Туберкулездің санитарлық профилактикасы
Автор: AidaM • Октябрь 3, 2022 • Реферат • 705 Слов (3 Страниц) • 499 Просмотры
Туберкулездің санитарлық профилактикасы
(Әдебиетке шолу)
Д.П. Дуйсембай
Қарағанды медицина университеті
Туберкулездің профилактикасы денсаулықты сақтау және нығайту, белсенді ұзақ өмір сүруді сақтау, жоғары еңбекке қабілеттілік пен салауатты ұрпақ тәрбиелеу мәселелерін шешудің индикаторы болып табылады. 2019 жылы дүние жүзінде шамамен 10 миллион адам туберкулезбен ауырды, оның ішінде 5,6 миллионы ер адамдар, 3,2 миллионы әйелдер және 1,2 миллионы балалар. Дүние жүзінде туберкулезбен сырқаттанушылық жылына шамамен 2%-ға төмендеген, 2015-2019 жылдар аралығында сырқаттанушылық төмендеуінің жиынтығы 9%-ды құрады. Бұл 2015-2020 жылдарға арналған «Туберкулезге қарсы күресті аяқтау» стратегиясындағы 20% мақсаттың жартысынан аз. Туберкулезға қарсы күресте санитарлық-профилактикалық іс-шаралардың маңызы үлкен[1,2].
МСАК деңгейінде туберкулезбен ауыратын науқасты анықтау мен емдеу бойынша кешенді шараларға сапалы қақырық микроскопиясы мен флюорографияға негізделген туберкулезді уақытылы анықтау және амбулаторлық емдеу кезеңінде тікелей бақыланатын туберкулез химиятерапиясын жүргізу кіреді. Профилатикалық жұмыстарға сапалы өткізілетін арнайы (иммунопрофилактикалық вакцинация және ревакцинация, химиопрофилактика) және арнайы емес (санитарлық профилактика, санитарлық ағарту және сәлеуметтік профилактика) шаралары жатады. Жоғарыда көрсетілген профилактика түрлерінің әр қайсысының рөлі маңызды болғанымен, оларды туберкулезбен күресте бір мезгілде жүзеге асырған кезде ғана тиімді болып табылады[2].
Туберкулездің «арнайы профилактикасы» ұғымына туберкулезге қарсы екпе жүргізу, яғни БЦЖ вакцинасымен белсенді иммунизациялау кіреді. Туберкулезге қарсы вакцинация әлемдегі көптеген елдерде туберкулездің
белсене арнайы алдын алу тәсілі ретінде қолданылады. Адамдарға БЦЖ вакицнациясын жасаудың 70 жылдан аса әлемдік тәжірибесі туберкулездің арнайы алдын алудың жетістігі:
• екпелік дәрінің сапасына
• дәріні мөлшерлеудің дәлдігіне
• екпе жасау сапасына байланысты екенін көрсетеді.
Химиялық профилактика (ХП) жергілікті туберкулездің алдын алу мақсатында жүргізіледі және қауіпті топтағы дені сау тұлғаларға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі АИТВ инфекциясын жұқтырған балалар мен кешенді тексеруден кейін жергілікті туберкулез анықталмаған ересектерге тағайындалады. ХП балаларға арналған шипажай түріндегі мекмелерде немесе ұйымдасқан ұжымдарда медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен іске асырылады. Туберкулиндік реакция болған жағдайда ХП курсының ұзақтығы 6 айды құрайды. • Бактерия шығатын туберкулез инфекциясының ошағынан 1 жасқа дейінгі барлық дені сау балаларға ХП екпеден кейінгі 2 ай аралықты сақтай отырып, БЦЖ вакцинациясынан кейін жасалады. • Сондай-ақ, химиопрофилактика базалық горманалдық ем (тәулігіне ≥15мг мөлшерде преднизолон), цитостатистика (α туморонекротикалық фактор антагонистері) немесе органдарды ауыстыруға байланысты иммуносупрессивтік дәрілерді қабылдайтын туберкулез микробактериясын жұқтырған 18 жасқа дейінгі балаларға жүргізіледі.[3,4,5].
Туберкулезбен ауыратын науқасты тікелей бақылаумен дер кезінде диагностикалау және емдеу қоғамда инфекция орнын төмендету тәсілі болып табылады. Санитарлық профилактиканың тікелей мақсаты сау адамдарды ТМБ-ны жұқтырудан сақтандыру және олардың тұрмыста, жұмыста туберкулез инфекциясы тасымалдаушы адамдармен байланысуы қауіпті болғанда жағдай жасау болып табылады.Санитарлық-ағарту жұмысы (САЖ) бойынша ақпараттық материалдарды тарату орны медициналық және жалпы білім беретін мекемелер, халық жаппай жиналатын орындар (бекеттер, базарлар, жолаушылар көлігі, дүкендер) болуы мүмкін. САЖ сау тұрғындар арасында да, сондай-ақ белгілі мақсатты топтар арасында да жүргізіледі. Нысаналы аудиторияны таңдау түрлі халық тобының әркелкі ақпаратқа мұқтаждығына байланысты. Сонымен, халық келесі мәселелер жөнінде хабардар болуы қажет:
...