Пәннің құрылымы, мақсаты және міндеттері
Автор: Arman.bakhtiyar • Сентябрь 17, 2018 • Реферат • 2,633 Слов (11 Страниц) • 3,242 Просмотры
Пәннің құрылымы, мақсаты және міндеттері
Еңбек туралы ғылым - эргономиканың негізін 1875 жылы польша ғалымы К. Ястшембовский салған болатын. Ол гректің эргон - жұмыс (еңбек) және номос - заңдылық деген екі сөзінен тұрады. Бұл «Адам - машина - орта» жүйесінде өтетін үдеріс болғандықтан іс-әрекет (қимыл) ұғымына сипаттама берілгені жөн.
Эргономика пәні соңғы жылдары жоғары мәнге ие болып отыр. Оның техниканың дамуындағы, әсіресе, машина мен күрделі басқару жүйелерін құрастыру, өндіру және пайдаланудағы (эксплуатациялаудағы) анықтаушылық рөлі артуда. Бұл ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы мен жаңа технологиялардың пайда болуындағы адамның еңбек әрекетіне күрделі де ауқымды бола түсуімен байланысты. Статистика мәліметтеріне қарағанда, адам-оператордың мейлінше күрделі қызметтерді орындауы азайған сайын жүйенің техникалық бөлігінің сенімділігін арттырудың маңызы артады. Сол себепті «адам-машина» жүйесіндегі техниканың сенімділігі басымдылыққа ие бола түседі.
Адам ағзасының биологиялық өзгерістері икемделіп отыратын еңбек іс - әрекеті шарттарының өзгеруі көптеген жағымсыз құбылыстарға байланысты болады. Өзінің психофизиологиялық мүмкіндіктерінің шегінде және жағымсыз өндірістік ортада жұмыс жасаған кезде адам қателіктер жіберуі мүмкін, бұл жағдайдың зардаптары қазіргі өнеркәсіпте ұлғая түсуде. Көптеген жағдайларда оператордың іс-әрекетіндегі қателіктер олардың біліктілігінің төмендігінен емес, техниканың құрылымдық ерекшеліктерінің адам мүмкіндіктеріне сәйкес келмеуінен болып жатады.
Эргономика - адамның еңбек іс-әрекетінің тиімділігін арттыру, ол үшін жайлы да қауіпсіз жағдай тудыру, соның арқасында еңбек өнімділігін арттыру, денсаулық пен еңбек қабілетін сақтау мақсатында «адам -техника- орта» жүйесінде пайда болатын проблемаларды зерттейтін ғылым. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай, эргономиканың пәні - адамның еңбек іс-әрекеті, ал зерттеу нысаны - «адам-техника-орта» жүйесі.
Эргономика үшін оның күрделі ғылымдармен өзара байланысы өте маңызды. Кесте түрінде муны былайша көрсетуге болады (1 -сурет):
[pic 1]
Сурет 1. Эргономиканың өзге ғылымдармен байланысы
Эргономиканың байланысы мен қолданылу саласы екі жақты сипатта болады: ол өзімен байланысты пәндердің ықпалын сезініп қана қоймайды, өзі де оларға теориялық, әдіснамалық және тәжірибелік жағынан ықпал етіп отырады.
Эргономиканың пайда болуы мен дамуына экономиканың қазіргі кезеңдегі жаңа техникалар мен технологиялардың ендірілуі мен эксплуатациялануына байланысты туындаған және тек қана техника мен медицина ғылымдарының құралдарымен шешуге мүмкін болмайтын проблемалар себеп болды. Психологияның, физиологияның, еңбек гигиенасының, еңбекті ұйымдастырудың, дизайнның нұсқауларымен келісу және оларды «адам-техника-орта» жүйесіндегі еңбек мазмұны мен сипатына қойылатын талаптардың ортақ жүйесіне біріктіру керек болды.
Басты проблема - көбінесе есептік көрсеткіштен, күтілетін дейгейден төмен болатын жүйе тиімділігінің жеткіліксіздігі болып табылады. Бұл көптеген себептерге байланысты: құрал-жабдықтардың параметрлерінің адамның уақыт пен ақпарат жетімсіздігі жағдайында еңбек ету мүмкіндігімен сәйкес келмеуі, сыртқы факторлардың үлкен ықпалы, т.б.
Екінші проблема - өндірістегі, көліктегі және тұрмыстағы техникалық жүйелерге байланысты адамдардың жарақат алу жағдайларының артуы. Жарақат алу себептеріне талдау жасау оның көбінесе техника құрылысындағы, ақпараттың бейнеленуі және машиналар мен механизмдерді басқару органдарындағы кемшіліктерге байланысты адамдардың жіберетін қате іс-әрекеттерінен болатынын көрсетіп отыр.
Үшінші проблема - мамандардың тұрақтанбауынан туындайды.
Төртінші проблема - «индустриальдық күйзеліс» әсерінен болатын жүйке-психикалық аурулардың көбеюіне байланысты. Мұндай аурулардың басым бөлігі қазіргі өнеркәсіптің қарқыны мен ұйымдастырылу ерекшеліктеріне байланысты.
«Адам-техника-орта» жүйесіндегі жобалауда, ендіруде және эксплуатациялауда осы жүйеде жұмыс істейтін адамның нақты мүмкіндіктерін ескерудің қажеттілігі анықталып отыр.
Эргономиканың бірінші міндеті - жүйенің қабілеттілігі сол жағдайдағы алға қойылған мақсатқа белгілі бір сапамен жететіндей етіп «адам -техника- орта» жүйесінің тиімділігін жетілдіру.
...