Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

2018 жылдың қаңтар-қараша айларында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар жөнінде анықтама

Автор:   •  Апрель 22, 2019  •  Реферат  •  3,714 Слов (15 Страниц)  •  806 Просмотры

Страница 1 из 15

2018 жылдың қаңтар-қараша айларында Қызылорда облысының

ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар жөнінде

анықтама

        

Макроэкономикалық көрсеткіштер

Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында 91,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 1,3%-ға артты.

Тамақ өнімдерін өңдіру көлемі қаңтар-қазан айларында 35,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға артты.

Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 5 262,3 млн. теңгені құрап,өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға артты. 

Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға есепті кезеңде
753,9 млн. теңге инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 3,5 есеге артты. 

Облыс бойынша 2018 жылдың 1 желтоқсанына 31,8 мың тонна ет (тірілей салмақта), 78,0 мың тонна сүт, 7,6 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда ет өндіру 2,8%-ға, сүт өндіру 1,9%-ға, жұмыртқа өндіру 24,4%-ға өсті.

Есепті кезеңде облыс бойынша 309,2 мың бас мүйізді ірі қара, 627,3 мың бас қой мен ешкі, 121,5 мың бас жылқы, 46,5 мың бас түйе, 121,9 мың бас құс өсірілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 7,0%-ға, жылқы 4,1%-ға, түйенің саны 5,6%-ға, құстың саны 13,7%-ға көбейіп, қой мен ешкі 6,7%-ға кеміп кеткен.

Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға үстіміздегі жылы 10,7 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 15,1% артты.

Статистика мәліметтерге сәйкес азық – түлік тауарларының индексі 2018 жылдың қараша айында өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 103,3 % құрады (республика бойынша  – 103,8%).

Өсімдік шаруашылығы саласы бойынша

Үстіміздегі жылы облыс бойынша 184,5 мың гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары орналасты. Оның ішінде дәндi дақылдар 95,3 мың га, майлы  дақылдар 10,3 мың га, мал азықтық дақылдар 61,5 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,4 мың га. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 87,3 мың га.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау

Қазіргі таңда облыста ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары толығымен аяқталды.

Егілген күздік бидайдан 7483 тонна, жаздық бидайдан 2695 тонна, арпадан 368 тонна, дәндік жүгеріден 3849 тонна, тарыдан 1766 тонна өнім алынды. Орта өнім күздік бидайда 20,6 ц/га (2017 жылы 20,4 ц/га), жаздық бидайда 11,3 ц/га (2017 жылы 14,6 ц/га), арпада 8,3 ц/га (2017 жылы 5,9 ц/га), дәндік жүгеріде 37,4 ц/га (2017 жылы 26,8 ц/га), тарыда 28,2 ц/га (2017 жылы 25,2 ц/га) алынды.

Негізгі дақыл күріштен барлығы 473 422 тонна өнім жиналып орта өнім 54,5 ц/га (2017 жылы 55,3 ц/га) алынды.

Сондай-ақ, картоптан 75 412 тонна, көкөністен 110 013 тонна, бақшадан 179 281 тонна өнім жиналды. Орта өнім картопта 174,5 ц/га (2017 жылы 161,9 ц/га), көкөністе 202,2 ц/га (2017 жылы 182,6 ц/га), бақшада 235,7 ц/га (2017 жылы 210,5 ц/га) алынды.

Майлы дақылдар бойынша: мақсарыдан 8 317 тонна және күнбағыстан 179 тонна өнім жиналып, орта өнім мақсары 9,6 ц/га (2017 жылы 7,8 ц/га), күнбағыс 13,7  ц/га (2017 жылы 0,2 ц/га) құрады.

Мал азығын дайындау

Құнарлы мал азығын дайындау үшін ескі жоңышқа дақылы 2 рет орылып, барлығы 188 963 тонна, жаңа жоңышқадан 17 914 тонна, түйе жоңышқадан 60 тонна, барлығы 206,9 мың тонна шөп және 7 750 тонна сүрлем дайындалды.

Орта өнім ескі жоңышқадан 50,1 ц/га (2017 жылы 45,1 ц/га), жаңа жоңышқадан 9,4 ц/га (2017 жылы 7,1 ц/га), түйе жоңышқадан 5,0 ц/га, сүрлемдік жүгеріден 98,1 ц/га (2017 жылы 151,0 ц/га) өнім алынды.

Техника және жанар-жағар май

Биылғы жылы ауылшаруашылық құрылымдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 4 906,7 млн. теңгеге 104 дана әр түрлі ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды. Сонымен қатар, шаруашылықтардың өз қаржысы есебінен барлығы 1022,6 млн теңгеге 93 дана әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.

...

Скачать:   txt (48 Kb)   pdf (237.1 Kb)   docx (24.3 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club