Шиеленістерді жою әдіс-тәсілдері
Автор: oraquee2003 • Декабрь 3, 2022 • Реферат • 390 Слов (2 Страниц) • 149 Просмотры
Орындаған: Шаншарханова Мөлдір
Тобы : 110А
Шиеленістерді жою әдіс-тәсілдері
Шиеленіс кімнің өмірінде болмасын кездесері сөзсіз. Ол медицина саласында да көптеп кездеседі.Мысалы: науқас пен дәрігер арасында, медбике мен дәрігер арасында,басшылық пен дәрігер арасында және тағы да басқа. Әр шиеленісте дәрігердің ең бір басты мақсаты — бұл келесі адамның қарсылығының мақсатын білу. Көбінесе шиеленіс себептеріне адамның билік білдіруі, өзін-өзі көрсеткісі келуі жатады. Қақтығыс үстінде оның себептері айтылмайды және олар сезілмеуі де мүмкін. Бірақ, келешекте бұндай шиеленістің алдын алу үшін, дәрігер оның себептерін білуі керек.
Бірінші қадам
Ең алдымен, шиеленісті күйден өзіңді арылту, сосын қалған қатысушыны сол күйден шығуға жәрдемдесу, жағдайды ақылға салып талқылау. Әрине, оны жүзеге асыру оңайға соқпайды, ол үшін шыдамдылық танытып, кей жағдайда қарсылас пікірімен келісіп, артқа шегінуге тура келеді.
Артқа шегіну кезінде әлсіз болып көрінуден қорықпау. Біз өзімізді қандай жағдайға дейін кейін шегіне алатынымызды білуіміз қажет. Егер шегіну қажет болса, еш өпкесіз, жеңіл жасаған жөн, себебі сол мезеттен бастап сіз өзіңіздің қарым-қатынас жасау тәртібіңізді орнықтырасыз. Уақытша шегіну – бұл қарым-қатынас жасаудың бір тәсілі. Ал біз ең бастысы – шиеленістің құрбаны емес, оны басқаратын тұлға ретінде таныламыз.
Екінші қадам
Ақыл-ойды іске қосқаннан кейін, «тұлғаның жеке шекарасына» өтпей, бірден пікірталасты сынға ұшыраған нысанға бұрамыз. Біз адаммен емес, оның көзқарасымен пікірталастырудамыз. Адамның өзі сіз үшін жағымды, онымен ара-қатынасыңыз жақсы және бірге жұмыс жасаймыз. Біз қарсыластың – тұлғалық қасиетіне сынға алмаймыз. Қарапайым жұмысшы бола тұра, саясаттан хабарың болушы ма еді? – секілді сөздер қозғалмау қажет. Адамның тұлғалық беделі, «мағынасыз түсініктемесін» емес, шиеленіс нысанының анықтамасын нақты дәлелге сүйене отырып талқылаймыз. Пікірталас тек нысан төңірегінде өрбуі тиіс.
...