Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биохимиялық анализаторлар

Автор:   •  Май 2, 2018  •  Реферат  •  7,011 Слов (29 Страниц)  •  1,150 Просмотры

Страница 1 из 29

Автоматты геманализатор  және оны  ғылыми тәжірбиеде пайдалану. Ветеринариялық анализатор – қазіргі талаптарға сай құралдардың бірі, бұл аспаптың көмегімен жануар ағзасындағы физиологиялық сұйықтықтардың (қан, зәр, сперма) негізінде зертханалық зерттеулер арқылы шынайы ақпараттарды алуға болады, ол биохимиялық және гематологиялық болуы мүмкін. Құралдың көмегімен алынған мәліметтер бойынша жануар организміндегі патологиялық өзгерістерді диагностикалауға және тиімді терапия тағайындауға мүмкіндік береді. Анализатор – бұл күрделі құрылғы, оның жұмыс негізіне жаңа сандық және электронды технологиялар қаланған. Тестілеу өте аз уақыт алады, көп жағдайда 1 минут кетеді. Басқармасы ықшамды орнатылған пернетақта арқылы жүзеге асырылады. Барлық диагностикалық ақпараттар арнайы дисплейде көрінеді, қажет болған жағдайда зерттеу үшін мәліметтерді басылып шығарылуы және сақталуы мүмкін. Визуалдау арқылы нәтижелерді талдау, оларды түрлі-түсті кестелер мен диаграммалар түрінде ұсыну клиникадағы қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді, сонмен қатар ауруды болжауға және сай бағалауға болады. Құралдың ең жаңа моделі басқару ыңғайлылығымен, дәлдікпен, ықшамдылығымен және сенімділігімен ерекшеленеді. Клиникаларды заманауи ветеринариялық анализатормен жабдықтау жануарларға жедел және сапалы көмек көрсету үшін алдын ала жағдай жасайды. Ветеринариялық гематологиялық анализатор жануар қанының формалық элементтерінің сандық оқшаулаудың және 18 параметрлерін саралай отырып лейкоциттер 3 субпопуляцсын анықтау үшін арналған құрал-жабдық болып табылады. Бұл анализаторда бір-біріне тәуелсіз 2 өлшеу принциптері: Култера әдісі және колометриялық әдісі пайдаланылады. Әрбір өлшеу циклінде үлгі автоматты түрде сұйылтылып және араластырылып анықталады. Құралдың мәртебесі, өлшеу және кесте құрылымы үлкен LCD дисплейде бейнеленеді, басқармасы ықшамды орнатылған пернетақта арқылы жүзеге асырылады.

Бактериологиялық зерттеуге сынамалар дайындау тәртібі. Бактериологиялық зерттеуге сынама дайындамас бұрын тексеруге әкелінетін барлық патологиялық материалдар жолдама хат негізінде қабылданады. Патологиялық материалдарды арнайы адам лицензиат дәрігер әкеледі. Патологиялық материалды тексерер алдында өлексені соятын жерді жуады. Содан кейін кварц лампасын жарты сағатқа қоады. Өлексені сойып кеуде құрсақ қуыстарынан сұйықтық алынады. Сонымен қатар өкпе, бауыр, жүрек, көк бауыр, ұлтабардың сұйықтығын алады. Алынған өкпе бөлігін суы бар стақанға салып, бату мөлшерін анықтайды. Әкелінген патологиялық материалдан кесінді алып, күдіктенген ауруға тексереді. Алынған кесіндіні Петри табақшасына салып, оларды боксқа апарады. Бокста дайын орталарға (ЕПС, ЕПА, эритрит) себінділерінге себеді.Себінділері бар пробиркаларды термостатқа 370С t-ға қояды. Қоректік ортада өсіп шыққан колониялардың күдіктенген ауруға қатыстығын бағалайды. Пробиркадағы колониядан заттық шыныға жұғынды жасап, Грам əдісімен бояп, микроскоппен қарайды.

Бактериологиялық зерттеулерді ғылыми тәжірибелерде пайдалануҒылыми эксперименттің жоғарғы ғылыми деңгейде зертханалық құрал жабдықтарды заманауи әдістермен қолдану арқылы жүргізілу керек. Бұл диссертациядағы графиктер, диаграммалармен  толық ғылыми нәтиже негізінде жасалу керек. Ғылыми тәжірибеде диссертация негізгі сондықтан ғылыми тәжірибеге мән беру керек. Ғылыми диссертация алған нәтиже арқылы анықталады. Бактериологиялық зерттеулердің мақсаты патологиялық материалдан ауру қоздырғышын бөліп алу, таза өсінді алу, биосынақ қою қоздырғыштың микроскоптан ізін анықтау болып табылады.  1.Зардапты материалды микроскопиялау арқылы аурудың қоздырушысын анықтайды. 2.Зардапты материалдан өсiн алу үшiн оны қарапайым және арнайы қоректiк орталарға себедi. 3.Биологиялық сынама қою. 4.Қорытынды. Жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiнде бактериологиялық балау расталынып, күдiктенген аурулардан ажыратылады. Қажет болған жағдайда ауру қоздырушысының типi идентификацияланады..Бактериологиялық зерттеу нәтижесi патологиялық материалдың дұрыс, ерте алынуына байланысты

...

Скачать:   txt (113.2 Kb)   pdf (332.5 Kb)   docx (41.5 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club