Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Туберкулезді

Автор:   •  Апрель 7, 2020  •  Реферат  •  2,289 Слов (10 Страниц)  •  523 Просмотры

Страница 1 из 10

Жоспар:

  1. Теріішілік 2ТБ Манту сынамасымен, туберкулезді рекомбинантты аллергенмен (АТР) туберкулин диагностикасы
  2. Поствакцинальді және инфекциялық аллергияның ажырату диагностикасы
  3. Біріншілік туберкулездің патогенезі
  4. Патоморфологиялық сипаттамасы
  5. Біріншілік туберкулез ағымының ерекшеліктері
  6. Біріншілік туберкулездік кешен
  7. Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі
  8. Науқастарды тексеру, диагноз қою
  9. Ажырату диагностикасы
  10. Асқынулары
  11. Болжамы мен нәтижелері
  12. Емдеу әдістері

1. Теріішілік 2ТБ Манту сынамасымен, туберкулезді рекомбинантты аллергенмен (АТР) туберкулин диагностикасы

Манту сынамасы - теріішілік, туберкулез бацилласының сығындысы туберкулин енгізуге негізделген, туберкулез ауруын аныктауда қолданылатын аллергиялық сынама. Жүргізу мақсаты :

  • Туберкулезді ерте, дер кезінде анықтау үшін және туберкулезбен ауру қауіпі жоғары балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулезді ерте табу үшін;
  • БЦЖ-мен ревакцинация жасауға жататын адамдар тобын іріктеу үшін;
  • Тұрғындар арасында ТМБ жұққанын анықтау үшін;

Манту сынамасын орындау техникасы: Манту сынамасын жүргізуге 1 грамдық туберкулин шприцтері қолданылады.

  •  Тексерілетін әрбір адам үшін бір мәртелік шприц немесе стерилденген жеке шприц, жеке ине пайдаланылады.
  • Туберкулин ампуласын 70% - дық спиртке малынған дәкемен сүртеді, ампуланың мойнын арнаулы егеумен егеп, қиып сындырады.
  •  Шприцке 0,1 мл (2 ТБ) ертіндіні қалдырып, артығын шприцтен шығарады. Өйткені ағзаға жіберілетін препараттың мөлшері 0,1 мл (2 ТБ) болу керек.
  • Білектің ішкі жағының білезік тұсынан сәл жоғары орта тұсының 1/3 бөлігінің терісін 70%-тік этил спиртімен сүртіп, мақтамен құрғатады.
  •  Иненің кесілген жағын жоғары қаратып терінің бет қабатына инені қуалай ендіріп 0,1 мл туберкулин ертіндісін, яғни бір дозасын жібереді. Сынаманы дұрыс жасағанда, теріде ақшылдау түсті, диаметрі 7-8 мм папула пайда болады.  

Манту сынамасын бағалау:

Манту сынамасына реакцияны 72 сағаттан кейін анықтайды. Инфильтратты (папуланы) мөлдір сызғышпен білектің өсіне (ұзындығын) көлденең бағытта өлшейді.Организмнің сынамаға реакциясын мынадай межелер арқылы бағалайды:

  1. Теріс- инфильтрат және қызару жоқ болғанда;[pic 1]
  2. Күмәнді - инфильтраттың көлемі 2-4 мм немесе тек кез келген көлемдегі қызару (гиперемия)
  3. Оң- инфильтраттың диаметрі ең кем дегенде 5 мм-ден бастап, одан ары қарай;
  4. Айқын- инфильтраттың диаметрі балалар мен жасөспірімдерде 17 мм және одан да жоғары және ересектерде 21мм және одан да жоғары,  сондай-ақ инфильтраттың көлеміне қарамастан везикула мен лимфангиттің, аймақтық лимфадениттің пайда болуы  

Туберкулезді рекомбинантті аллергенді сынамасы. Диаскинтест - бұл туберкулез аллергодиагностикасына арналған жаңа препарат: туберкулезді инфекция анықтау кезінде сапаны жоғарлату мақсатында жасалған. Стандартты сұйылтудағы туберкулезді рекомбинантты аллерген консерванты (фенол) бар, стерильді изотоникалық фосфатты буфер ерітіндісінде сұйытылған, Escherichia coli BL21(DE3)/pCFP-ESAT генетикалық модифицияланған өсірінділер өндіретін рекомбинантты ақуызды білдіреді. Құрамында туберкулез микобактерияларының вирулентті штамдарында болатын және БЦЖ вакциналық штамында болмайтын екі антиген бар.

Препараттың бір дозасының (0,1 мл) құрамында: белсенді зат – CFP10-ESAT6 рекомбинантты ақуызы 0,2 мкг (есептік шамасы)
қосымша заттар: динатрий гидрофосфат дигидраты, натрий хлориді, калий дигидрофосфаты, полисорбат - 80, фенол, инъекцияға арналған су.

Диаскинтесттің артықшылықтары:

  • Жоғары спецификалылығы – сау және БЦЖ вакцинасы салынған адамдарда туберкулинге қарағанда оң реакциялар тудырмайды.
  • Жоғары сезімталдығы – активті туберкулезбен ауыратын барлық науқастар және туберкулезге жоғары қаупі бар науқастарда препаратқа оң реакция туады.
  • Процесстің  белсенділігін бағалауға, емдеудің тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді.
  • Туберкулезден жазылған адамдарда теріс реакция береді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар:

- туберкулезге күдігі бар жағдайды қоспағанда жедел және созылмалы инф.аурулар

- өршу кезеңінде соматикалық аурулар

- тері аурулар

- аллергиялық жағдайлар

 - эпилепсия[pic 2]

Сынама нәтижесін дәрігер немесе оқытылған медбике оны жүргізгенен сәттен 72 сағаттан кейін миллиметрлік мөлдір сызғышпен гиперемия мен инфильтраттың көлденең аумағын өлшеу арқылы бағалайды

...

Скачать:   txt (35.3 Kb)   pdf (768.9 Kb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club