Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

АИВ және АИВ-ассоцирленген аурулар: диагностикалау мәселелері және алдын алу және фармакотерапиялық негізгі принциптері

Автор:   •  Февраль 3, 2021  •  Доклад  •  277 Слов (2 Страниц)  •  587 Просмотры

Страница 1 из 2

№15. АИВ және АИВ-ассоцирленген аурулар: диагностикалау мәселелері және алдын алу және фармакотерапиялық негізгі принциптері.

АИВ немесе ЖИТС- адамның иммунтапшылық вирус инфекциясы немесе, өзгеше жүре пайда болған иммунтапшылық синдромы. АИВ вирусы, яғни адамның иммунтапшылық вирусы бірнеше ауыр сырқаттарға алып келуі мүмкін. Соның ішінде ең көп кездесетіні және де ауыр түрлерінің бірі ЖИТС. ЖИТС АИВ инфекциясының адам ағзасына тигізген әсерінен пайда болатын ауру болып табылады. Бұл аурудың белгілері бірнеше апта бойы байқалмай, науқас мазасын алмауы мүмкін. Ал белгілері пайда болған күннің өзінде, оның алғашқы симптомдары тұмау ауруының белгілеріне өте ұқсас келеді. Әдеткі жағдайда, инфекцияның симптомсыз кезеңі ұзақ уақытқа созылады. Бірақ, егер де инфекция үдеп кететін болса, ол ең алғаш иммунитеттің әлсіреуімен анықталады. Инфекцияның асқынған кезде пада болған симптомдарын жүре пайда болған иммунтапшылық синдромы (ЖИТС) деп атаймыз.

Инфекция таралуы. Инфекция қорғансыз жыныстық қатынасқа түскен кезде, жұқтырылған қан құю кезінде, тері астына инъекция енгізу кезінде, сонымен қатар кішкентай балаларға анасынан емізу, босану кезінде жұғуы мүмкін. АИВ ретровирустар тұқымдасына жатады. Инфекцияны алдын алу шараларын айтар болсақ,  қорғаулы жыныстық қатынас, ер балалрды сүндеттеу, жұқтырғандарды емдеу және де профилактикалық шараларды ұйымдастыру және де оларды сақтау.

Фармакотерапиясы. Инфекцияны толығымен жоятын ем жоқ болғанымен, антиретровирусты терапияны қабылдау арқылы ауру ағымын баяулатып, өмір сүрудің ұзақтығына алып келуі мүмкін. Ауру жұқтырған адам емделмейтін болса, шамамен 11 жыл өмір сүреді.

...

Скачать:   txt (3.9 Kb)   pdf (54.6 Kb)   docx (7.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club