Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аурудың алдын алу және күресу шаралары

Автор:   •  Май 2, 2018  •  Реферат  •  6,204 Слов (25 Страниц)  •  1,385 Просмотры

Страница 1 из 25

Жоспар

Кіріспе

I. Әдебиетке шолу

1.1 Ауру тарихы.................................................................................4-11

1.2 Аурудың алдын алу және күресу шаралары...........................12-13

II. Негізгі бөлім

2.1 Аурудың жалпы сипаттамасы.......................................................14

2.2 Аурудың этиологиясы....................................................................15

2.3 Ауру патогенезі және клиникалық белгілері..........................16-17

2.4 Ауруды анықтау әдістері..........................................................18-21

2.5 Паталого-анатомиялық өзгерістері...............................................22 2.6 Жарып сою хаттамасы .............................................................23-25

III. Қорытынды...................................................................................26

IV. Қолданылған әдебиеттер............................................................27

 V. Қосымшалар

Кіріспе

Жақын арада дамыған 50 елдің қатарына қосылу және Бүкіл дүниежүзілік Сауда ұйымына кіру үшін, біздің алдымыздағы негізгі мақсат халықты толықтай сапалы азық-түлікпен, оның ішінде сапалы мал шаруашылығы өнімдері ет және ет-сүт өнімдерімен қамтамасыз ету. Бұл мақсатты орындауда малдар мен құстарды жұқпалы аурулардан (олардың ішінде ірі қара туберкулезі бар) сақтау, оның ішінде кеселден таза шаруа қожалықтарын бүкіл Республикамызда қадағалау өзекті мәселенің бірі.

Туберкулез кеселі қаншама жоқ дегенмен, кейбір шаруашалық қожалықтарында ірі қараның туберкулинге әсерленуі кездеседі. Статистикалық мәлімет бойынша 2005 ж 82 шаруа қожалығындағы ірі қараның 0,07% әсерленсе, 2007 ж 67 елді мекенде небәрі 390 бас әсерленеді.Алайда жекелер малдарын нұсқаудағы қосымша көздерге және күре тамырға мегіп сынамалауға көбіне қарсы.

Статистикалық мәлімет бойынша 01.01.2008 ж республикамызда туберкулез ошағы тіркелмеген. Сонда да туберкулезден таза шаруа қожалықтарында ірі қараның туберкулинге әсерленуі тиылмай тұр. Оларды сойып қарағанда көбінесе туберкулезге тән өзгерістер жоқ дегенмен, кейбір елді мекендерде ондай малдардан туберкулез ошағы кездесіп жатады.

Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты-туберкулез ауруын анықтау, яғни өлекселерді жарып-сою арқылы ауруды зерттеу, алдын-алу шараларын анықтау болып табылады. Яғни осындай ауруларды шаруашылықта болдырмау арқылы мал шаруашылығының өнеркәсіптік негізін көшіру, сөйтіп мал басын шоғырландыру, мол өнім алып халықты жеткілікті мөлшерде азық-түлікпен қамтамасыз ету. Оны орындау үшін шаруашылықтағы күшті материалдық-техникалық базаны шоғырландыры, әрі еңбекті ұйымдастырудың озық әдістерін пайдалану қажет.

Әдебиетке шолу

1.1 Ауру тарихы

Жер бетінде адамның пайда болуынан едәуір бұрынғы дәуірге жататын археологиялық қазбаларда жануарлар сүйегінде туберкулезге тән өзгерістер табылған. Өте ерте заманда бұл ауру Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі еді. Ертедегі Грекия мен Римде туберкулез туралы жазба деректерді Гипократ (б.э.д. 4 ғ), Гален т.б. қалдырды. Дәрігерлер сол кезде-ақ бұл ауру жұқпалы екендігін білген, әсіресе Орта Азиялық дәрігер Әбу Әлі Ибн Сина (11ғ) аурудың жұғу жолдарына дейін тәптіштеп жазып қалдырды.

Ғылыми тұрғыдан туберкулез кезінде әр түрлі ағзаларда болатын өзгерістер және аурудың жұқпалылығын эксперимент арқылы дәлелдеу 17-19 ғасырларда кеңінен зерттелді. Бұл зерттеулердің ең биік нәтижесі 1882 ж. неміс ғалымы Р. Кохтың аурудың қоздырушы микробын ашуы болып табылды. Сонымен бірге, Р. Кох 1890 ж. туберкулинді ашты. Басында оны ғалым емдік, кейіннен басқадай пікірге келіп, диагностикалық дәрмек ретінде ұсынды. Ғылымның тағы бір үлкен жетістігі-1921 ж. Францияда Кальмет БЦЖ деп аталатын туберкулезге қарсы вакцинаны алуы еді. Бұл үшін ғалымдар 13 жыл бойы ауру қоздырушысының сиырға тән түрін ет қосылған глицеринді картопта 230 мәрте ауыстырып сепкен еді. Вакцина адамды туберкулезге қарсы иммундеу үшін қолданылады.  

...

Скачать:   txt (97.3 Kb)   pdf (313.2 Kb)   docx (55.3 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club