Қоршаған ортаны ластау деңгейі және алдын алу шаралары
Автор: Zhaidar02 • Февраль 6, 2021 • Реферат • 726 Слов (3 Страниц) • 534 Просмотры
Орындағандар:Айқын Айгерім
Нұрбек Жәйдар
Ерсінқызы Рана
Нұрғазина Сания
6B02301-Филология,201-топ
Әлеуметтік жауапкершілік
Зерттеу тақырыбы: “Қоршаған ортаны ластау деңгейі және алдын алу шаралары ”
Зерттеу өзектілігі: 2018 жылы Қазақстан Республикасында 4,3 млн. тонна* тұрмыстық қатты қалдықтар пайда болды, олардың ішінде 2,8 млн. тоннасы жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлер жинаған коммуналдық қалдықтар.Негізгі үлес үй шаруашылықтарының қалдықтарына келеді (74,1%), 12,5% өндіріс қалдықтары (тұрмыстық қалдықтарға теңестірілген), 9,7% - көшеден жиналған қоқыс, 2,1% - базар қалдақтары құрады. Келіп түскен қалдықтардың жалпы көлемінен 69% оларды әрі қарай сақтауға беру үшін түскен, 18% - сортталған және әрі қарай қайта өңдеуге бағытталған, 13% - кәдеге жаратылған. 2018 жылы Қазақстанның бір тұрғынына 2017 жылғы 270 қарсы орта есеппен 236 килограмм пайда болған коммуналдық қалдықтар келеді.Азия даму банкінің зерттеуінше, қазақстандықтар күніне 13 мың тонна, жылына 5 млн тонна қоқыс шығады. 1 адамның үлесіне жылына 300-450 келі қоқыстан келеді. Ал қатты қалдықтардың тек 57%-ы ғана сортталады. Сарапшылардың айтуынша, тұтыну көрсеткіші көбейген сайын қоқыс көлемі де арта түспек. Бүгінде Қазақстандағы қоқысты қайта өңдеу нарығының көлемі 40 млрд теңгеге бағаланып отыр.
* Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің деректері бойынша
Зерттеу обьектісі: 5жас шамасындағы баладан кейбір жасы үлкен қарттарға дейін.
Зерттеу пәні:Әлеуметтік жауапкершілік деңгейі .
Зерттеу мақсаты: Әлеуметтік жауапкершіліктің төмендеуі кесірінен адам қоршаған ортаға көңіл бөлуін азайтты.Соның салдарынан қоршаған орта ластанып,көше бойына қоқыс толуда(ауылдық жерлерде). Қазіргі кезде саябақта, не табиғат аясында серуендеп жүріп, жерде жатқан қоқыс қалдығын кездестіріп қалу ғажап дүние емес. Иә, адам аяғы басқан жерге өзінің осындай ізін қалдырып кетпесе болмайтындай. Тасталған қоқыстың ішінде түрлі тұрмыстық заттар бар. Әрине, жұрт оларды көтеріп, қоқыс жәшігіне жеткізуге ерінеді, жиіркенеді. Дегенмен солай істесе, қоршаған ортаға зор пайдасын тигізетінін көпшілік біле бермейді. Бірі ол мәселе жайында бас қатырмайды, енді бірі өзгелерге сілтейді, үшіншілері бұл заттар сол жерде жатып шіріп кетеді деп ойлайды. Үшіншілердің ойы дұрыс. Алайда, олардың шіруіне неше күн, тіпті, неше жыл, ғасыр керек? Қоршаған ортаны ластаушылардан сақтау басты мақсат. Зерттеу мақсаты: Тұрмыстық қатты қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды тасымалдап, залалсыздандыру жайы, оларды өңдеп, кәдеге асырудың жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері: - Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар туралы мәліметтерді жинақтау және оларға талдау жасау;
- Тұрмыстық қалдық заттарды өңдеудің әлемдік әдістерімен танысу және оларға талдау жасап, экологиялық тиімдісін анықтау;
- Ауданымыздың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау;
Зерттеу болжамы: -“Тәрбие – бесіктен” демекші, әрбір ата – ана отбасында балаға өзін қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеуі керек.
- Өзіміз тұрған жерімізде көбірек өсімдікті баптап, жасыл желекті көбейтсек
-Табиғатты қастерлеу мақсатымен “Жер – Ана күнін” атап өту іс – шараларын ұйымдастыру керек.
...