Балалар шақтағы аурулардың профилактикасы
Автор: Ақмарал Алпысбай • Декабрь 3, 2020 • Курсовая работа • 6,706 Слов (27 Страниц) • 918 Просмотры
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі
Мамандығы: 0302000 «Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 0302054 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»
«Мейіргерлік істегі жоспарлау және тексеру жүргізудің қағидаттары»
пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА
Тақырыбы: .Балалар шақтағы аурулардың профилактикасы
Орындады:Елеу М
Қабылдаған: Назарқұлова Т.Қ.
Түркістан-2020ж
МАЗМҰНЫ |
Кіріспе.
І.Балалар шақтағы аурулардың профилактикасы....................................................................................................4
1.2 Балалық шақтың кезеңдері және олардың сипаттамасы..................................................................................................................4
1.3 ЕМДІК-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕР...........................................................................5
1.4 ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ АУРУ БАЛАЛАР БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
.........................................7
Негізгі бөлім.
ІІ. БАЛАЛЫҚ ШАҚТАҒЫ МҮШЕЛЕР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ................................10
2.1 . БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕСІНІҢ ДАМУЫ..............................................................................................................10
2.2 ҰРЫҚТЫҚ ДАМУ.............................................................13
2.3ТУЫЛҒАННАН КЕЙІНГІ ДЕНЕ ДАМУЫ............................................................................. 14
2.4ДЕНЕ САЛМАҒЫНЫҢ ДАМУЫ.............................................................................................14
2.5Дене бітімінің баланың жасына сәйкес өзгеруі......................................................................16
ІІІ. БАЛАНЫ ТЕКСЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...............................17
3.1НАУҚАСТЫҢ АУРУ ТАРИХЫ..................................17
3.2 Балаларды жалпы қарау......................................................................................................18
3.3МҮШЕЛЕР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ....................................................................................19
Қорытынды..........................................................................................................21
Қосымшалар..........................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................23
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
БШАИЖ – балалық шақ ауруларын интеграциялап жүргізу (ИВБДВ)
БКЖ – белоктік калориялық жетіспеушілік
БТК – белоктік тамақтану көрсеткіш
і БЭ - билирубиндік энцефалопатия
ВКД - вегето-қантамырлық дистония
ВУР - везикулоуртрелаьды рефлюкс ГК -глюкокортикоидтар
КІРІСПЕ
І. Балалар шақтағы аурулардың профилактикасы
1.2 Балалық шақтың кезеңдері және олардың сипаттамасы
Бала организміне негізгі бір заңдылықпен ұдайы жүріп отыратын, өсу және даму құбылысы тән болып келеді. Бала туылғаннан кейін жасына байланысты тиісті кезеңдерден өтеді. Қазіргі кезде көптеген ғалымдар (А. В. Мазурин, И. М. Воронцов, 2000) балалардың даму дәуірін үш кезеңге бөлген жөн деп есептейді: дайындық кезеңі, құрсақішілік (ұрықтық) және құрсақтан тыс (постнатальды, туылғаннан кейінгі) немесе өзіндік балалық шақ кезеңдері. Дайындық кезеңі деген ұғым – ең алыс аталық және аналық жасушалар қосылмастан көп бұрынғы мезгіл мен болашақ баланың тұқымында (ата-анасына дейінгі) ген жиынтығының қалыптасу мерзімімен қатар жүктіліктің алдындағы жақын кезеңді (предконцепциальдық кезең) қамтиды. Дайындық кезеңін бөліп көрсету, әрине, көп жағдайда жасанды сықылды болып көрінеді. Дегенмен, бұндай көзқарастың тәжрибелік және ұйымдастыру жұмыстар деңгейінен қарағанда, маңызы үлкен екені белгілі. Бұл кезеңнің адамзаттың өмір бойына созылуы мүмкін. Жас шаңырақ сәбилі болуға шешім қабылдағанда жыныстық тәрбие, гигиена, тамақтану, салауаттық өмір сияқты күнделікті өмірге қасиетті мәселелердің маңызды екені белгілі болады. Сонымен қатар, тікелей ұрықтандыруға дайындық кезеңде, яғни 2–4 ай бұрын, бұл мәселелердің маңызы арыта түседі. Бұл кезеңнің ұзақтығы болашақ ата-ананың денсаулық деңгейіне байланысты. Медициналық дайындықтың негізгі міндеті созылмалы инфекциялық ошақтарын, әсіресе зәр жолдары мен жыныс жүйесінің, сауықтыру, ата мен ананың тамақ рационын қалыптастырып, қоректік жағдайына көңіл аудару, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізіп, медициналық және психологиялық талдау жасау. Бұл кезде болашақ ата-анаға ішімдіктің, нашақорлықтың, никотиннің және басқа жағымсыз заттардың ең аз бөлшектерінің өзінің болашақ сәбидің ұрықтану кезеңінде тигізетін залалының айтарлықтай екенін түсіндіру керек. Күнделікті жұмыста қолдану үшін, барлық балалық шақ төмендегідей болып бөлінетін, Н. П. Гундобин ұсынған жоба ыңғайлы болып келеді.
...