Созылмалы панкреатит өршу сатысы
Автор: kuralaisatybaldy • Апрель 24, 2023 • История болезни • 2,018 Слов (9 Страниц) • 368 Просмотры
«Астана медицина университеті» КеАҚ
«Гастроэнтерология,эндокринология және пульмонология курсымен
Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасы
Ауру тарихы
Науқас:
Клиникалық диагноз:Созылмалы панкреатит өршу сатысы
Асқынуы: жоқ
Ілеспелі ауруы: жоқ
Оқытушы:
Орындаған:
Топ:
Нұр-Сұлтан- 2022 жыл
I.Төлқұжаттық бөлімі:
1.Науқастың аты жөні:
2.Науқастың жасы:
3.Жынысы: ер
4.Мекен-жайы:Нұр-Сұлтан қаласы
5.Жұмысы: криминальды полиция бөлімінің басшысы
6.Клиникаға түскен күні және уақыты: 01.09.22ж; 11:11
II.Науқастың шағымдары
Науқас эпигастрий тұсының өткір, белді буындырғандай қатты ауырсынуына, жүректің айнуына, жеңілдік әкелмейтін тоқтаусыз құсуға шағымданады. Ауырсыну сезімі сол қабырғалықта, белді буындырғандай ұстама түрінде болған. Температурасы 37,8С-қа дейін көтерілген.Тәбеті нашарлаған Көптеп құсу салдарынан әлсіздік пайда болған.
III.Шынайы аурудың тарихы(Anamnesis morbi)
Науқас өзін 2016 жылдан бері ауырамын деп санайды. Науқастың айтуы бойынша 2016 жылы алкагольді көптеп ішкеннен кейін, науқастың сол қабырға асты, қатты шаншып ауырып ауруханда емделген.Ол кездеде науқаста жүрек айну,құсу, дене қызуының жоғарылауы байқалған.Емделіп шыққаннан кейін өзін жақсы сезініп, одан кейін ауырсыну сезіміне шағымданбаған.Бірақ осы жылдар аралығында майлы, қуырылған тағамдарды көп жегеннен кейін, алкагольді көп ішкеннен кейінгі сол жақ қабырға астының ауырғанын сезген.Қатты ауырып мазаламағандықтан дәрігерге қаралмаған.
Науқас ауруханаға түспестен 1 күн бұрын кешкісін қуырылған майлы картопты көп мөлшерде жеген.Кейін сол қабырға астының ауырсынуын сезген.Кекіру, майлы тағамнан жиіркену сезімі пайда болған. Түнімен жүрегі айнып, өзін нашар сезінген.Таңертең басылатын шығар деп ойлап жұмысқа барған.Таңертеңгілік асқа тәбеті болмаған.Жұмысқа барған соң жағдайы одан әрі нашарлап жеңілдік әкелмейтін тоқтаусыз құсу,іштің өткір ауырсынуы мазалаған және әлсіздік пайда болған. Содан соң жедел жәрдем шақырып, бірден ауруханаға жатқызылған.
IV.Өмір анамнезі
Науқас жынысы мен жасына сай дамыған.23.02.1981 жылы Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген.Анасының жүктілігі өз мерзімі деңгейінде қалыпты және асқынусыз өткен.Мектепке дейінгі және мектеп жасында айқын ауыру белгілері анықталмаған.Бойы мен салмағы жасына сай өскен.
Психикалық және физикалық дамуы:қалыпты
Тұрмыстық жағдайы:орташа,қанағаттанарлық
Отбасылық жағдайы: үйленген
Тұқымқуалайтын аурулары:жоқ
Зиянды әдеттері:аптасына 1 рет алкаголь ішу,темекі тарту
Екпелері:жасына сай егілген
Аллергоанамнезі:жоқ
Бұрын ауырған,ауырып жүрген аурулары:жоқ
Хирургиялық оталар:болмаған
V.Науқастың қазіргі жағдайы (Status presens)
Жалпы қарау
- Сана сезімі: анық.
- Жалпы жағдайы: қанағаттанарлық.
- Төсектегі қалпы: активті.
- Салмағы:75кг;Бойы:180см ИМТ-23 норма
Дене температурасы: 36.2о С.
- Объективті қарау:
- Дене бітімі: нормостеникалық.
- Көзге көрінетін кілегей қабаттары: түсі- ақшыл қызыл; таза; дымқыл.
- Тері жабыны: ақшыл-сары,құрғақ,тургоры төмендеген
- Шаштары: шаш түсуі жоқ; патологиялық сынғыштық және күңгірттену жоқ.
- Тырнақтары: түсі ақшыл; патологиялық сынғыштық жоқ.
- Тері асты шел майы:бірдей тараған,жергілікті ісінулер байқалады;
- Лимфа түйіндері:шеткері лимфа түйіндері пальпацияланбайды.
Олар: шүйде; құлақ маңы; мойын алды; мойын арты; бұғана үсті; бұғана асты; қолтық асты; шынтақ; шап; тізе шұңқыры; тобық маңы.
- Бұлшық ет: бұлшық ет тонусы мен күші қанағаттанарлық.
- Сүйек жүйесі:деформациясы анықталмайды.
- Буын жүйесі: деформация және дефигурация анықталмайды;
Тыныс алу жүйесі
Кеуде клеткасын қарау:
- Кеуде клеткасының пішіні- нормостеникалық.
- Кеуде клеткасы симметриялы.
- Екі өкпе тыныс алуға бірдей қатысады.
- Тыныс алу типі: кеуделік.
- Тыныс алу жиілігі: 16.
Кеуде клеткасының пальпациясы:
- Ауырсыну сезімі жоқ.
- Серпімділігі сақталған.
- Дауыс дірілі екі өкпесінде бірдей.
Өкпенің салыстырмалы перкуссия:
Салыстырмалы перкуссияда өкпеде ашық перкураторлық дыбыс.
Өкпенің топографиялық перкуссиясы:
Төменгі шекарасы:
Топографиялық сызықтар | Сол өкпе | Оң өкпе |
Төс маңы сызығы l. parasternalis | - | 6 қабырға |
Бұғана орта сызығы l. mediaclavicularis | 4 қабырға | 6 қабырға |
Қолтық алды сызығы l. axillaris anterior | 7 қабырға | 7 қабырға |
Қолтық орта сызығы l. axillaris media | 8 қабырға | 8 қабырға |
Қолтық арты сызығы l. axillaris posterior | 9 қабырға | 9 қабырға |
Жауырын сызығы l. scapularis | 10 қабырға | 10 қабырға |
Омыртқа маңы сызығы l. paravertebralis | 11 кеуде омыртқасының қылқанды өсіндісі | 11 кеуде омыртқасының қылқанды өсіндісі |
...