күштердің елеулі дəрежеде дамуына жəне қолөнершіліктің ауылшаруашылығынан бөлінуіне алып келді.
Алайда бұл қалалар ерте орта ғасырларда қолөнер мен сауданың орталықтары болған жоқ. Олар ақсүйектер мен діни шонжарлардың мекен -жайлары немесе қамалдары болды. Қала тұрғындары феодалдарды күтушілер болып, егінмен айналысты.
Ал, жаңа қалалар әр түрлі жерлерде қалыптасты. Мәселен феодалдардың қамалдарының төңірегінде, Страсбург, Аугсбург, Гамбург осындай қалалар. «Бург» деген қамал деген мағананы білдірді. Шіркеу төңірегінде қалыптасқан қалалардың аттарының соңында санкт, сан, сен деген тіркеулер жалғастырылды. Мысалы, Сен-Жермен т.б. Қалалардың бір бөлігі өзеннің бір жағасынан екінші жағасына өтуге қолайлы сағалар төңірегінде қалыптасты. Мысалы, Оксфорд, Кембридж Англияда, Майндағы Франкфурт т.б Германияда.
...