Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жануарлар өлексе соттық сараптау Соттық-ветеринарлық сойып-зерттеудің ерекшеліктері. Соттық ветеринарлық-санитарлық сараптау

Автор:   •  Февраль 8, 2021  •  Практическая работа  •  914 Слов (4 Страниц)  •  1,140 Просмотры

Страница 1 из 4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МИНИСТІРЛІГІ

КеАҚ ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

АГРАРЛЫҚ -ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1]

Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты

Практикалық сабақ №1

Тақырыбы:Жануарлар өлексе соттық сараптау Соттық-ветеринарлық сойып-зерттеудің ерекшеліктері. Соттық ветеринарлық-санитарлық сараптау

Орындаған:ВМ-41топ

студенті Нағашыбай Нұрсұлтан

Тексерген:о. Монтаева Н.С

Орал 2020

Жануарлар өлексесін соттық сараптау, оның мақсаты жəне міндеттері. 

Өлексені соттық ветеринариялық сойып зерттеудің ерекшеліктері жəне оны құжаттау. Жануарды тану белгілерін анықтау. Өлекселік өзгерістер, олардың маңызы.

 Өлім себептерін жіктеу зорлықсыз өлім –  

а) кенеттен өлім: миға қан құйылу, жүрек инфаркті, қан тамырлары мен ішкі ағзаларының жыртылуы, жүректің кенеттен тоқтауы, транспорт ауруы жəне т.б. ;

б) жануарлардың уланып өлуі, улану белгілері жəне себептері;

в) жазатайым өлімді сараптау;

г) гипотермиялық (үсу) жəне гипертермиялық (күн өту, ыстықтау, өрт, т.б.);

д) табиғи (найзағай) немесе өнеркəсіп электр тоғының əсерінен;

е) малды азықтандыру, жұмысқа пайдалану, күту ережелерінңі бұзылуынан. Ашығудан, оның түрлері жəне белгілері;

ж) инфекциялық жəне инвазиялық аурулардан болған өнімді сараптау.

Зорлық өлім:  

а) доғал, кесетін жəне шаншитын қарулар əсерінен оқ тигеннен, құлағаннан жəне опырылып құлағаннан болған өлім себептері. Асфиксия, оның түрлеріжəне белгілері.

б) денеге уландыратын затты əдейі енгізгеннен, улы жəне бұзылған азық бергеннен болатын өлім. Малдың агония кезінде өлтірілгенін анықтау.  

Патологиялық, морфологиялық, химиялық, бактериологиялық жəне басқа лабораториялық зерттеулер жүргізу үшін материал алу, оны бекіту жəне лабораторияға жөнелту.

Соттық ветеринариялық-санитариялық сараптау пәні – соттық, арбитраждық және сақтандыру тәжірибесінде пайда болатын ветеринариялық санитарияның арнайы сұрақтарын ашатын зерттеулерді анықтайтын тәсілдер мен әдістер, тәжірибелер мен теориялар жиынтығы.

Соттық ветеринариялық сараптауда сұрақтар әр түрлі жағдайларда туындайды, мысалы жануарларды лажсыз сою кезінде және ауру малдардан, жабайы аңдардан, құстардан алынатын тағамдық өнімдер арқылы адамдар арасында аурудың таралуы кезінде. Сонымен қатар соттық ветеринариялық-санитариялық сараптау сату және сатып алу жағдайларында, тасымалдау кезінде және басқа да жағдайларда туындайды.

Ресейде ХVI-XVII ортасында соттық ветеринария дами бастады. Басқа да елдер сияқты адамдар мен малдардың ауруларымен күресу үшін және ірі қара малдара мен жылқылардың өлуін алдын алу үшін тиісті бұйрықтар шыға бастады. Және осыған сәйкес жауап берушілер анықтала бастады. Жануарлар арасындағы аурудың шығуына және адамдар арасында таралуын болдырмайтын санитариялық ережелер Алексей патшаның кезінде басталды. Осы кезең соттық ветеринарияның дамуының алғашқы кезеңі болып табылады. Бірақта соттық ветеринариялық сараптаудың реформа түрінде дамуы Петр I кезінде жүрді (1864), бұл соттық ветеринарияның дамуының екінші кезеңі болды. 1715 жылы Петр I соттың жұмысын толық түсінетін кадрларды дайындайтын мектептер салынсын деп бұйрық берді.

Дұрыс ұйымдастырылған және жүргізілген соттық ветеринариялық – санитариялық бақылау санитариялық - гигиеналық сапасы жоғары экологиялық таза өнімдерді шығарумен ғана шектелмейді, халықты адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғауға мүмкіндік береді.

Соттық-ветеринарлық сарапшының міндеттері мен құқықтары. Соттықветеринарлық сарапшы алдына қойылған сұрақтарға қатысты іс материалдарымен танысуға құқылы. Ол істің барлық жағдайларымен танысуы, сондай-ақ сараптама мақсатына қатысты дәл нұсқаулар алуы тиіс. Сарапшы тараптарға іске қатысты сұрақтар қоя алады, сондай-ақ оған жазбаша немесе ауызша қойылатын сұрақтардың дәлдікпен құрылуын талап етуге құқылы. Егер, сарапшының пікірінше, материалдар қорытынды жасауға жеткіліксіз болса, қосымша материалдар қажеттігі жөнінде талап қоюға немесе сараптаманы белгіленген органға қорытынды жасау мүмкін еместігі жөнінде хабарлауға құқылы.

...

Скачать:   txt (14.6 Kb)   pdf (95.6 Kb)   docx (22.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club