Сұйық жөнінде анықтама. Сұйықтардың тұтастығы туралы жорамал. Шынайы жəне идеал сұйықтар
Автор: moldirkosherbay • Декабрь 23, 2021 • Доклад • 822 Слов (4 Страниц) • 367 Просмотры
Сұйық жөнінде анықтама. Сұйықтардың тұтастығы туралы жорамал. Шынайы жəне идеал сұйықтар
Гидравлика пəнi жəне оның дамуының қысқаша тарихы
Гидравлика дегенiмiз сұйықтардың тепе-теңдігінің жəне механикалық қозғалыстарының заңдарын зерттейтiн жəне əртүрлi практикалық есептерде осы заңдардың қолдану əдiстерiн қарастыратың ғылым. Гидравлика атауы гректiң “хюдор”-су жəне “аулас” – құбыр деген сөздерiнен шыққан.
Гидравлика саласында пайда болған бiрiншi еңбек деп Архимедтiң (287-212 б. д. д. ж.) “Жүзiп жүргең денелер” саналғанымен, гидравликаның кейбiр заңдары ертерек белгiлi болған болуы керек, себебi Архимедке дейiн де əртүрлi суландыру каналдары мен су құбырлары салынған.
Ежелгi Египетте, Индияда, Қытайда, сол заманның көзiмен қарағанда алып саналатың каналдар су қоймалары тұрғызылған. Мысалы, Индияда кейбiр су қоймаларының тереңдiгi 15 м. жеттi, Қытайда бұдан 2500 жыл бұрын ұзындығы шамамен 1800 км. Болатын Ұлы каналы салынды, ол елдегi ең үлкен сағалары аумағын жалғастырып тұрды. Бұдан 2300 жыл бұрын Римде ең бiрiншi су құбыры салынды.
Бiздiң елiмiздiң аумағында да суды жинау жəне тасымалдау үшiн көптеген каналдар мен құрылыстар тұрғызылды. Орта Азия мен Кавказда жер өңдеу үшiн су суару пайданылды.
Амудария өзенінiң төменгi саласында бұдан 2000 жылдай бұрын салынған каналдар осы уақытқа дейiн жұмыс iстеп тұр.
Гидравликаның мықты теориялық негiздегi ғылым ретiнде құрылуы Петербург ғылым Академиясының академигі М.В.Ломоносов (1707-1783) атқарған жұмыстарынан соң мүмкiн болды.
М.В. Ломоносов 1760 жылы “Сұйықтың қаттылығы жəне сұйықтығы жөнiндегi ойлар” атты диссертациясында өзi ашқан заттың жəне энергияның сақталуы заңдарын тұжырымдады.
Д. Бернелли 1738 жылы оның атымен аталатын өзi қорытқан өте маңызды теңдеулердi жариялады. Бұл теңдеулер гидравлика саласындағы теориялық құрылымдар мен практикалық есептеулердiң негiзi болып табылады.
Л. Эйлер 1755 жылы сұйықтың тепе теңдiгi жəне қозғалысының дифференцияларының теңдеулер жүйесiн шығарды.
Аталған теориялық жұмыстар гидравликаның жедел қарқындап дамуының бастамасы болды. Бұл салада төмендегi аталатын ғалымдардың еңбектерi өте зор: Д. Полени (1685-1761) сұйықтың тесiктер жəне су жiбергiштер ағуы саласында жұмыс iстейдi; А. Шези (1718-1798) сұйықтың бiрқалыпты қозғалысын зерттедi; П.Добуа (1734-1809) өзендегi су iшiнде бөлшектерiнiң қозғалысын арнадағы су қозғалысына кедергiнi қарастырды; Д. Вентуры (1746-1822) сұйықтың тесiктен жəне кедергiлер арқылы ағыуын зерттедi. Ю.Бейсбах (1806-1871) сұйықтың қозғалысына кедергi саласындағы жұмыстарымен əйгiлi болды; А. Базен (1829-1897) бiрқалыпты қозғалысты жəне су жiбергiште сұйықтың ағуын зерттедi; О. Райнольдс (1842-1912); ламинарлық жəне турбенттiң қозғалыстың режимдерiн зерттеуге үлкен үлес қосты.
Гидротехниканың сұранысына байланысты əртүрлi мақсатта жүргiзiлген терең зерттеулер нəтижесiнде гидравлика теориясы саласында көптеген жаңа, тың жұмыстарды əкелiп жəне есептеу практикасына енгiзгендер қатарында Н. Н. Павловский, И. И. Агроскин, А. И. Богомолов, М. А. Великанов, Е. А. Замарин, И. И. Леви, К. А. Михайлов, Ф. И. Пиканов, М. Д. Чертоусов, Р. Р. Чугаев, А. А. Угинчус көптеген бұрынғы Совет одағының белгiлi ғалымдары болды.
Гидравликаның құбылыстарды зерттеуге жəне есептеуге гидравликада аналитикалық жəне эксперементалдық əдiстер пайданылады. Аналитикалық əдiсте сұйықтың теңдеулерiн пайдаланып, қозғалып тұрған сұйықтың кинетикалық жəне динамикалық сипаттамалары арасындағы байланыстады анықтайтын сұйықтың қозғалысы мен тепе-теңдiгiнiң теңдеуiн алады. Сүйықтың құрылысының күрделi болуына байланысты аналитикалық зертеулер механикалық теңдеулердiң қолдануы жеңiлдететiн модельдiк сұйықтар үшiн жүргiзедi. Мысалы, табиғаттағы бар сұйықтардан айырмашылығы оның аққан кезде тұтқырлығы болмайтын тұтқырсыз сұйықтың моделi қолданылады.
...