Қабылдау бөлімшесі мейіргерінің міндеттері
Автор: Rufina Baudinova • Апрель 7, 2024 • Лекция • 2,927 Слов (12 Страниц) • 134 Просмотры
1 симуляциялық сабақ: Қабылдау бөлімшесі мейіргерінің міндеттері.
Қабылдау бөлімі – науқастарды тіркеу, қабылдау, біріншілік тексеру, антропометрисы, стационарға түскен науқастарды санитарлық-гигиеналық өндеу және оларға білікті (шұғл) медициналық көмек көрсетуге арналған маңызды емдеу-профилактикалық бөлім .
Қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастырудағы негізгі талаптар:
1) жоспарлы және шұғыл түрде түскен пациенттерді тәулік бойы қабылдау және тіркеу;
2) аурудың сипаты, ауырлығы және профиліне байланысты шұғыл науқастарға медициналық сорттау жүргізу;
3) шұғыл және жедел медициналық көмекті дер кезінде көрсетуді, қажетті мөлшерде диагностикалық, лабораториялық, құралдық зерттеу, емдеу шараларды жүргізу;
4) алдын ала тексерудің нәтижесі бойынша диагнозды қоғанша диагностикалық палаталардағы пациенттерді бақылау;
5) денсаулық сақтау саласындағы тіркеу-есеп беру құжаттарын жүргізу;
6) стационар мен біріншілік медициналық – санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың қызметіндегі преемственности қамтамасыз ету;
7) басқа бөлімшелермен тұрақты негізінде қарым-қатынас жасау.
Бөлімшеге түскен сырқаттардың құжаттарын реттеу
Науқастарды дәрігермен қарағаннан кейін және госпитализация туралы мәселені шешкеннен кейін барлық медициналық құжаттамалар қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі рәсімдейді.
Мейірбике науқастың дене температурасың өлшейді және «Науқастарды есепке қабылдау журналына» жазады. Бұл журналына мейірбике науқастың аты-жөнін, туған жылын, тұратын мекен жайын, жіберген дәрігердің аты-жөнін, мекеменің диагнозын, қабылдау бөлімшесінің диагнозын, науқасты қай бөлімшеге жатқызатынын толтырады.
- N 001/есептегі үлгі;
- N 003/ есептегі үлгі;
- N 066/ есептегі үлгі;
- N 058/ есептегі үлгі;
- N 060/ есептегі үлгі.
Мейірбике пациентті қабылдау есебі журналына(№001/есептегі үлгі) пациенттің аты-жөнін,туған жылын,күнін,қайдан және кіммен әкелінгенін, дене қызуын, жіберген емдеу сауықтыру мекемесінің диагнозын, қай бөлімге жіберілетіні жазылады.Сонымен қатар, ауруханалық пациенттің медициналық картасының мұқаба бетін яғни төлқұжат бөлімін(№003/есептегі үлгі), ауруханадан шыққан пациенттердің санақ картасының (№066/есептегі үлгі) сол жақ жартысын, педикулез немесе басқа да жұқпалы ауру анықталғанда СЭС-ке шұғыл хабарлама(058/есептегі үлгі) толтырады.
Қабылданған сырқаттардың құжаттарын реттеу дегеніміз ауру тарихының паспорттық бөлімін толтыру, оған фамилиясы, аты-жөні, мекені, жасы, мамандығы, ауруханаға түскен уақыты жазылады. Егер сырқат ауыр күйде немесе ессіз жағдайда түссе, бұл мағлұматтарды оны әкелген адамнан алады. Қабылдау бөлімшесіне ауыр күйде түскен сырқатты дереу арнайы бөлімшесіне жібереді, онда мамандырылған жәрдем көрсетіледі. Алайда сырқаттың көбі оған медициналық құжат толтыруға, алғашқы дәрігерлік алдын ала тексеру мен санитарлық жуып шаюға жағдайы көтеретін күйде түседі. Түскен сырқаттар құжаттары мен құнды заттары өртенбейтін шкафта, қабылдау бөлімінің аға мейірбикесінің жауапкершілігінде болады. Ауру тарихының паспорттық бөлімін толтырғаннан кейін биттерді және жұқпалы ауруларды болдырмау үшін мейірбике сырқаттың денесін тексеріп қарайды. Егер сырқаттың денсаулығы жараса, мейірбике оның салмағын тексеріп, тек содан кейін ғана сырқатты алдын ала тексеру кабинетіне дәрігерге апарады, ол болжау диагнозын қойып, санитарлық жуып шаю мен тасымалдаудың қай түріне жататынын айтады.
Антропометрия- науқас денесін және жеке мүшелерін өлшеу арқылы адамның жетілуін анықтау. Мейірбике сырқаттың бойы мен көкірек көлемін өлшейді. Стационар бөлімшелеріндегі, емханалардағы санаторийлердегі, демалыс үйлеріндегі мейірбикелер қарапайым антропометриялық зерттеулер жүргізеді.
Қабылдау бөлімшедегі мейірбикенің лауазымды міндеттері:
-жұмыс орнын дайындау, процедуралық кабинетіне арналған барлық қажетті заттарын аға-бикеден алады;
-науқастың бағытымен танысу және кезекші дәрігердің кабинетіне апару;
...