Кеніштік геологиялық қызметтің негізгі міндеттері
Автор: Mazhatay1514 • Март 2, 2018 • Реферат • 1,422 Слов (6 Страниц) • 1,259 Просмотры
Жоспар
I.КІРІСПЕ
- Жалпы кеніштік геология туралы түсініктеме
- Кеніштік геология түрлері
- Кеніштік геология қызметі
- Кеніштік геологиялық қызметтің негізгі міндеттері.
- Жер қойнауын пайдаланушының геологиялық қызметінің мекеме жұмыстарымен байланысы
- Кен өндіру кәсіпорнындағы геологиялық қызметтің қамтамасыз ететін жұмыс түрлері
II. ҚОРЫТЫНДЫ
III. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Геология – жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі, ол Жердің құрылысын, құрамын, жаралу тегін және дамуын, сол сияқты жер қыртысының, оны құрайтын минералдардың , тау жыныстарының, рудалардың, өзге де пайдалы қазбалардың қалыптасу, процестеріндегі заңдылықтарды,Жердегі тіршілік атаулының пайда болу даму тарихын зерттейді. Геология,сөзсіз, ғылымының бірегей де жеке түрі. Алайда оның дамуы барысында сол геология шаңырағынан жеке отау тіккен ғылыми пәндер көптеп саналады, олардың кейбіреулері бүгінгі таңда жеке ғылым салалары ретінде дараланады. Сөз болып отырған жекелеген ғылым салалары мен тарауларының мақсат- мүдделері әр түрлі, олардың зерттеу әдістері де әдетте өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді, себебі олар планетаның жаралу , даму және бүгінгі қалпына келу жағдайларын тек өз тұрғысынан ғана саралауға тырысады. Солай бола тұрса да, олар бір- бірімен тығыз байланысты және, сайып келгенде, тек бір арнаға ғана келіп тоғысады, ол арна –геологияның басты мүддесі, яғни Жердің құрам және құрылыс ерекшеліктерін анықтау, сол сияқты оның даму заңдылықтарын ашып көрсету. Геологиялық ғылымның әдістемелік және геологиялық – экономикалық мәселелерімен айналысатын салалар қатарына геологиялық түсірім, іздеу-барлау істері, кеніш геологиясы және шахта геологиясы жатады. Осылардың арасында нақтылы кенді игеру шаралары мен тікелей айналысатын кеніш жұмыстарын геологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету және сол кеннің болашақ мүмкіндіктерін анықтау міндеттерімен шұғылданатын кеніштік геологияны қарастыратын боламыз.
Кенорындарды геологиялық зерделеу, зерттеу, іздеу-бағалау, барлау жұмыстары өте ұзақ уақытты талап ететін тоқталмайтын процесс болып табылады. Бұл жұмыстар кенорнын табудан басталады да, оны толық қазып алып болғаннан кейін рекультивация (қалпына келтіру) жұмыстарын орындаумен аяқталады. Геологиялық барлау жұмыстарының мәліметтері мемлекеттік сараптамадан өткен соң техникалық жобалау жұмыстары жүргізіліп, оны бекіткеннен кейін тау-кен игеру мекемесінің құрылысы басталады. Игеру жұмыстары басталғаннан кейін, әсіресе геологиялық құрылысы күрделі кенорындарда олардың кейбір қасиеттерін: морфологиясын, қорларын, қорлардың табиғи және өнеркәсіптік түрлерін, пайда қазбаның сапасын анықтау мәселелері пайда болады. Осы мәліметтер пайдалы қазбаларды қазып алу жоспарын үшін де керек болады. Осы айтылған жұмсытарды игерімдік барлау сатысында орындауға болады. Бұл жұмыстар кенорнының барлық аумағын қамтымайды да, оның 2-3 жыл бұрын игеру жоспарына кіретін бөлшектерінде ғана жүргізіледі. Игерімдік барлау жұмыстарын кенорнының барлық аумағында жүргізу тиімді емес, себебі оған кеткен еңбек шығындары мен қаржылар жапсызданады да, ал оның қорытындысы тек 10-15-20 жылдан кейін керек болады. Сондықтан да игерімдік барлау жұмыстары кенорынды игерудің басынан аяғына дейін жүреді. Геология ғылымдарының кешені өзге жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты. Ол, әсіресе, ''физика'' және ''химия''ғылымдарының заңдылықтарын және әдіс-тәсілдерін жиі пайдаланады. Бұл байланыстардың нәтижесінде 'геофизика және геохимия ғылымдары қалыптасты. Геология, сол сияқты, астрономиямен (ғарыштық денелердің өзара байланысын және заттық құрамын зерттеу бағытында), физ. географиямен (жер бедері, климат, топырақ мәселелерін зерттеуге байланысты), геодезиямен(Жер-дің мөлшері мен пішін ерекшеліктерін саралау барысында), биологиямен (тіршіліктің пайда болуы және дамуы мәселелерін зерттеуде), тау-кен ісімен (кендерді игеру барысында), металлургиямен (минералды шикізаттарды үнемді және кешенді игеруде) тығыз байланысты.
...