Туберкулезді бронхоадениттің рентгенологиялық белгілерінің дифференциальды диагностикасы
Автор: osspanovan • Апрель 5, 2019 • Реферат • 794 Слов (4 Страниц) • 1,066 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина
университеті
Мамандығы: Жалпы медицина
Курс: 5
Тақырыбы: Туберкулезді бронхоадениттің рентгенологиялық белгілерінің дифференциальды диагностикасы (ұсақ, инфильтративті және туморозды түрі)
Орындаған:
Тобы:
Тексерген:
Ақтөбе 2019ж.
Ұсақ түрі | Бронхоадениттің ұсақ формасында лимфа түйіндерінің жеңіл гиперплазиясымен сипатталады, айқын бронхоаденит кезінде инфильтративті-қабынулы немесе казеозды өзгерісер тән болып келеді. Ұсақ формасы жасырын түрде өтуі мүмкін. Туберкулездің ұсақ формасының рентгенологиялық өзгерістеріне лимфа түйіндеріндегі өзгерістер мен өкпе түбірінің деформациясы тән. Ал белсенді емес туберкулезді бронхоаденит кезінде кеудеішілік лимфа түйіндерінің ұсақ кальцинаттарымен, өкпе түбірінің фибротизациясы мен деформациясы тән болып табылады. |
Инфильтративті түрі | Инфильтративті бронхоаденит. Рентгенограммада зақымдалаған жақта өкпе түбірінің көлеңкесі кеңейген, сыртқы контуры бұлыңғыр, құрылысы анық емес, интенсивтілігі жоғарылаған. |
Туморозды түрі | Ісік тәрізді (туморозды) бронхоаденит. Өкпе түбірінің көлеңкесі инфильтративті формадағы секілді, бірақ сыртқы контуры анық, тегіс. Паратрахеалды және трахеобронхиалды лимфа түйіндері зақымдалған кезде өкпенің жоғарғы көлеңкесінің кеңейгенін көруімізге болады. Бірақ контуры өзгермейді, яғни анық, тегіс күйінде қалады. |
Туберкулездік бронхоаденит – туберкулездің балаларда ең жиі кездесетін түрі, өкпе түбіріндегі лимфа түйіндерінің қабынуымен сипатталады. Ауру жоғары температура, жалпы жағдайдың өзгеруі және интоксикация белгілерінен басталады. Рентгендік тексерісте үлкейген өкпе- бронх лимфа түйіндеріне көре аламыз.
...